Жұмыс мазмұны:
- инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша педагогтардың тәжірибелерін жалпылау;
- «Жұмыста инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану» диагностикасын жүргізу;
- мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша педагогтардың қызметіне талдау жасау;
- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша жұмыс бағдарламалары мен ұсыныстарын жасау;
- балалармен жұмыс жасау кезінде тиімді инновациялық технологияларды белсенді қолдану;
- педагогтардың шеберлігін жетілдіру, жұмыс тәжірибесін басқа мектепке дейінгі ұйымдарға тарату.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының кәсіби қызметінде келесі технологияларды қолдану ұсынылады:
Дамыта оқыту технологиясы (Д. Б. Эльконин В. В. Давыдов жасаған бұл технология әрбір баланың индивидуалды танымдық іс-әрекетін дамытуына, өзін тұлға ретінде тануына, оқыту үдерісінде өзін-өзі анықтауға бағытталған);
Ойын технологиялары;
Ынтымақтастық педагогикасы (К. Д. Ушинский, Н. П. Пирогов, Л. Н. Толстой);
ТРИЗ технологиясы (Г. С. Альтшуллер, А. М. Страунинг, ол шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған);
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар;
Балалардың денсаулығын нығайту мақсатындағы денсаулық сақтау технологиясы;
Проблемалық оқыту технологиясы (Дж. Дьюи);
Жобалау технологиясы (Л. С. Киселёв, Т. А. Данилин) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |