Байланысты: «мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д
Негізгі қимылдар: 30см биіктіктен төменге секіру. Музыкалық-ырғақты қимылдар (алдыға қарай қырындап жүру, бір қалыпты отыру). 20 см көтерілген сатының тақтайшалары үстінен аттап жүру. Мақсаты: Орындық бетінен екпінмен итерілуді және секіруде жартылай бүгілген аяқпен ақырын жерге түсуді үйрету. Бір аяғын алдыға қарай шығарып және екінші аяқтың басын ішке қарай бұрмай, оның жанына қойып, содан кейін ақырындап отыру мен қырындап жүруді кезектестіріп жүруді орындай білуді бекіту. Көтерілген сатының көлденең тақтайшаларынан тізесін жоғары көтеріп және денесін тік ұстауды сақтап аттауға жаттықтыру. Ойын: «Асық кімде». Ұсақ заттармен әрекет жасау.