«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ


ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған



бет16/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Шығармашылық» білім беру саласы

Сурет салу








Мазмұны


Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекеттің көлемі

1

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Түрлі түсті қарындаштар»

Мақсаты: Балаларды түзу сызықтарды жоғарыдан төмен бағытында жүргізуге үйрету.

1

2

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Түстері әр түрлі кішкене ленталар»

Мақсаты: Түзу сызықтарды гуашьтың әр түрлі түстерімен қылқаламның барлық түктерімен солдан оңға қарай салу дағдыларын жетілдіру.

1

3

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Бұлт күнді жапты»

Мақсаты: Балаларды түрлі түсті қарындаштармен күнді –шеңбермен, сәулелерді - түзу сызықтармен, бұлтты – дөңгеленген пішінмен салуға үйрету.

1

4

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Кішкентай және үлкен сәбіздер»

Мақсаты: Балаларды гуашьтың түрлі түстерімен көлемі әр түрлі, ұшы өткір пішіні сопақ көкөністердің суретін салуға үйрету.

1

5

Заттық суретін салу

Тақырыбы: «Мандариндер мен апельсиндер»

Мақсаты: Балаларды қызғылт сары түсті балауыз борлармен пішінді дөңгеленген жемістердің суретін салуға үйрету.

1

6

Заттық суретін салу

Тақырыбы: «Кірпіге арналған алмалар мен жидектер»

Мақсаты: Пішіні дөңгеленген, әр түрлі – үлкен және кішкентай алмалардың және жидектердің суретін салуға үйрету.

1

7

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Жапырақтардың түсуі»

Мақсаты: Балаларды малу әдісін қолданып қылқаламмен сурет салуға үйрету.

1

8

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Құс»

Мақсаты: Балаларды құстың суретін пішіні дөңгеленген екі бөліктен: басын және денесін салуға үйрету.

1

9

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Бұршақты көйлек»

Мақсаты: Балаларды гуашьпен дәстүрден тыс әдіспен – таяқшаны малып сурет салуға үйрету.


1

10

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Түрлі түсті оралмалдар»

Мақсаты: Пішіні төрт бұрышты түрлі түсті орамалдарды бейнелеуге үйрету.

1

11

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Пирамида»

Мақсаты: Түрлі-түсті қарындаштармен төрт бұрышты пішіндердің суретін салу дағдыларын бекіту.

1

12

Заттық суретін салу

Тақырыбы: «Қуыршақ- құламақ»

Мақсаты: Түрлі--түсті қарындаштармен бірнеше домалақ пішіндерден тұратын ойыншықты бейнелеуге үйрету.

1

13

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Қар жауады жапалақтап»

Мақсаты: Балаларға қарды гуашьпен дәстүрден тыс әдіспен – бармақты малып сурет салуға үйрету.

1

14

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Жолақты өрнекпен әшекейлейміз»

Мақсаты: «Қойдың ізі» қазақ өрнегінің элементін салуға үйрету.

1

15

Заттық суретін салу

Тақырыбы: «Дуал»

Мақсаты: Вертикалды және горизонталды қиылысқан сызықтарды салу дағдыларын дамыту.

1

16

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Шыршаның шамдарын жағамыз»

Мақсаты: Әр түрлі әдістермен: қылқаламмен, таяқшамен, бармақпен сурет салу дағдыларын бекіту.

1

17

Тақырыбы: «Қарлы түйіршіктер»

Мақсаты: Балаларға дәстүрден тыс әдіспен – бармақты малып сурет салу дағдыларын бекіту.

1

18

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Кесені әшекелейміз»

Мақсаты: Балаларға «құстың қанаты» қазақ өрнегінің элементін шеңбердің ортасына салуға үйрету.

1

19

Ойластырып сурет салу

Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар (қоян, құламақ, құс, сылдырмақ)»

Мақсаты: Екі – үш бөліктен тұратын, дөңгеленген және пішіні сопақ заттардың суретін салу, түзу сызықтарды жүргізу дағдыларын бекіту.

1

20

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Жолақ ала кілем»

Мақсаты: Түзу вертикалды және горизонталды қиылысқан сызықтарды салу дағдыларын дамыту.

1

21

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»

Мақсаты: Бірнеше бөліктерден тұратын, пішіні дөңгеленген және сопақ жануарлардың суретін салуға үйрету.

1

22

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Машина»

Мақсаты: Бірнеше геометриялық – дөңгеленген және төртбұрышты пішіндерден тұратын заттың суретін салу дағдыларын дамыту.

1

23


Ойластырып сурет салу

Тақырыбы: «Қоянға арналған сый (орамжапырақ)»

Мақсаты: Балаларды пішіні дөңгеленген затты, жарты шеңберлі сызықтарды жасыл қарындашпен сурет салуға, бояуға үйрету.

1

24

Заттық суретін салу

Тақырыбы: «Арба»

Мақсаты: Домалақ және төртбұрышты пішіндердің суретін салу, бір бағытта бояу дағдыларын бекіту.

1

25

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Сақиналар мен домалақтар»

Мақсаты: Қарындаштармен пішіні дөңгеленген заттардың суретін салу дағдыларын дамыту.

1

26

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Әжеме арналған моншақ»

Мақсаты: Балаларды горизонтальды жүргізілген сызықта гуашьпен бір көлемді шеңберлердің суретін салуға үйрету.

1

27

Ойластырып сурет салу

Тақырыбы: «Қонаққа арналған печенье»

Мақсаты: Қылқаламмен пішіні төртбұрышты және дөңгелек заттардың суретін салу дағдаларын бекіту.

1

28

Сәндік сурет салу

Тақырыбы: «Табаны безендіру»

Мақсаты: «Құстың тұмсығы» қазақ өрнегінің элементтерін салуға үйрету.

1

29

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Үйректің балапаны»

Мақсаты: Пішіні дөңгелек сары түсті екі бөліктен тұратын затты гуашьпен бейнелеу дағдыларын дамыту.

1

30

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты: Гуашьпен түзу және көлбеу қиылысқан сызықтарды салу әдістерін игеру.

1

31

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Шөп ішіндегі бақбақ»

Мақсаты: Жасыл түсті шолақ және биіктігі әр түрлі түзу сызықтарды, сары түсті шеңберлерді бояуларын араластырмай сурет салу дағдыларын бекіту.

1

32

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Күн жарқырайды, шөп өседі»

Мақсаты: Дәстүрден тыс әдіспен – ылғалды фонда күн мен шөптің суретін салу дағдыларын бекіту.

1

33

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Саты»

Мақсаты: Түзу ұзын вертикалды және шолақ горизонталды қиылысқан сызықтарды қылқыламмен және гуашьпен салу дағдыларын дамыту.

1

34

Сюжетті сурет салу

Тақырыбы: «Мерекелік отшашу»

Мақсаты: Мақта таяқшаларымен түзу сызықтарды және шеңберлерді салу дағдыларын дамыту.


1

35

Тақырыбы: «Көбелек» (дақтар салу)

Мақсаты: Балаларды дақ бейнеленген қағазды бүктеу арқылы және көбелектің жетпей тұрған бөлшектерін (бас, мұрт) суретін салып бітіруге үйрету.

1

36

Заттық сурет салу

Тақырыбы: «Тікенекті кірпі»

Мақсаты: Дөңгеленген пішіндерді және олардан әр жаққа бағытталған шолақ түзу сызықтарды салу дағдаларын бекіту.

1

Барлығы:

36



ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Шығармашылық» білім беру саласы

Мүсіндеу






Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекеттің көлемі

1

Тақырыбы: «Түрлі түсті қарындаштар»

Мақсаты: Ермексазды алақанның арасында түзу қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру.

1

2

Тақырыбы: «Ал қызыл бауырсақ»

Мақсаты: Ермексазды алақанның арасында айналма қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру.

1

3

Тақырыбы: «Сәулеге арналған сақина»

Мақсаты: Ермексазды алақанның арасында түзу қимылдармен жазып, «таяқшалардың» арасын қосып оңай заттарды жасауға үйрету.

1

4

Тақырыбы: «Сәбилерге арналған тоқаштар»

Мақсаты: Ермексазды алақанның арасында түзу қимылдармен жазып, «таяқшалардың» арасын қосып оңай заттарды мүсіндеу дағдысын бекіту.

1

5

Тақырыбы: «Дастарқанға қоятын кесе»

Мақсаты: Жалпақтау және ішіне басып енгізу әдісін қолданып, балаларды кесе жасауға тарту.

1

6

Ойластырып мүсіндеу

Тақырыбы: «Көжектер үшін тағам» (сәбіздер, жидектер, алмалар)

Мақсаты: Ермексазды алақанның арасында түзу және айналма қимылдармен жазып, оңай заттарды жасауға үйрету. Ұжымда жеке жұмыстарды біріктіруге үйрету.

1

7

Тақырыбы: «Саңырауқұлақтар»

Мақсаты: Бөліктерін бір-бірімен біріктіріп, оңай заттарды мүсіндеуге үйрету.

1

8

Тақырыбы: «Ұшақтар парады»

Мақсаты: Ермексазды алақанның арасында түзу қимылдармен жазып, «таяқшаларының» арасын қосып, екі бөліктен тұратын оңай заттарды мүсіндеуге үйрету. Ұжымда жеке жұмыстарды біріктіруге үйрету.

1

9

Тақырыбы: «Бауырсақ жол бойымен домалап келеді»

Мақсаты: Балаларды ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуге тарту.

1

10

Тақырыбы: «Қар күрегі»

Мақсаты: Бірнеше бөліктерді қосып, балаларды оңай заттарды мүсіндеуге үйрету.

1

11

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Балаларды екі бөлікті қосып, оңай заттарды мүсіндеуге, оларды бөлшектермен толықтыруға (мұрын, көздер, ауыз, қолдар) үйрету. Ермексазды алақанның арасында айналма қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру.

1

12

Тақырыбы: «Шырша әшекейлері» ойластыру бойынша

Мақсаты: Балаларды пішінді әр түрлі заттарды мүсіндеуге тарту.

1

13

Тақырыбы: «Құс ауласы»

Мақсаты: Балаларды екі бөлікті қосып, оларды біріктіруге, оңай заттарды мүсіндеуге, оларды бөлшектермен толықтыруға (тұмсық, көздер) үйрету. Ұжымда жеке жұмыстарды біріктіруге үйрету.

1

14

Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»

Мақсаты: Балаларды екі бөлікті қосып, оларды біріктіруге, оңай заттарды мүсіндеуге, оларды бөлшектермен толықтыруға (көздер, құлақтар, кішкене табан) үйрету. Ермексазды алақанның арасында айналма қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру.

1

15

Тақырыбы: «Әжем үшін дәмді сый» (печенье, тоқаштар, саңырауқұлақтар)

Мақсаты: Ермексазды алақанның арасында түзу және айналма қимылдармен жазып, ойластырып кесекті жалпақтау, немесе «таяқшалардың» арасын қосып, оңай заттарды мүсіндеуге үйрету.

1

16

Тақырыбы: «Қуыршақтар – құламақтар»

Мақсаты: Кесекті айналма қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру.

1

17

Тақырыбы: «Мысықтың балалары доппен ойнайды»

Мақсаты: Ермексазды алақанның арасында айналма қимылдармен жазып, олардың бөліктерін біріктіріп, оңай заттарды мүсіндеу дағдысын бекіту. Ұжымда жеке жұмыстарды біріктіруге үйрету.

1

18

Тақырыбы: «Біздің ойыншықтар» (доп, құс, ұшақ, күрекше, көжек, құламақ) Ойластырып мүсіндеу.

Мақсаты: Ермексазды алақанның арасында түзу және айналма қимылдармен жазып, ойластырып жұмысты безендіріп, оңай заттарды мүсіндеу дағдысын бекіту. Ұжымда жеке жұмыстарды біріктіруге үйрету.

1

Барлығы:

18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет