«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет3/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Денсаулық» білім беру саласы

Дене шынықтыру




Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Негізгі қимылдар:

Бір-бірден саптізбекте тұру

Бір орында жоғары қарай секіру. Екі сызықтың арасымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 3 метр)

Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын таба білуге үйрету. Қос аяқпен бірдей еденнен екпінмен итеріле білуін бекіту. Көлемі кішірейтілген тіреуіш бойымен жүруге жаттықтыру.

Ойын: «Өзіңнің сыңарыңды тап» Кеңістікте бағдарлау.

1

2

Негізгі қимылдар:

Бағытты өзгерте отырып, сапта жүру

Бір-бірден саптізбекте тұру. Бір орында жоғары қарай секіру.

Мақсаты: Педагогтің белгісімен сапта жүрудің бағытын өзгертуді үйрету. Бір-бірден сапқа тұру, сапқа тұруда қимыл дербестігін бекіту, кеңістікті бағдарлауды дамыту. Бір орында қос аяқпен секіруге жаттықтыру.

Ойын: «Үй қояндары». Еңбектеу кезінде қол мен аяқтың жұмыс координациясы.

1

3

Негізгі қимылдар:

Аяқтарды бірге, бөлек қойып секіру

Саптізбекте бағыттарын ауыстыра отырып жүру.

Түрлі бағытта төрттағандап еңбектеу.

Мақсаты: Аяқты бірге және бөлек қойып секіруді орындауға үйрету.

Ырғақпен адымдап, педагогтің белгі беруі бойынша сапта жүру бағытын ауыстыра білуді бекіту. Бір-бірімен соғылысып қалмай, түрлі бағытта еңбектеуге жаттығу.

Ойын: «Сыйлықтар». Ойын бейнесіне сәйкес әрекет ету.

1

4

Негізгі қимылдар:

Бір-біріне допты домалату.

Бастапқы қалпынан өкшесіне отыру (арақашықтығы 2 метр).

Аяқты бірге және алшақ қойып секіру. Еркін бағытта заттардың арасында жүру.



Мақсаты: Өкшесіне отырудың бастапқы қалпында бір-біріне доптың қозғалу бағытын сақтап, доп домалатуды үйрету. Тізесін сәл бүгіп, аяқтарын секірген күйде бірге және алшақ қоя білуді бекіту. Зал бойынша түрлі бағытта жүруге жаттығу. Заттарды сол және оң жақтан айналып өте білуін жетілдіру. Өзінің орнын тез таба білуге көңіл бөлуін дамыту.

Ойын: «Орныңды тап».

1

5

Негізгі қимылдар:

Төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 6 м)

2 метр арақашықтықта бастапқы деңгейде өкшесіне отырып, допты бір біріне домалату.

Мақсаты: Қимылының бағытын сақтап, 6 метр арақашықтықта төрт тағандап еңбектеуге үйрену. Бір-біріне допты домалату, арақашықтыққа сәйкес доптың итерілу күшін дамыта білуін бекіту.

Ойын: «Қаскыр мен қояндар»

Еркін бағытта қос аяқпен секіру, кеңістікте бағдарлау.

1



6

Негізгі қимылдар:

Тура салынған жіп бойымен жүру

6 метр арақашықтықта төрт тағандап еңбектеу. Қос аяқпен секіру (аяғы бірге, аяғы алшақ) басынан асырып қол шапалақтау.

Мақсаты: Тура салынған жіп бойымен тепе-теңдікті сақтап жүруді үйрету. Қол мен аяққа сүйеніп төрт тағандап еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуін бекіту. Аяғын бірге, аяғын алшақ қойып ырғақты секіріп, басынан асыра қол шапалақтауды орындауға жаттықтыру.

Ойын: «Лақтыр — тосып ал».

Мақсаты: Допты лақтыру және қағып алу ға, допты дұрыс лақтыру және өзіне қыспай қағып ала білуге жаттығу.

1

7

Негізгі қимылдар:

Саптатізбекте бір-бірден жүгіру.

Тура салынған жіп бойымен жүру. Еркін бағытта допты домалату.

Мақсаты: Қимыл бағытын сақтап, саптізбекте бір бірден жүгіруді үйрету. Жіп бойымен жүруде басын дұрыс қоюды сақтай білуді бекіту.

Еркін бағытта допты домалатуға жаттықтыру.

Ойын: «Секіру» Өлеңнің ырғағына сәйкес әрекет ете білу.

1

8

Негізгі қимылдар:

Қос аяқпен секіру (бір аяғы алда, екіншісі артта)

Саптізбекте бір-бірден жүгіру. 6 метр арақашықтыққа тура бағытта алақаны мен тізесіне сүйеніп төрт тағандап еңбектеу.

Мақсаты: Бір аяғын алдыға, екіншісін артқа қойып секіруді орындауға үйрету. Саптізбектен шықпай қолдың еркін қимылымен жеңіл және ырғақты жүгіре білуді бекіту. Қимылдың бағытын сақтап, төрт тағандап еңбектеуге жаттықтыру.

Ойын: «Қақпа»

Зейіні мен тез қимылдауын, өзіне тез сыңар таба білуді дамыту.

1

9

Негізгі қимылдар:

Қақпаға доп домалату (арақашықтығы 2 м).

Қос аяқпен секіру (бір аяғы алда, екіншісі артта).

Екі сызықтың арасымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 3 м)

Мақсаты: Допты екпінмен итеру және доп қимылының бағытын сақтауды үйрету. Секіруде аяқты қою күйін біртіндеп ауыстыра білуді бекіту. Тіреуіштің кішірейтілген алаңы бойымен жүруде қалыпты тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру.

Ойын: «Туннельдің ішінен еңбектеп өту»

Дербестігін, батылдығын дамыту.


1

10

Негізгі қимылдар:

40 см биіктікте бекітілген арқанның астында еңбектеу

Қақпаға доп домалату (арақашықтықтығы 2,5 м)



Мақсаты: Арқанның астынан оған басын тигізіп алмай төрт тағандап еңбектеу. Допты екпінмен итеруді және доптың қозғалу бағытын сақтауды, көзбен өлшей білуін дамытуды бекіту.

Ойын: «Қуаласпақ»

Тепе-теңдікке жаттығу. Тіреуіштің жоғары алаңында тез орын таба білу.

1

11

Негізгі қимылдар:

Шеңбер түрінде салынған жіп бойымен жүру

40 см биіктікте көтерілген арқанның астынан еңбектеп өтумен бірге 6 метр арақашықтыққа төрт тағандап еңбектеу.

Мақсаты: Шеңбер түрінде салынған арқан бойымен тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету. Арқанның астынан өтуде арқанға тиіп кетпеуін бекіту. Төрт тағандап еңбектеуде қол мен аяқ жұмысының координациясын дамыту.

Ойын: «Көбелектер, бақалар».

Ойын бейнелеріне сәйкес әрекет ете білу.

1

12

Негізгі қимылдар:

Саптізбекте бір-бірден жүру және жүгіру

Шеңбер түрінде салынған жіп бойымен жүру.

(2 метр арақашықтықта) бастапқы деңгейде өкшесіне отырып, допты бір біріне домалату.

Мақсаты: Саптізбекте қатарды сақтап, өзінің әрекетін басқалардың әрекетімен үйлестіре отырып, ырғақпен жүру және жүгіруді үйрету. Жіп бойымен жүруде нық тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту.

Допты бір-біріне домалатуға, көзбен өлшей білуді дамытуға жаттықтыру.

Ойын: «Соқыр теке». Көңіл қоя білу, тез қимылдауды дамыту.

1

13

Негізгі қимылдар:

Оңға, солға бұрылып орнында секіру.

Саптізбекте бір-бірден жүру және жүгіру. 3 доғаның астынан еңбектеу (биіктігі 40 см).

Мақсаты: Екінші жаққа бұрылу үшін жеткілікті түрде жоғары секіруді үйрету. Саптізбекте бірдей жүріс қарқынын сақтап, жүру мен жүгіруді кезектестіре білуді бекіту. 3 доғаның астынан біртіндеп төрт тағандап еңбектеуге жаттықтыру.

Ойын: «Кегльге тигіз». Допты домалату, ептілік, көз мөлшері дағдылары.

1

14

Негізгі қимылдар:

Бір-бірінен 1 м арақашықтықта қатар қойылған 5 заттың арасынан доп домалату.

Оңға, солға бұрылып, өзінің айналасына қарап, орнында секіру.



Мақсаты: Заттардың арасында допты домалату бағытын ауыстыруға үйрету. Өзінің айналасына солға, оңға бұрылуды орындауда бірмезгілде қос аяқпен итеріле білуін бекіту.

Ойын: «Кептерді қуып жет».

Ептілік, қимыл координациясы, белгі бойынша жүгіре білу.


1

15

Негізгі қимылдар:

40 см биіктікке көтерілген таяқ астынан еңбектеумен қоса 8 метр арақашықтықта төрттағандап еңбектеу.

Бір -бірінен 1 м арақашықтықта қатар қойылған 5 заттың арасынан доп домалату.



Мақсаты: Көтерілген заттың оның астынан еңбектеп өтуде биіктігін есепке ала отырып алақан мен тізеге сүйеніп, төрт тағандап еңбектеуге үйретуді жалғастыру. Допты саусақпен жеңіл итеріп және допты заттардың арасынан домалатуда бағытын өзгерте білуін бекіту.

Ойын: «Ұшты, ұшты»

Көңіл қою, ереже бойынша әрекет ете білу.

1

16

Негізгі қимылдар:

Басына құм салынған қап қойып (салмағы 400 грамм), тура салынған жіп бойымен жүру

40 см биіктікке көтерілген таяқ астынан еңбектеумен қоса 8 метр арақашықтықта төрт тағандап еңбектеу. Оңға, солға бұрылып, орнында секіру.

Мақсаты: Басына қап қойып, тепе-теңдікті сақтай отырып, жіптің бойымен жүру (дене бітімі бұзылуының алдын алу). Еңбектеуде, таяқтың астынан өткенде оған тигізбей қол мен аяқтың жұмысын үйлестіре білуді бекіту. Оңға және солға бұрылып екпінмен секіруге жаттығу.

Ойын: «Шарлар мен діңгектер». Көз өлшемін дамыту.

1

17

Негізгі қимылдар:

Музыкалық-ырғақты қимылдар (музыкамен жүру және жүгіру).

Басына құм салынған қап қойып (салмағы 400 грамм), тура салынған жіп бойымен жүру. Өзінің жан-жағына бұрыла орнында секіру.

Мақсаты: Түрлі қимылдарды түрлі қарқында музыкалық сүйемелдеу: ырғақты жүру, жеңіл жүгірумен орындауға үйрету. Басына қап қойып, бастың дұрыс қалпын сақтап, жіп бойымен жүре білуді бекіту. Бұрылу үшін жеткілікті түрде жоғарыға секіре білуді жетілдіру.

Ойын: «Алпауыттар мен ергежейлілер».

Көңіл қою, кең адыммен және аяқтың ұшымен жүре білу.

1

18

Негізгі қимылдар:

Екі параллель сызықтың арасымен жүру

(көлемі 15 см, ұзындығы 3 метр) .

Музыкалық-ырғағақты қимылдар (табанның ішкі және сыртқы жағымен жүру, жүгіру). Допты бір-біріне бастапқы күйде тізесінде тұрып домалату (арақашықтығы 2,5 метр).

Мақсаты: Екі параллель сызықтың арасындағы жолмен қолдарын еркін жағдайда ұстап кеңдеу адыммен адымдауды үйрету. Түрлі қимылдарды түрлі қарқында музыкалық сүйемелдеуге сәйкес ырғақты жүру, қолдарын еркін ұстап алдыға және артқа жеңіл жүгіре білуді бекіту. Бір-біріне допты домалату, көз мөлшерін жаттықтыру.

Ойын: «Секір-бұрыл»

Секіріп бұрыла білу.

1

19

Негізгі қимылдар:

Орнында 20 рет секіру (үзіліспен 2 рет қайталау)

Екі параллель сызықтың арасымен жүру

(көлемі 15 см, ұзындығы 3 метр). 6 метр арақашықтыққа тура бағытта алақан мен табанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу.

Мақсаты: Екі аяқтың ұшымен итеріліп, орташа биіктікке секіруді орындауға үйрету. Сызықтан асып кетпей, адымды еркін қол қимылымен үйлестіре білуді бекіту. Алақан мен табанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу, төзімділікті дамытуға жаттықтыру.

Ойын: «Кетті, кетті орамал»

Реакция, ұсақ қол қимылы жылдамдығын дамыту.



1

20

Негізгі қимылдар:

Допты жоғары қарай лақтыру және оны қос қолымен қағып алу

Орнында 20 рет секіру (үзіліспен 3 рет қайталау). Тура салынған жіп бойымен басының үстіне құм салынған қап қойып (салмағы 400 гр), қолын екі жаққа созып жүру.

Мақсаты: Допты алға-жоғары лақтырып, оны қос қолымен қағып алуға үйрету. Тізені аздап бүгіп орташа биіктікте ырғақпен секіруді орындай білуді бекіту. Басына қап қойып, жіптің бойымен жүруге жаттығу.

Ойын: «Етек, етек»

Саптізбекте тізбекпен қимылдау. Өзінің орнын жылдам табу.

1

21

Негізгі қимылдар:

Жіптің астынан жанымен өту (биіктігі 40 см).

Допты жоғары қарай лақтыру және оны қос қолымен қағып алу.

Мақсаты: Жіптің астынан оң және сол жақ жанымен өтуде дұрыс топталуды және жазылуды үйрету. Допты бастан асыра лақтырмай, алдыға-жоғарыға лақтыру және оны қос қолымен қағып ала білуді бекіту.

Ойын: «Құстар мен мысықтар»

Координациялық қабілеттілігін және жылдамдығын дамыту.

1

22

Негізгі қимылдар:

Еденге салынған тақтай бойымен қолдары белдерінде, аяқтың ұшымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 2 метр).

Жіптің астынан жанымен өту (биіктігі 40 см).

Мақсаты: Шектелген алаңда аяқтың ұшымен денесін дұрыс қалыпта ұстап (майтабаннан алдын ала емдеу) жүруге үйрету. Қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіріп, дәйекті түрде қырындап адымдауды орындай білуді бекіту.

Ойын: «Поезд».

Саптізбекте үйлестірілген қимылдарды орындай білу.

1

23

Негізгі қимылдар:

4 адымдап екпінмен қос аяқпен жоғарыға секіру

Саптізбекте жұптасып жүру және жүгіру. Ирелеңдеп салынған жіп бойымен жүру.

Мақсаты: Қажетті жерде аяқтың итерілу екпінін: тым алыс емес және затқа тым жақындамай орындауды үйрету. Жұптасып ырғақпен және жеңіл жүру мен жүгіре білуді бекіту. Жіп бойымен жүруде тұрақты тепе-теңдікті сақтауға және дене бітімін тік ұстауға жаттықтыру.

Ойын: «Түрлі-түсті автокөліктер». Кеңістікте бағдарлау.

1

24

Негізгі қимылдар:

Допты еденге соғып және қағып алу

4 адымдап қос аяқпен жоғарыға секіру. Саптізбекте бағытты ауыстыра жүру.

Мақсаты: Допты еденге ұрып жоғары лақтыру және оны секіргеннен кейін қос қолмен қағып алу. 4 адымдап қос аяқпен жоғарыға секіруде итерілуді орындауда қол мен аяқтың жұмысын үйлестіру.

Саптізбекте бағытты ауыстыра жүруге жаттықтыру.

Ойын: «Кім шапшаң» Көңіл қою, ұйымдастыру.


1

25

Негізгі қимылдар:

Қатар қойылған заттардың арасынан алақаны және тізесімен еңбектеу (заттардың арасындағы арақашықтығы 1 м, қатардың арақашықтығы 6 м). Допты еденге соғу және қағып алу.

Мақсаты: Заттардың арасынан бағытты өзгерте отырып және заттарға тиіп кетпей еңбектеуге үйрету. Допты секіргеннен кейін екі жағынан бірдей қолдарының қимылдарын еркін және бос ұстап қағып ала білуін бекіту.

Ойын: «Біз көңілді балалармыз»

Өзінің орнын жылдам тауып, шеңбермен жүре білу.

1

26

Негізгі қимылдар:

Қолдарын белдеріне қойып, гимнастикалық орындық бойымен жүру (орындықтың биіктігі 35 см, көлемі 20 см).

