Сабаққа алдын ала дайындық: Сабақ басталмас бұрын балалардың әр қайсысының үстеліне әр түрлі тастар салынған қорапшалар қойылады.
Қызыл және сары түсті жолақшаны бір-біріне қарма-қарсы қояды. Барлық балада жолақшалар біркелкі орналасуы керек.
5Кеңістікте бағдарлау:
«Оң жақ және сол жақ» Мақсаты: Балаларды екі түсті сызықшаға берілген заттарды саны бойынша орналастыруға әрі қарай жаттықтыру. Берілген заттарды оң қолмен алып сол жақтан оң жаққа қарай орналастыруға үйрету. Жолақтардың түстерін атай білу, сол жолақшада орналасқан ойыншықтар санын атай білу,педагогтың нұсқауын орындауға үйрету,тек қана өз ойыншықтарын ғана қолдануға,басқа балалардың ойыншықтарын
рұқсатсыз алуға болмайтынын қалыптастыру.