5. Аралас әдістеме – бұл жерде таңдауы бойынша түрлі әдістемелерді құрастыруға болады. Мысалы, ойындар ойнауға, тақпақтар мен әндер жаттауға, жобаларды әзірлеуге және т.б. болады. Әдістеменің құндылығы – әртүрлілігі. Түрлі іс-әрекетті ұсына отырып, баланы қызықтыру жеңілірек.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде тілді үйретудегі барлық тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, үйде өз балаңызбен дербес айналысуға болады. Немесе, үйретудің барлық жас ерекшелік аспектілері ескерілетін тіл мектептерін таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар Сіз өз балаңызға үй жұмысын орындауға немесе оның жаңа еліктіретін ермегіне қызығушылығын бөлісе аласыз.
Дербес шығармашылық іс-әрекет
Заттық-дамытушы ортаның тілдік кеңістікке енуі үшін:
- таспа, диск және басқа да тасымалдағыштарда музыкалық аудио материалды;
- сөздік үстел үстіндегі – баспа ойындары, құралдар, кітаптар;
- жағдайға байланысты, рөлдік, лексикалық мазмұны бар сахналандырылған ойындар;
- ертегілерді сахналау мен тақпақтарды мәнерлеп оқуда балалар өздерінің жетістіктерін көрсете алатын ертеңгіліктер, мерекелерқажет.
Жұмыстың түрлері мен формалары
Мектепке дейінгі оқыту тұжырымдамасының негізін қалайтын кезеңдер оқытудың әдістемелерін, тәсілдерін, үлгілері мен құралдарының спектрін кеңінен қолдануға әкеледі. Бұл ретте балалардың жеке, сонымен қатар, олардың жалпы мәдени дамуы мен микро әлеуметтік ортасы – отбасының ерекшеліктері ескеріледі.
Негізгі тәсілдері:
а) балалардың таныс емес тілде үлкендердің тіліне еліктеуі;
б) көру, есту және әсем бейнелерді құру. Нәтижесінде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың ауызша емес құралдарының басымдылығы (суреттер, заттардың графикалық бейнелері мен сөйлемдердің құрылымдары, музыка);
в) оқу-дидактикалық ойындарды қолдану;
г) жұмбақтар;
д) өз ойын білдіріп, өзін-өзі бағалауды арттырудағы психологиялық кедергілерді болдырмайтын ертегілер мен шағын әдеби шығармаларды драмалау.
Жұмыс ұстанымдары:
1. Мадақтаудың түрлі құралдарын ауызша және материалдыққолдану.
2. Бала бойында баланың тілдік қабілетін арттыратын педагог пен балалар арасындағы оң қарым-қатынастарды қалыптастыру.
3. Оқыту үдерісінде педагогтің ана тіліндегі сөйлеуін 5–10% дейін шектеу (бала тілін жаңа үйренетін тілде 90%).
4. Лексиканы жүйелі енгізу: лексикалық тапсырмаларды арттырып, біртіндеп бекіте отырып 3 сөзден бастау. Соңында күнделікті өмірде жинақталған сөздік қорын белсендіру.
5. Балалардың қысқа мерзімді есін ескере отырып, әрдайым алдыңғы өткен материалға қайта оралып, оны келесі қайталауларға енгізу.
6. Сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған дұрыс тілдік құрылымдарға үйрету.
7. Жұптық және топтық үйретулерге айрықша ықылас бөлу. Бұл топта қолайлы психологиялық ахуал құруға және тілдік кедергілерді жоюға көмектеседі.
8. Педагогтің сұрақтары мен бұйрықтарының балаға әсерінің жылдамдығын дамытады.
5-6 жастағы балалардың сөйлеу дағдысына сипаттама
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ана тілін еркін меңгереді. Тілдің белсенді сөздік қоры 2500-3000 сөзді құрайды. Бұл балалардың үлкен тәжірибесімен (алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда), олардың зияткерлік қабілеттерінің дамуымен: көп бейнелі байланысын құру іскерлігімен, бар білімдерін жеңіл қолдану, жалпылап, қорытынды жасай білуімен байланысты.
Қарым-қатынас адамның көңіл күйі мен эмоционалдық күйін анықтау, өзінің ішкі дүниесін түсіну тәсілдерімен өзін-өзі нормаларын меңгеруге бағытталады. Бұл жастағы балалар үшін айналасындағы адамдардың тілдеріне сын көзбен бағалау қарым-қатынасы мен өз ойының нақтылығын қадағалау қабілеттерін дамыту тән.
Бұл жаста балалар сөздердің дыбысталуы мен мағынасына, оның дыбыстық түріне, тілдегі сөздердің тіркестері мен қабысуларын қызығушылықпен таниды.
Әңгімелесушілердің назарын өздеріне аударудағы мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың талпынысы өзінің тілін мәнерлі, бейнелі етудегі әрекеттерінен байқалады. Бұл жаста балалар тілдің дауыс ырғағының құралдарын қолданумен ғана емес, сонымен қатар, тілге тән эпитет, теңеу, метафора секілді мәнерлілік құралдарын меңгеруге қабілетті.
Мектепке дейінгі ересек жаста балалардың тілінде елеулі дербес ерекшеліктер білінеді.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілін дамытудағы басты бағыттар:
- байланыстырып сөйлеу және мазмұндылығы (диалог және монолог);
- тілдің шығармашылығы мен мәнерлілігін дамыту;
- сөйлеу әрекеттеріндегі жеке қабілеттерін дамыту.
Байланыстырып сөйлеуін дамыту
Балалар өзара қарым-қатынастың талдау, адамдардың адамгершілік қырындағы қылықтарын, дәлелді бағалай білудегі мәселелерін меңгере бастайды. Балалар диалогтік және полилогиялық сөйлеу іскерліктерін меңгереді: қоршаған ортамен қуана тілдік қарым-қатынасқа түседі. Олар ұжымдық әңгімелесулерге қатысып, сыпайы түрде сөйлесудің қабылданған нормаларын: әңгімелесушіні мұқият тыңдау, сұрақты дұрыс қою, сұратарға жауап беру, балалардың жауабын тыңдау, ұжымдық әңгімелесулерге қатысу, ортақ әңгімені қолдау, әңгімелесушіні бұзбай кезекпен сөйлеуді қолдана алады.
Өз пікірлерін айналасындағыларға түсінікті, ұжымдық әңгімелесулерге қатысып, ортақ әңгімені қолдау; қарым-қатынастың міндеттеріне сүйене отырып әңгімелесушіні бұзбай кезекпен сөйлеуді есепке ала отырып құруы тиіс. Олар үлкендермен және балалармен тілдік байланысын құру тәсілдерін білуі тиіс (атымен, атымен және әкесінің атымен атау, өтінішін сыпайы түрде білдіру, кешірім сұрау, қызметіне алғыс білдіру, баяу, достық екпінмен сөйлеу).
Әңгімелесу барысында (тәрбиешінің көмегімен) қойылған сұрақтың сипатына қарай сөйлем түрлерімен қолдану.
Ересектер мен құрбыларына өтініш, алғыс, реніш, шағым түріндегі сыпайы қарым-қатынас үлгілерін білу.
Өзінің және құрбыларының тіліндегі қателер мен олқылықтырады анықтап, оларды жөндеу.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың басты міндеті монологтік және полилогиялық тілін жетілдіру болып табылады.
Сөздікті дамыту
Балалар тұрмыстық сөздікті, табиғат пен тұрмыстық заттардың атауларын, олардың қасиеттері мен сапаларын, құрылымын, материалы мен оның ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс және нақты қолдануды белсенді меңгерулері тиіс. Нысанның пішіні, өлшемі мен басқа да белгілерін білдіретін сөздерді меңгеруді жалғастыру.
Ересектер тобында (5-6 жас) балалар материалдардың неден жасалынғаны, олардың қасиеттері туралы көбірек білулері тиіс. Кейбір заттар мен бұйымдардың дайындалу үдерісін білу (пісіру, жасау, тігу, үтіктеу және т.б.). Алты жаста балалардың сөздігі заттардың материалы, қасиеті мен күйін жалпылайтын сөздермен толықтырылады.
Балалар өзіне таныс заттардың қасиеті мен сапасын анықтауға қажетті зерттеу әрекеттерін дербес қолданып, оларды атаулары тиіс (сипау, үрлеу, умаждау, қолында өлшеу, иіскеу және т.б.).
Ересек топтағы сөздік жұмыстардың жетекші мазмұны жалпылаудың тегі мен түрлерін жалпылауды білдіретін сөздерді түсініп қолдану болып табылады.
Бұл жаста балалар заттарды салыстыруды, басты белгілерін табу, осылардың негізінде заттарды топтарға біріктіру іскерліктерін меңгереді. Заттарды өздеріне тән белгілері бойынша біріктіру қабілеттерін меңгереді. Ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ киім, көкөністер, жемістер, көлік және т.б. түсініктерді біледі.
Сөздердің ұғымдық мазмұнын меңгеру балаларға сөздердің ауыспалы. басқаша айтылған мағынадағы сөздерді түсініп, қолданудағы жаңа деңгейге өтуге мүмкіндік береді.
5-6 жастағы балалардың сөздігін толықтыру әлеуметтік өмірдің құбылыстары мен оқиғаларына, адамның ішкі дүниесімен және сыртқы қылықтарына қызығушылығының артуымен байланысты. Түрлі мамандықтағы адамдардың еңбегімен таныстыру барысында олардың сөздігі заттар мен еңбек құралдарының, жұмысқа қажетті техниканың, еңбек іс-әрекеттері мен оларды орындалу сапасының атауларымен толықтырылады.
Тілдің грамматикалық дұрыстығы
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар тілдің барлық негізгі грамматикалық түрлерімен қолданулары тиіс. Балалар құрбыларының тіліндегі грамматикалық қателерді анықтауға және оларды жөндеуге; грамматикалық формаларды дербес қолдануға үйренеді.
Тілдің дыбыстық мәдениеті
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар дыбыстарды дұрыс айтуға және сөздерге дыбыстық талдау жасау іскерліктеріне үйретіледі. Олар ана тілінің барлық дыбыстарын анық, дұрыс айта білулері тиіс. Күнделікті сөйлесу барысында дыбыстарды дұрыс айта білуге жаттығады.
Өлеңдерді оқып, әдеби шығармаларды мазмұндау барысында балалар түрлі дауыс ырғағының құралдарымен қолдана білуі тиіс: сарын, сөйлеу ырғағы, қисынды екпін. Бұл құралмен балалар өзіне туған емес (қазақ және ағылшын) тіліндеріндегі өлеңдерді оқу және әдеби шығармаларды мазмұндау барысында да қолданулары тиіс.
Монологтік сөйлеу
Балалар алдына қойылған коммуникативтік жағдайға байланысты тіл материалының бағдарламасына орай ойын, білімдік және тұрмыстық әрекеттерді айқындап, алдын ала дайындықсыз ойындағысын жеткізу тиіс. Өзінің пікірін айту мөлшері 3 сөз тіркесінен кем емес және тілдік тұрғыдан дұрыс рәсімделген болуы тиіс.
Пікірін айту сипаттамадан (сурет, бұйым, ертегілер кейіпкерлерінің әлпеті және т.б.), оқиғадан (дос, отбасы мүшесі, үй жануары және т.б.) тұруы мүмкін.
5 жасқа толғанда баланың сөйлеу қабілеті және танымдық қасиеті жоғарылайды. Орта жастағы балалар әлеуметтік және табиғат ақиқатын меңгеру жолында өте белсенді, білімқұмар, бағынышсыз болып табылады.
4 жасар балалардың тіл үштұғырлығын дамытуға жұмыстарының орталық бағыты олардың ересек адамдармен және құрдастарымен сөйлесіп араласудағы ынтагерлігі мен өзіндігін тәрбиелеу, монолог түрлерін оқу болып табылады.
Балалар сөйлеу дағдысына ие болады, сөз байлығы артады, сөйлеуі біртіндеп грамматикалық тұрғыдан дұрыс болып қалыптасады.
Оқытудың негізгі қағидалары қызықтылық, жүйелілік, түйіндемелік, қол жетімділік, көрнекілік және қарым-қатынас болып табылады.
«Тілдің үштұғырлығының дамуы» атты курсты аяқтаумен қатар лексика-грамматикалық құрылымдардың зерттелген ресми деректері дағдылармен, белгілі тақырып бойынша айқын сөйлеу білу, оқып жатқан тілдерде өлеңдер мен тақпақтарды білу.
Монологты сөйлеуді үйрену: (5-6 сөйлемнен құралған) заттар туралы әңгімелер, және тәжірибе оқиғаларын құрастыру; әдеби шығармалардан түсінігін айту, суреттер бойынша мәтін құрастыру. Ойыншықтар, суреттер бойынша баяндамалық әңгімелер шығару, жұмбақтар мен салыстырмалы жұмбақтар құрастыру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту барлық салаларда жүзеде асады, бірақ мектепке дейінгі мекемелерде басты оқытудың түрі балалардың сөйлеу қабілетін дамыту бойынша ұйымдастырылған оқыту қызметі болып табылады. «Қатынас» білім саласы құрылымының әрекеті әр түрлі өзара байланыстағы сөйлеу жұмысының, сөздікті жетілдіру және жандандыру, грамматикалық сөйлеу тіркесін қалыптастыру, дыбыстық сөйлеу мәдениетін және т.б. тарауынан үдеріс ретінде белгіленеді. Мектепке дейінгі жаста осы кезендегі жасына қарап өзара байланысты монолог сөзін дамыту негізгі мақсат болып табылады.
Оқыту тілдерінің дыбыс айтылуын қалыптастыру барысында есту қабілеті және фонематикалық қабылдау, сөйлеу аппаратының моторикасында дамып, сөйлеу мүшелерінің қозғалғыштығының мәні артады. Көптілде айтылуын қалыптастыруда фонематикалық есту қабілеті міндетті шарт болып табылады.
Мектепке дейінгі балалардың фонематикалық қабілетінің өте жоғары денгейде дамитындығы байқалынады; олар дыбыстарды дұрыс айтады, оларда жіңішке және сараланған дыбыстардың сөз түрлерін және жеке дыбыстар айтуы қалыптасады. Осы жаста сөздің есту қабілеті, нақты дұрыс сөйлеу қабілетінің қалыптасуы маңызды болып табылады.
Сараланған дыбыстарды қабылдау қабілеті акустикалық және артикуляциялық дағдыладың даму барысында қалыптасады. Орыс, қазақ, ағылшын тілінде дыбыс шығару біртіндеп қалыптасып, 3 кезең арқылы өтеді:
1) артикуляциялық аппарат дайындау;
2) тұйықталған дыбыстың айтылуын нақтылау;
3) буындағы дыбыстар, сөзбен, фразалық сөзбен бекіту.
Бірінші кезең сөйлеу аппаратына артикуляциялық қимылдардың дайындығына бағытталған. Бұл шараны арнайы ұйымдастырылған дыбыстық сөйлеу мәдениетін және қазақ пен ағылшын тілінде сөйлеуді оқыту қызметінде іске асыру қажет. Күнделікті тәртіптік сәт уақытында, таңғы гимнастика, жуыну барысында артикуляциялық аппаратты шынықтыру үшін жаттығулар орындауға болады. Дыбысты зертеу үдерісінің құрылымы фонетикалық қабілетін дамыту әдістемесіне кірістірілген «Қатынас» білім саласында ана тілінде оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында толық сипатталған.
Дыбыс шығаруды қалыптастыру дұрыс мұқамды құрау мен тығыз байланысты. Дұрыс мұқам балалардың сөйлеу аппаратының қимылы, дұрыс координациясы арқылы қалыптасады.
Фонетикалық дағдылар педагогтың жетекшілігімен қалыптасады. Оның сөйлеуі арқылы жаңа лексика еңгізіледі. Сөздің мағынасы аудару немесе көрсетілім арқылы айқындалады. Сөзбен жұмыс істеу түрлі жаттығуларды оқшаулы түрде, сонымен қатар дыбыстық үлгілері де жүргізіледі.
Барлық балалар игеруге міндетті негізгі лексикалық қормен қатар рецептивті игерілетін лексиканың мөлшері: күнделікті әдетті айтылатын сөздер, ресми мәтіндермен ұйқастырмаларда кездесетін лексика.
Жаңа сөздерді саралап айтуды жөндеу тек таза қолдану және жаңылтпаштарды қолдану арқылы жүзеге асады.
Сөйлеудің дұрыс ырғағы мен екпінін қалыптастыруда сөйлеу тынысы ерекше орын алады.
Сөйлеу тынысы тыныстық гимнастиканың барысында дамиды.Тыныс гимнастикасында әр түрлі сюжетті жаттығулар қолданылады: («Сағат» «Ұшақ» «Сорап» және т.б.). Тыныс гимнастика әр түрлі ойын жаттығулар түрінде өтеді. Балалар мақта шарларын, қағаз сызықшаларын, айнамаларды үрлейді, сабын көпіршіктерін жебереді.
Ана тілі емес тілдің өзіне тән ерекше дыбыстарын өңдеу, сөз есту дамуының жалпы әдістемесі және арнайы әдістмесі «Тіл үштұғырлығын дамыту» бағдарламасын іске асыру барысында қолданылады.
Үштұғырлығы тілдерінің дамуы барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет:
- оқытудағы тілдердің сөз әрекеті белсенді түсіну және айту үдеріс ретінде қалыптасуы керек;
- оқыту әдістемесі қызмет принципінде (қолда бар мотивы, мақсатқа сәйкес қойылған тепе-тең тәсілдер мен мақсаттар) тұрақтау керек;
- қарапайым пікір айту дағдысы (сөз таңдау, оның өзгеруі, ұйқас ойын жеткізіп таңдау) арқылы қалыптастыру қажет;
- мектепке дейінгі жастағы балаларға сөйлеу жағдайында және оқытылып жатқан тілдегі қарым-қатынаста тұспалдама дағдыға оқыту қажет.
Тіл үштұғырлығына қарасты тілдер, ұйымдастырылған күрделі жүйені құрайды. Оларды игеру қарым-қатынас кезінде жаңа сөздерді пайдалану арқылы тек белгілі сөздік қорын есте сақтаумен жинақталған жағдайда ғана мүмкін.
Сөздік жұмыс тілдер үштұғырлығын оқытудың алғашқы кезеңінде басым болып табылады, себебі тілдерді тәжірибеде игеру алдын ала пасив сөздікті жинақтаусыз мүмкін емес. Актив сөздікке жаңа сөздерді енгізу, бейнелер көру арқылы: ойыншықтар, нақты пішіндер, табиғи заттар, сюжеттік суреттер, фотосурет, сызбалар арқылы нәтижіле болып табылады. Жаңа сөздер айтылғанда өте мінсіз, айқын, ашық болуы тиіс. Меңгерілетін тілге енгізілетін жаналықтар келесі кезеңдерден өтуі қажет: педагогтың үлгісіне сүйене отырып жаңадан естіген сөздерді елестетіп қалыптастыра білуі; сөйлеу кезінде оларды танып және түсінуі.
Оқыту барысында жаңа сөздер және сөз тіркесі енгізілгенде өз ретімен енгізілуі қажет. Жаңа сөздер алғашқы рет енгізілгенде, балалардың назарын оларға және ерекше айтылуына аудару қажет. Бірақ балалардың жаңалықтарды шамадан тыс қабылдамауын қадағалау қажет.
Белсенді сөйлеуінде пайдаланатын сөздер біртіндеп енгізіліп және жүйелі түрде қайталанып тұруы қажет. Белсенді сөздікті толықтыру барысында фразалық сөйлеу біртіндеп күрделене жүзеге асуы қажет.
Мағыналы мәтіндердің, тақпақтар, өтірік өлеңдер, санамақтардың екпін мен мәнерлеп айтылуына аса назар аудару қажет.
Айтылу жағынан сөйлеуін жетілдіру, есту ықыласын дамыту, есту арқылы сөйлеуін жетілдіру үшін мынадай әр түрлі тәсілдер қолданылады:
- оқытылатын тілдің дыбыстарын және сөздерін дұрыс айтудағы педагогтың үлгісі;
- кейіпкер және бұйымдарды келтіру барысында дұрыс екпінді қолдану;
- бұйымдар мен кейіпкерді сахналау кезінде дұрыс екпін пайдалану;
- балаларға қажетті мәнерлі құралдар таңдау үшін қарастырылған сұрақтар;
- жеке сөздер, сөйлем, логикалық екпін қоюдың (қосылып, жекеше) қайталау жаттығулары;
- сөйлемдерді әр түрлі екпінмен (қуана, қаяулы, немқұрайлы) айтуға шығармашылық тапсырмалар;
- рөлмен оқу.
Жаттау немесе жатқа оқу өте қөп пайдалануға болады (ертеңгілікте орындау, сәбилердің алдында көніл көтеру, туыстардың сыйлығына және т.б.). Осы жаттығулар баланың күш-қуатын жұмылдырады, бірақ (бөгде) ана тілінен басқа тілде өз қалауынша айтуға қызықтырады.
Мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың мәнерлеп сөйлеуі өте әр түрлі болып қалыптасады, сондықтан ұйымдастырылған оқыту қызметінде бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтан жеңілдеткен түрде еске сақтау тәсілдерін қолдану талап етіледі. Балалар лексикалық мәліметті нақты бекіту барысында, оны бірнеше рет қайталау қажет. Баланың сөздік қорын бұрын белгісіз ұғым мен түсінікпен толықтыру үшін, қайталау барысында тек белгілі ғана емес жаңа да лексиканы пайдалану қажет.
Бастапқы кезеңінде орыс тілінде оқытылатын топтардың қазақ, ағылшын тілдерін оқыту барысында лексикалық, грамматикалық және фонетикалық дағдыны қалыптастыруға үлкен назар аудару қажет. Ол дағдылар болмаса сөйлеу өнері айтарлықтай сапалы болмайды, балалар дұрыс айтуды және окытудағы тілдердің сөйлеу қалыптылығын сақтай алмайды.
Күнделікті әртүрлі тұрмыстық жағдайда жүзеге асырып, ұйымдастырылған оқу қызметі және дидактикалық ойын барысында өздігінен әртүрлі сөздіктерді қолданады. Маңызды тілдесуді ұйымдастыруда, балалардың сөйлеуге назарын аударуда, баланың жинақталған сөз қорықұрамының байлығын пайдалануда педагогтың рөлі маңызды болып табылады.
Театр әрекетінде, сүйікті ертегілердің ерекше үзінділерін сахналауда, кейіпкерлер диалогін пайдалану, қазақ және ағылшын тілдерін белсендіруге, грамматикалық құрылымды және жүйелі сөздің дамуына мүмкүндік туғызады. Мектепке дейінгі жастағы (қазақ және ағылшын) балалардың тілдерді үйрену барысында дыбыс мәдениетін меңгеру,балалардың анағұрлым белсенді сөздікті толықтыру барысын қарқындатады, тіл үштұғырлығы жағдайында тіл байланысын кеңейтеді.
Оқытылатын тілдердің дыбыстарын дұрыс айтуды қалыптастыруға оқыту барысында сөйлеу жаттығуларын өткізу қарастырылған. Мұндай жаттығуға дыбысты жеке, сөздің, сөйлемнің ішінде айту кіреді. Педагог балаларды әрбір үйретілетін дыбыстың артикуляциясымен таныстыруға және оның барлық балалармен дұрыс айтылуын қадағалауға міндетті.
Тілдің үштұғырлығының дамытудағы жұмысты дұрыс ұйымдастыру және дұрыс жоспарлау үшін балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін дамыту мен байытудың жалпы жағдайын анық білу қажет.
Оқытудағы алға басу көбінесе балалармен жұмыс жасаудың құрылымына тәуелді. Ұйымдастырылған оқу әрекетінің алғашқы кезеңінде (2-3 минутында) баланы қазақ және ағылшын тілдерінде еркін қызықты араласатын күйге түсіретін, кернеу мен шығармашылықты шешетін оқыту-ойнату әрекеттерін пайдаланған дұрыс.
Балалардың белсенділігін арттыру үшін олардың қазақ және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасауға қатысуын күлімдеп, жақсы рең білдіріп, келесідей сөздермен мадақтап отырған дұрыс: «Жақсы!», «Жарайсың!», «Дұрыс!» және т.б.
Ұйымдастырылған оқу әрекетінде балалардың фонематикалық есту қабілетін, сөйлеу қабілеттері мен дағдыларын, қарапайым сөйлеуін дамытуға бағытталған 2-3 минуттық фонетикалық жаттығу («Фонетикалық минут») өткізу қажет. «Фонетикалық минут» келесі ойындар ретінде өткізілуі мүмкін: «Жаңғырық», «Алқа», «Сағат».
Балаларға таныс емес тілдегі жаңа сөздермен алғаш танысу кезінде кең мағынада көрнекілікті пайдалану қажет. Тек бұйымды көрсету мен оның атын атаумен ғана шектеліп қоюға болмайды. Шет тілдегі сөз баланың жадында ешқандай аудармасыз сақталу үшін оның тек есту және көру қабілетін ғана емес, сонымен қатар басқа талдағыштарды да іске қосу қажет: түйсіну (бұйымды ұстау), иіс сезімі (мысалға, раушан гүлін иіскеу), татым (мысалы, қант, балдың дәмін көру). Мүмкіндігінше заттың өзін содан соң ол заттың әртүрлі жағдайдағы, басқа заттармен салыстырмалы түрдегі суреттерін көрсету қажет. Мысалы: әр түрлі пішіндегі, әр түрлі көлемдегі үстел.
ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫНДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЛЕКСИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
Лексика-грамматикалық құрылымдардың тақырыбын таңдау кезінде балалардың даму деңгейі, уәжі мен қызуғушылықтары, сонымен қатар мектепке дейінгі ана тілінде сөйлеуде танымдық қабілеті «Қатынас» білім беру саласы бойынша дамыту жоспарымен сәйкес ескерілуі тиіс. 4-5 жастағы балаларды ана тілінен басқа (бөгде) тілдермен таныстыру кезінде, осы жастағы үш тілге оқытудың ерекшелігіне сүйене отырып, пассив сөздіктің қорын біртіндеп жинақтап, белсенді сөздікке енгізу жұмысының ерекше маңызды екендігін білу керек.
Екінші кезеңде (4 жастағы балалардың оқыту кезеңіне қарағанда шамамен 40 пайызға күрделенеді) жаңа лексикалық бірліктер біртіндеп енгізілу және грамматикалық құрылысты күрделендіру барысында, лексика көлемі артып және грамматикалық құрылымы өрістейді. 5-6 жастағы балалар ІІ оқу кезеңнің соңында шамамен 150-180 лексикалық бірліктерді меңгеруі тиіс.
Әр тақырып өткен соң бақылау жүргізіледі. Ол үшін қайталауға және бекітуге, сонымен қатар сөздер мен құрылыстарды анықтау үшін қосымша уақыт бөлінеді.
Ұйымдастырылған оқу әрекеті 4-5 жастағы балалармен аптасына бір рет өткізілуі тиіс, ал 5-6 жастағы балалармен 20-25 минутқа дейін аптасына екі рет. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін таңғы (10-нан 12-ге дейін) сағатта өткізу тиімді болады. Ұйымдастырылған оқу әрекетінің тақырыптық үлгілеріне және тақырып бойынша үлгі сағаттарына үлгі-нұсқа төмендегідей.
№
р/с
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы
|
Сағат
саны
|
Оқыту
тілі
|
Қазақ
|
Орыс
|
Ағылшын
|
4-5
жас
|
5-6
жас
|
1
|
Танысу
|
Знакомство
|
Аcquaintance
|
2
|
3
|
2
|
Амандасу
|
Приветствие
|
Greeting
|
1
|
3
|
3
|
Жануарлар
|
Животные
|
Animals
|
2
|
4
|
4
|
Көкөністер
|
Овощи
|
Vegetables
|
2
|
4
|
5
|
Жеміс-жидек
|
Фрукты
|
Fruit
|
2
|
4
|
6
|
Жыл мезгілдері
|
Времена года
|
Seasons
|
2
|
4
|
7
|
Киім
|
Одежда
|
Clothes
|
2
|
4
|
8
|
Түстер
|
Цвета
|
Colors
|
2
|
4
|
9
|
Мерекелер
|
Праздники
|
Holidays
|
2
|
4
|
10
|
Азық-түлік
|
Продукты
|
Products
|
2
|
4
|
11
|
Менің отбасым
|
Моя семья
|
My family
|
2
|
4
|
12
|
Дене мүшелері
|
Части тела
|
Parts of a body
|
2
|
4
|
13
|
Менің ойыншықтарым
|
Мои игрушки
|
My toys
|
2
|
4
|
14
|
Менің үйім.
Пәтерім
|
Мой дом. Квартира
|
My house. Apartament
|
2
|
4
|
15
|
Мамандық
|
Профессии
|
Professions
|
2
|
4
|
16
|
Әлеппе
|
Алфавит
|
Alphabet
|
2
|
4
|
17
|
Ойын-сауық
|
Развлечения
|
Entertainments
|
2
|
4
|
18
|
Есеп
|
Счет
|
Account
|
2
|
4
|
19
|
Қорытынды сабақ.
|
Заключительное занятие
|
Final occupation
|
2
|
2
|
Барлығы:
|
36
|
72
|
Достарыңызбен бөлісу: |