Байланысты: Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Математикалық әдістер. Дене тәрбиесі теориясы жөніндегі зерттеулерде сыннан өтушінің әртүрлі көрсеткіштерін сипаттайтын материалдар алынады. Зерттеушінің міндеті - алынған көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті анықтаудан тұрады. Осы мақсатпен шыққан қорытындылардың қаншалықты тиянақты екенін, оларды ұқсас жағдайлардың бәріне де таратуға болар-болмастығын анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелерді математикалық өңдеу әдісі пайдаланылады. Дене тәрбиесі теориясында қолданылатын ғылыми зерттеулердің әртүрлі әдістерінің біршама өзіндік өзгешіліктері бар. Дене тәрбиесі үрдісін бір зерттеуде жан-жақты біліп шығу өте жиі жүзеге асырылады. Осыған байланысты зерттеудің әртүрлі әдістері бір мезгілде пайдаланылады. Мұның өзінде бір әдіс екінші әдісті толықтырып отырады. Зерттеу әдістері өзгереді, нақтыланады, жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді және дене тәрбиесі теориясын дамытуға көмектесді.