Проблемалық оқыту технологиясы Чикагода 1894 жылы оқытудың негізін оқу жоспары емес, ойындар мен еңбек іс-әрекеті құрайтын тәжірибелі мектептің негізін қалаған американдық философ, психолог пен педагог Дж.Дьюи (1859-1952 жж.) теориялық қағидаларына негізделеді. Осы мектепте қолданылған әдістер, тәсілдер, оқытудың жаңа қағидаттары теориялық тұрғыдан негізделмеген және тұжырымдама түрінде қалыптаспаған болатын, алайда ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында кеңінен қолданысқа енді. Білім беру үдерісінде баланың дербестілігін дамытуға бағытталған проблемалық оқыту әдісі қолданылады.
Проблемалық технологияның мақсаты: өзіндік іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеру, білім, қабілет, дағдыларды игеру, танымдық және шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту болып табылады. Проблемалық оқыту мотивацияның ерекше түрін жасауға негізделген, сондықтан проблемалық жағдайлардың тізбегі болатын материалдардың дидактикалық мазмұнын барабар жасауды талап етеді. Проблемалық жағдай белгісіз мазмұнына, проблема деңгейі, ақпараттың келісілмеу түрі, басқа әдістемелік ерекшеліктер бойынша әртүрлі болуы мүмкін.
Проблемалық әдістер – оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетіне, проблемалық жағдайды жасауға негізделген, күрделі мәселелерді іздеу мен шешуді қарастыратын, білім, талдау, жеке фактілері астарынан құбылыс, заң көру қабілеттілігін талап ететін әдістер. Проблемалық оқытудың заманауи теориясында проблемалық жағдайдың екі түрі бар: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі оқушылардың іс-әрекетіне қатысты болады, екіншісі оқу үдерісін ұйымдастыруын білдіреді.
Педагогикалық проблемалық жағдай – таным объектісінің жаңалығын, маңыздылығын, әсемділігін және басқа да айрықша қасиеттерін көрсететін педагогтың белсенді сұрақтары мен іс-әрекеттері көмегімен жасалынады. Психологиялық проблемалық жағдайды жасау жекелей жүреді. Өте қиын емес, өте жеңіл емес таным тапсырмалары балалар үшін проблемалық жағдай жасамайды.
Проблемалық жағдай оқыту үдерісінің барлық сатысында: түсіндіру, бекіту, бақылау кезінде жасалынуы мүмкін.
Проблемалық оқытудың артықшылықтары:
балалардың жоғары деңгейдегі дербестілігі;
баланың танымдық қызығушылығын немесе тұлғалық мотивациясын қалыптастыру;
балалардың ойлау қабілеттіліктерін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |