Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ЖҰмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу


«Ойын педагогикалық технологиялары»



бет9/16
Дата08.02.2022
өлшемі183 Kb.
#97893
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
6 лекция МДҰ-ға технологияларды енгізу

«Ойын педагогикалық технологиялары» ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық үдерістердің әдістері мен тәсілдерінің жеткілікті ауқымды тобын қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның басты белгісі – оқытудың нақты мақсаты және оған сәйкес педагогикалық нәтижелері айқын түрде көрінеді, негізделеді және оқу-танымдық бағытта сипатталады. Сабақтардың ойын нысаны балаларды оқу іс-әрекетіне құлшындыру, ынталандыру құралы ретінде ойын мотивациясымен құрылады. Сабақтардың ойын тәсілдері мен жағдайын іске асыру келесідей негізгі бағыттар бойынша болады:

  • балалардың алдына қойылатын дидактикалық мақсат ойын тапсырмасы нысанында қойылады;

  • оқу іс-әрекеті ойын ережелеріне бағынады;

  • оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;

  • оқу іс-әрекетіне дидактикалық тапсырманы ойын тапсырмасына ауыстыратын жарыстың элементі енгізіледі;

  • дидактикалық тапсырманы табысты орындау ойын нәтижесімен байланыстырылады;

  • оқу үдерісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оқу элементтерінің үйлесуі педагогтың педагогикалық ойындарының біліктілігі мен функциясын қалай ұғынуына байланысты.

Педагогикалық үдеріс сипаттамасы бойынша келесідей топтар бар:

  • оқытатын, жаттығатын, бақылаушы және жалпылаушы;

  • танымдық, тәрбиелеуші, дамытушы;

  • репродуктивті, өнімді, шығармашылық;

  • коммуникативтік, диагностикалық, психотехникалық және т.б.

Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар, үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен ойындар.
Ойын іс-әрекетінің психологиялық тетіктері тұлғаның өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі реттеуге деген күрделі қажеттіктеріне сүйенеді.
Бала ойындарының мазмұны келесідей кезектілікпен дамиды:
- заттық іс-әрекет;

  • адамдар арасындағы қарым-қатынас;

  • қоғамдық тәртіптің ерекшеліктерін орындау.

Ойын технологияларының мақсаты бірқатар міндеттерді шешу болып табылады:

  • дидактикалық (ой-өрісті кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық іс-әрекетте қажет белгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру және т.б.);

  • дамытушы (назарды, есте сақтауды, сөйлеуді, ойлауды, көз алдына елестетуді, қиялды, шығармашылық идеяны, заңдылықтарды орнату, оңтайлы шешімді табу қабілетін және т.б. дамыту);

  • тәрбиелеуші (өз еріктерін тәрбиелеу, мінез-құлық, эстетикалық және дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру, ынтымақтастықты, бірлестікті, тіл табысушылықты және т.б. тәрбиелеу);

  • әлеуметтендіруші (қоғам нормалары мен құндылықтарына үйрету; ортаның жағдайларына бейімдеу және т.б.).

Ойын технологиялары мектепке дейінгі жаста кеңінен қолданылады, себебі ойын осы кезеңде жетекші іс-әрекет болып табылады. Бала рөлдік ойынды үш жасына қарай игереді, адами қарым-қатынастармен танысады, құбылыстардың ішкі және сыртқы жақтарын айыра бастайды, өзінде уайымдау сезімі бар екендігін ашады және оларға бағдарлана бастайды.
Балада бір заттың қасиетін басқа затқа ауыстыруға мүмкіндік беретін көз алдына елестету және танымның саналы іс-әрекеті қалыптасады, өз сезімдерінде бағдар туындайды және олардың мәдени көрсету дағдылары қалыптасады, бұл балаға ұжымдық іс-әрекетке және қарым-қатынасқа қосылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекетін меңгеру нәтижесінде оқытудың қоғамдық маңызды және қоғамдық бағалау іс-әрекетіне дайындығы қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет