Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет53/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

5.Дене жаттығуларының жіктелуі
Жіктеу дене жаттығуларын белгілі бір белгілерге сәйкес топ және шағын топ бойынша бөлуді білдірді. Әртүрлі дене жаттығуларының көптеген жалпы белгілері болады. Жаттығуларды топтарға бөлетін басты белгіні табудың маңызы зор. Бұл белгі педагогикалық жағынан алғанда елеулі болуы тиіс. Әртүрлі белгілер бойынша құрылған жіктеулер көптеген дене жаттығулары ішінен бағдар табуға және оларды алға қойылған міндеттерге сәйкес іріктеп алуға көмектеседі. Едәуір жалпы жіктеулердің бірінің негізіне дене тәрбиесі құралдары мен оларды қолдану әдістерінің тарихи қалыптасқан жүйелері алынған: гимнастика, ойындар, спорт және ту­ризм алынған. Бұл топтардың әрқайсысының өзіндік мәні бар және бұдан әрі жіктелген шағын топтарға бөлінеді.
Гимнастика (грек.gymnazo-жаттықтырамын) - адамның денсаулығын нығайту, күш-қуатын, икемділігін, төзімділігін арттырып жетілдіру үшін қолданылатын методикалық әдістер мен арнайы іріктеліп алынған дене шынықтыратын жаттығулар жүйесі. Гимнастика адамды дұрыс жүруге, жүгіруге жаттықтырады. Адам мүсінінің қалыптасуына әсер етеді. Гимнастика дене тәрбиесінің жүйесінде айтарлықтай орын алады. Гимнастиканың өзіндік ерекшелігі мынада: дененің әртүрлі бөліктеріне, жеке буындарға, бұлшық ет топтарына, тіпті, олардың әрекеттері мен жағдайының әр жағына арнайы әсер ететіндігі (бұлшық еттерін босаңсыту, созу т. б.), жүк салмағын дәл мөлшерде түсіру, жаттығуларды музыканың сүйемелімен өткізу. Гимнастиканың осы ерекшеліктері оны сабақтарда дене әзірлігі және денсаулық жағдайы әртүрлі барлық жас шамасындағы адамдарға пайдалануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет