Оқытушыға арналған жұмыс үстелі. Үстелдің үстіңгі тақтайы қалыңдығы 25mm ДСП немесе МДФ-дан жасалған, жабыны пластик – 2mm, сұр түсті. Жиегі - ПВХ 2mm. Көтеруші бөліктері - металлокаркас. Үстіңгі тақтайдың астында тарпалы жәшіктері бар тумба орналасқан. Қаңқасына компьютердің жүйелі блогына арналған металл сөре бекітіледі.
дана
1
Оқытушы креслосы, биіктігі бойынша реттеледі, 5 дөңгелегі бар, қаптамасы - гобелен, түсі - қара, пластик, шынтақ таянышы жоқ.
дана
1
2
Оқушының жұмыс орны
Биіктігі бойынша реттелетін (бойлық топтар №№4-6) оқушыға арналған үстел. Үстіңгі тақтайы - ЛДСП немесе МДФ, қалыңдығы 25mm, күңгірт пластикті жабыны – 2mm, сұр түсті. Жиегі - ПВХ 2mm. Көтеруші бөліктері - металлокаркас. Биіктігі қос тесік пен бұрандалардың көмегімен дискретті түрде реттеледі. Бұйымның металл қаңқасы өлшемдері 25 x 25 mm, қалыңдығы 1,2 mm шаршы қима трубалардан жасалған. Ашық сұр реңді полимерлі ұнтақ бояулармен боялған, механикалық әсерлерге төзімді. Металл қаңқасының бүйір жағы және тірек бөліктерінің саңлаулары пластмасса қақпақшалармен жабылған.
дана
30
Оқушыға арналған орындық, биіктігі бойынша реттеледі (бойлық топтар №№4-6). Орындықтың отырғышы фанерден жасалған, жабыны лакталған, металл рамаға берік бекітілген; рама өлшемі 25 x 25 mm және қалыңдығы кемінде 1,2 mm шаршы трубадан жасалған. Ұнтақты жабынға ие. Тірек ұштары өкшелікпен жабылады, қымтағыш тығын полипропиленнен жасалған, отырғышының пішіні эргономикалы.
дана
30
3
Маркермен жазуға арналған бір элементті қабырғалық тақта
Габариттік өлшемдері:кемінде 1512х1012 mm. Тақтаның конструкциясы көп қабатты, жұмыс беті механикалық және химиялық әсерлерге төзімді етіп болатпен арнайы эмальдап қапталған. Қаптамасының болат негізі тақтаның бетіне магниттердің көмегімен көрнекі оқу құралдарын бекітіп ілуге мүмкіндік береді. Бүйір жағы алюминий немесе болат профильмен қапталған, контуры бойынша бұрыштықтармен тұйықталған. Тақтаның болаттан жасалған профилі ақ түсті полимер бояумен боялған.
Төменгі шетін бойлай астауша бар, ол болат материалдан жасалған және бүйірлері пластмасса қақпақшалармен жабылған. Тақтаны қабырғаға бекітуге арналған фурнитура комплектке кіреді.
Түсі: ақ.
дана
2
4
Ақпараттық тақта
Сыртқы бетінің қалыңдығы 2 mm. Жұмыс беті тығын материалынан жасалған шағын тақта болып табылады. Түйреушітер мен кнопкалардың көмегімен хабарландырулар немесе мақала ілуге арналған.
Өлшемдері: 1215х1011 mm.
Материалы: тығын
дана
1
5
Кафедра
Кафедраның биіктігі 1200 mm.
Негіз өлшемі: ені 550 mm, тереңдігі 500 mm.
Жоғарғы платформаның жұмыстық бетінің өлшемі: 500 х 350 mm.
дана
1
6
Көпфункциялық шкаф
Көпфункциялық шкаф үш шкафтан құралған. Әр шкафтың габариттік өлшемдері: кемінде 900х430х2200 mm. Жартылай әйнектеліп жабылған шкаф – 2 дана. Тірек бөліктері, сөрелері қалыңдығы кемінде 16 mm ЛДСП-дан жасалған, артқы қабырғасы қалыңдығы кемінде 4 mm ДВП-дан жасалған. Түсі ақ немесе сұр.
Жоғарғы секциясы үш сөреден тұрады, жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған. Әйнектелген қос жарма есіктің жақтауы сұр түсті МДФ профильден жасалған. Төменгі секциясы қалыңдығы кемінде 8 mm ЛДСП-дан жасалған екі сөремен және жақтаулары МДФ профильден жасалған сұр түсті қос жарма есікпен жабдықталған. Төменгі есіктеріне құлыптар мен екі тұтқа орнатылған.
Жоғарғы және төменгі секциялары аралығында бір ашық орны бар жартылай әйнектелген жабық шкаф – 1 дана. Тірек бөліктері қалыңдығы кемінде 16 mm ЛДСП-дан жасалған, артқы қабырғасы қалыңдығы 4 mm ДВП-дан жасалған. Түсі ақ немесе сұр. Жоғарғы секциясы үш сөреден тұрады, жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған, әйнектелген екі есігі және екі тұтқасы бар. Әйнектелген қос жарма есіктің жақтауы сұр түсті МДФ-профильден жасалған. Төменгі секциясы қалыңдығы кемінде 8 mm ЛДСП-дан жасалған екі сөремен және жақтаулары МДФ профильден жасалған сұр түсті қос жарма есікпен жабдықталған. Төменгі есіктерге құлыптар мен екі тұтқа орнатылған. Әйнектелген жоғарғы және төменгі тұтас есіктерінің аралығында биіктігі 300 mm ашық бөлік бар. Топсалары штампталған болаттан жасалған.
дана
1
7
Ноутбуктерді сақтау мен зарядтауға арналған шкаф-арба
Шкаф-арба ноутбуктерді сақтау мен зарядтауға арналған.
дана
1
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ (5-11 СЫНЫПТАР) Әдістемелік медициналық кабинет