Қатар қойылған заттардың арасынан алақаны және тізесімен еңбектеу (заттардың арасындағы арақашықтығы1 м, қатардың арақашықтығы 6 м).

Мақсаты: Нық тепе-теңдікті сақтап, гимнастикалық орындық бойымен тапсырманы орындап жүруге үйрету. Заттардың арасынан алақан және табанмен еңбектеуде заттарға тигізбей қол мен аяқтың жұмысын үйлестіре білуді бекіту.

Ойын: «Балапандар».

Өздерінің әрекеттерін басқа балалардың әрекеттерімен үйлестіру.

1

27

Негізгі қимылдар:

Қатар қойылған заттарды айнала «жыланша» жүгіру

(заттардың арасында арақашықтық 1 м, қатар ұзындығы 6 м).

Қолдары белдерінде гимнастикалық орындық бойымен жүру, қолдарын екі жаққа жайып ортасында отыру. (орындық биіктігі 35 см, көлемі 20 см).

Мақсаты: Адымдау тактісіне қолдың жай қимылын үйлестіре, қысқа адыммен заттардың арасынан «жыланша» жүгіруге үйрету.

Жоғары тіреуіште тапсырма орындағанда нық тепе-теңдік сақтауға және басты дұрыс күйде ұстауға жаттықтыру. Допты алға-жоғары лақтыруға, оны саусақтарымен өзіне қыспай қағып ала білуді жетілдіру.

Ойын: «Бірінші бол».

Саптізбекте бір-бірден жүру, жүргізуші бола білу.

1

28

Негізгі қимылдар:

2 м арақашықтыққа қос аяқпен алға қарай секіру

Қатар қойылған заттарды айнала «жыланша» жүгіру (заттардың арасында арақашықтық 1 м, қатар ұзындығы 6 м), аяқтың ұшымен, қолдарын белдеріне қою. Қатарда тұрып бір-біріне фитбол домалату (арақашықтығы 2,5 м).

Мақсаты: Екі аяғымен бір мезгілде екпінмен итеріліп алдыға қарай қос аяқпен секіру және жартылай бүгілген аяқтың ұшымен жерге түсуді үйрету. Заттарды айнала оларды қағып кетпей жүгіруді бекіту (майтабанды алдын ала емдеу — жалпы табанды мықтылау). Бір-біріне фитболды домалатып жаттығу, көз өлшемін дамыту.

Ойын «Қамбадағы тышқандар». Барлық топтың қимылын үйлестіру.



1

29

Негізгі қимылдар:

Допты бір-біріне лақтыру және оны қос қолмен қағып алу

(тәсіл: бастың үстінен қос қолмен, жұптар арасының

арақашықтығы 1,5 м). 3 м арақашықтықта алдыға қарай қос аяғымен секіру.

Мақсаты: Допты тік төмен еденге лақтыру және оны секіргеннен кейін қос қолмен қағып алуды үйрету. Қос аяқпен бірдей екпінмен итеріліп және алдыға қарай секіруде жартылай бүгілген аяқтың ұшына түсуді бекіту. Демін бөгемей, еркін демала білуін қалыптастыру.

Ойын: «Қасқыр мен лақтар» Ептілік, белгі бойынша әрекет ете білу.

1

30

Негізгі қимылдар:

Гимнастикалық орындық бойымен ішпен, қолмен тартылып еңбектеу (орындық биіктігі 35 см, көлемі 20 см).

Допты бір-біріне лақтыру және оны қос қолымен қағып алу (бастың үстінен қос қолмен, жұптар арасының арақашықтығы 2 м). Екі параллель сызықтардың арасында жүру

(көлемі 15 см, ұзындығы 3 метр).

Мақсаты: Гимнастикалық орындық бойымен ішпен, орындықтың шетінен ұстап, қолмен тартылып еңбектеу. Допты бір-біріне лақтырып, оны екі жағынан бірдей еркін қол қимылдарымен қағып ала білуді бекіту. Қолдары иықта, сызықтан асып кетпей аяқтың ұшымен жүруге жаттықтыру.

Ойын: «Тұлпар». Түрлі қарқында жүгіру.

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет