Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
Сауықтыру міндеттері. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің міндеттері-өмір қорғау және денсаулық нығайту балалардың организмін шынықтыру болып табылады. Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала организімінің даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде анықталады: дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің қалыптасуына, табан үзінділігінің дамуына, байланыс буындық аппараттың нығаюына көмектесетін, дене бөліктерінің дұрыс арақатыста дамуына, сүйектердің өсуі мен салмағын реттеуге себепші болып; бұлшық еттердің барлық топтарын кеуде, арқа, аяқ-қол, алақан, табан, мойын, ішкі органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары, бұлшық еттерін дамыту, нашар дамыған иіп жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша көңіл бөлу; қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу; тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың тереңдеуіне ауаны үнемді жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, өкпенің ауа сыйымдылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы дем алуды үйрету; ішкі органдардың дұрыс қызмет етуіне көмектесу, теріні зақымданудан сақтау және оның дұрыс қызмет етуіне жәрдемдесу; қозу және тежелу процестерінің тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, белсенді тежелістің дамуына, сондай-ақ қимыл-қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің жетілуіне себепші болу.
Достарыңызбен бөлісу: |