Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет45/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Кеңістіктік сипат. Дене жаттығуларының бәрі кеңістікте кеңістіктік сипатта орындалады. Кеңістіктік сипатқа жататындар: бастапқы жағдай, дене және оның мүшелерінің қозғалыстағы жағдайы, траектория. Бастапқы жағдай - бұл жаттығу басталар алдында, салыстырмалы түрде айтқанда қозғалмай тұру, ол әрекет етуге әзірлікті көрсетеді. Дененің және оның мүшелерінің бастапқы жағдайын өзгертумен бірге жаттығудың күрделілігін өзгертуге, бұлшық етке түсетін салмақты арттыруға және организмге ағымды әсер етуге болады. Мысалы, орындықта отырып кеудені оңға, солға бұру қарын бұлшық еттерінің жұмысын күшейтеді; еденде жатып жаттығу дене салмағының омыртқаға түсіретін қысым күшін азайтады. Бастапқы жағдай жаттығудың дұрыс орындалу және келесі әрекеттердің нәтижелілігін қамтамасыз ету (тізені молырақ бүгу, жүгіру жылдамдығын мейлінше арттыруға көмектеседі) үшін мейлінше тиімді жағдай туғызады. Дененің немесе оның жеке бөліктерінің дене жаттығуларын орындау процесінде қозғалмайтын жағдайда болуына бұлшық еттердің статикалық ширығуы арқылы қол жетеді. Орындалатын дене жаттығуларының тиімділігі керекті қалып сақтауға, денені және оның мүшелерін мейлінше оңтайлы жағдайда ұстауға байланысты. Мәселен, коньки, шаңғы тебушінің тізені төменірек бүгуі, велосипедшінің отырысы ауа кедергісін азайтады, сөйтіп алға қарай шапшаң қозғалуға жәрдемдеседі. Жүгіру процесінде дененің алға-артқа еңкею бұрышын өзгерту арқылы оған жылдамдық қосуға болады. Кейбір жаттығуларды орындау техникасында бастың белгілі бір жағдайда болуы маңызды. Мысалы, орындық, бөрене үстімен жүргенде тепе-теңдік сақтау үшін басты тік ұстау қажет. Мәнерлеп сырғанауда, көркем, спорттық гимнастикада дене және оның жеке бөлшектері жағдайына арнайы эстетикалық: аяқтың басын тік ұстау, көкіректі қайқайту, т. б. талаптар қойылады. Кейбір бастапқы және статикалық жағдайлардың өзіндік мәні де болады (тік тұру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет