9-тарау. Өзекті емес өтініштерді анықтау
44. Кезекті басқару жүйесі бақылауды ұйымдастырады және әрбір 12 ай
сайын кезекке тұру өтінішін қойған сәттен бастап өтініш беруші мектепке дейінгі
ұйымға орын алу мүдделігін растауға мүмкіндік береді.
45. Кезекті басқару жүйесі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде белгіленген
мерзім аяқталғанға дейін және кезек әкімшісінің интернет-ресурсында
белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде өтініш
берушіге орын алу мүдделігінің сақталуы туралы белгі қоюға мүмкіндік береді.
46. Кезекті басқару жүйесі белгіленген мерзімде өтініш беруші мүдделігін
растамаса, өтініш кезектен алынады және мұрағатқа орналастырылады.
47. Кезекті басқару жүйесі кімнің өтініші кезекте тұрғаны немесе мектепке
дейінгі ұйымға орын алу мүдделігін растау қажеттілігі туралы тоқтату
парағындағы өтініш берушіге екі рет ескерту-хабарлама жібереді:
1) белгіленген мерзімге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
2) белгіленген мерзім өткеннен соң күнтізбелік 5 (бес) күннен кейін.
Кезекті басқару жүйесі мұндай хабарламаны өз мүдделігін әлі растамаған
өтініш берушіге жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |