«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет13/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Таным» білім беру саласы

Құрастыру






Мазмұны


Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған төсек»

(құрылыс материалдарынан)

Мақсаты: Балаларға ойыншықтардың бойымен бірдей құрылыс жасауға үйрету. Ұзын және қысқа пластиналарды ажыратуын, оларды дұрыс атауын, құрылыс сипаттамасына сәйкес қажетті бөлшектерді дербес таңдауын, құрылысты дайын нұсқамен орындауын бекіту.

1

2

Тақырыбы: «Үйректің балапаны тоғанда жүзіп жүр»

(табиғи материалдардан)

Мақсаты: Балаларға табиғи материалдардан қайталаманы жасауға үйрету. Үйрек балапанының пішін бөліктерін беретін (басы, денесі, қанаттары, мойны) қайталаманы жасауда құрғақ жапырақтарды таңдау, негізгі пішінге жапсыра білуін дамыту.

1

3

Тақырыбы: «Гараж» (құрылыс материалдарынан)

Мақсаты: Балаларға ойыншықтың өлшеміне сәйкес құрылысты үлкен және кіші құрылыс материалдарынан жасауға үйрету. «Ұзын, алдында, жанынан, оң және сол жақтарынан» сөздерін қолданып, бір-біріне қатысты құрылыстың негізгі бөліктерін кеңістікте орналастыра білуін дамыту.

1

4

Тақырыбы: «Жалаушалар» (қағаздан)

Мақсаты: Балаларға қағаз парағын бұрыштары мен шеттерін біріктіре отырып, қақ ортасынан бүктеуге үйретуді жалғастыру. Балалардың көз мөлшерін, ұқыптылығын дамыту.

1

5

Тақырыбы: «Екі қабатты үй» (құрылыс материалдарынан)

Мақсаты: Балалардың үй туралы түсінігін кеңейту, жабыны бар үйлерді салуға үйрету, құрылысты мықты етіп жасау, құрылысқа қажетті бөлшектерді таңдай білуін бекіту, нұсқадан құрылыстың арнайы бөліктері қандай материалдан жасалғанын, оны қандай тізбекте орындағанын анықтау.

1

6

Тақырыбы: «Орман аңдары» (табиғи және құнсыз материалдар)

Мақсаты: Табиғи және құнсыз материалдардан құрылыс салуға үйретуді жалғастыру. Негізгі пішінге бөлшектерді жапсыруды, шығарманы қатты қағазда орындауды, шығармашылық көзқарасты, қиялдауды дамыту.

1

7

Тақырыбы: «Қойлар» (қағаздан)

Мақсаты: Қағаз парақтарын өрнектеу және олардан қағаз кесектерін қалыптастыру біліктілігін бекіту; түрлі бейнелер құра отырып, шығарманы жинақтау; негізгі пішінге бөлшектерді (көздері, мүйіздерін) жабыстыра білуін дамыту.

1

8

Тақырыбы: «Көпір» (құрылыс материалынан)

Мақсаты: Көпірді салу, оның бөлімдерін атауы туралы түсінігін бекіту; бөлшектерді айқындап, оларды атап, нұсқаны қарай білуін бекіту; берік құрылыс салуға көмектесу, «ұзын – қысқа» ұғымдарын ажырату және тілде қолдана білуін бекіту.

1

9

Тақырыбы: «Қайық» (лего)

Мақсаты: Жаңа заманның конструкторымен, оның бөлшектерін байланыстыру әдістерімен таныстыру; құрылысты нұсқа бойынша байланыстыруға және онымен ойнауға үйрету.

1

10

Тақырыбы: «Бұтақтағы сары шымшық»

(қағаздан оригами үлгісімен)

Мақсаты: Балаларды жаңа «Оригами» құрастыру техникасымен таныстыру. Шымшықты қағаздан жасауға үйрету, жұмысты басынан аяғына дейін жеткізу құштарлығын тәрбиелеу.

1

11

Тақырыбы: «Ұшақ» (лего)

Мақсаты: Құрылысты өз ойымен салу және онымен ойнай білуін жетілдіру.

1

12

Тақырыбы: «Автобус» (құрылыс материалдарынан)

Мақсаты: Құрылысты нұсқасына қарап, құрылыс қандай материалдардан жасалғанын анықтай отырып, бөлімдерін айқындап саралау және қажетті материалдар санын және олардың орналасу орнын анықтай білуін дамыту.

1

13

Тақырыбы: «Үй» (қағаздан)

Мақсаты: Қағаз парағының шеттері мен бұрыштарын біріктіріп, тік төртбұрыш түрінде қақ ортасынан бүге білуін дамыту. Негізгі пішінге бөлшектерді (төбе, терезелер, есіктер) жабыстыра білуін бекіту; көз мөлшерді және қағазбен жұмыс жасауда ұқыптылықты дамыту.

1

14

Тақырыбы: «Орманда шыршалар өсіп тұр» – ұжымдық жұмыс

(қағаздан)

Мақсаты: Шаршы қағазды қақ ортасынан бүктеу, ортасынан қию сияқты қағаз парақтарын өзгерте білуін бекіту. Жұмыста дербестікті, қағазбен және қайшымен жұмыс жасағанда ұқыптылықты дамыту.

1

15

Тақырыбы: «Біздің қаланың көшелері» – ұжымдық жұмыс

(құрылыс материалдарынан)

Мақсаты: Түрлі құрылымды және түрлі өлшемді үйлерді сала білуін бекіту; балалардың құрылыс материалдары туралы білімін кеңейту; бөлшектерді өлшемі бойынша өлшеуді, кірпіштерді, қайрақтарды, пластиналарды түрлі орындарда орналастыруды үйрету; құрылыс материалдарының атауларын бекіту; құрылысты жеңу тілегі.

1

16

Тақырыбы: «Құстарға арналған ұялар»

(құнсыз материалдар мен қағаздан)

Мақсаты: Балаларға құнсыз материалдан және қағаздан құрылыс салуға үйретуді жалғастыру. Біріктіру, умаждау және негізге бөлшектерді жапсыру сияқты қағаз парақтарын өрнектеуге үйретуді жалғастыру.

1

17

Тақырыбы: «Жүк автомобилі» (сіріңке қорапшаларынан)

Мақсаты: Құнсыз материалдан құрылыс сала білуін бекіту, елестетуін дамыту. Сіріңке қорапшаларын түсті қағаз жолақтарымен жапсыруға, қораптың екі бөліктерін біріктіруге, қайталаманы қосымша бөлшектермен безендіруге, ойынды жеңуге үйрету.

1

18

Тақырыбы: «Балапандар алаңда» (қағаздан)

Мақсаты: Сары түсті дымқыл қағазды шеңбер көлемді пішіндерге умаждау, негізге бөлшектерді (тұмсығы, көздері, қанаттары) жабыстыра білуін дамыту.

1




Барлығы

18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет