Балалардың жұмысын зерттеу. Балалардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері ( әртүрлі тақырыптарға жазылған баяндамалар, мәнжазбалар, еңбек сабақтарында жасаған заттары) зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Балалардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасын, тәжірибелік даярлығын, тәрбиешілердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Балалардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |