Тақырыбы: «Әдептілік сабақтары», Ә. Әлімбаев
Мақсаты: Балаларды адамдардың арасындағы қарым-қатынастың нормаларымен және қоғамдағы жүріс-тұрыстың ережелерімен таныстыруды жалғастыру, сыпайлықтың қарапайым әдеттерін тәрбиелеу.
|
1
|
18
|
Тақырыбы: «Өрескел алғыс» (қазақ халық ертегісі)
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалау қабілетін қалыптастыру, оларға өз қатынасын білдіре білуді үйрету.
|
1
|
|
Барлығы:
|
18
|
Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
перспективалық жоспар үлгісі
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
Қоршаған әлеммен таныстыру
№
|
Мазмұны
|
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің көлемі
|
1
|
Тақырыбы: «Таныс болыңдар, балабақша» (балабақшаға саяхат: топ, асхана, кір жуатын бөлме)
Мақсаты: Балаларды балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру. Балаларға қамқорлық көрсететін ересектердің еңбектерін қадірлеуді тәрбиелеу.
|
1
|
2
|
Тақырыбы: «Менің отбасым» (отбасы туралы фотосуреттерді, суреттерді қарау)
Мақсаты: Балаларды өзінің отбасылары, сүйіктілері, олардың мейірімі мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талаптандыру. Отбасы бұл бірге тұратын, бірін-бірі сүйетін, бір-біріне қамқор болатын адамдар деген түсінікті қалыптастыру, жақындарына қамқорлық көрсету ниеттерін тәрбиелеу, өзінің отбасы үшін мақтаныш сезімін дамыту.
|
1
|
3
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |