Тәрбиешінің моральдық бейнесі. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің міндеті – Қазақстан Республикасының ең жас азаматтары бойында моральдық сапа қалыптастыру. Ол үшін педагогтың бойында жоғары моральдық сапалар болуы шарт, сондай педагог ғана қоғамдық оқиғалардың әлеуметтік мағынасын балаларға жеткізеді, адамдардың еңбек сүйгіштігін, ерлігін, жолдастық өзара көмегін, басқалардың қайғысына ортақтасуды балаларға күнделікті істерінде көрсете біледі. Балалар өзінің тәрбиешісіне еліктейді, оған сенеді. Педагогтың моральдық бейнесі олар үшін қарым-қатынас үлгісі болып қалады.
Қуанышты етуге тырысатындығы, ұжымның жеткілікті дәрежеде қалыптасқандығын көрсетеді.
Балалар мектепке дейінгі ұйымға келген соң қоғамның мүшесі ретінде ережелерде көрсетілген мінез- құлық нормаларын игереді:
еңбек нәтижесін, өзіңнің және жолдастарыңның қылықтарын әділ бағалай білу.
Жолдастық қарым – қатынас әуелі бірігіп әрекет етуде, қуаныш пен ренжішке ортақтасуда қалыптасады. Педагог балаларды бір- бірімен таныстырып, әр баланың бейімділігін анықтап, бағалауына көмектеседі: біреуі жақсы сурет салады, екіншісі құрылыс тұрғызады, үшіншісі кезекші болады.
Біртіндеп, құрбылар ұжымындағы өмір тәжірибесінің жинақталуы нәтижесінде «мен», «менікі», деген ұғымдармен қатар «біздер», «біздерге», «біздердікі» деген ұғымдар пайда болады да, өзі ұжымның бір бөлігі екенін балалар түсіне бастайды.
Балаларды жолдастық қарым – қатынасқа тәрбиелеуде әдеби шығармалар көп көмектеседі.