Байланысты: Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Кеңістіктік-уақыттық сипаттамалар. Қозғалыс жылдамдығы дененің немесе оның мүшесінің жүріп өткен жолы өлшемінің (ұзындығының) сол жолға жұмсалған уақытқа қатысымен анықталады. Жылдамдық м/секундпен өлшенеді. Егер шапшаңдық жолдың бар нүктелерінде де тұрақты болса, онда қозғалыс бір қалыпты, егер ол өзгеріп отыратын болса, өзгермелі деп аталады. Жылдамдықтың белгілі бір уақыт ішінде өзгеруі үдеу деп аталады. Ол оң да, теріс те болуы мүмкін. Қозғалысты орындау процесінде жылдамдық та, үдеу де өзгepyi мүмкін. Егер қозғалыс жылдамдығы күрт өзгермей үдеумен орындалса, ондай қозғалысты бір қалыпты қозғалыс деп атайды, бірден үлкен жылдамдықпен басталатын қозғалысты - күрт қозғалыс дейді, сондай-ақ біркелкі үдемелі және біркелкі баяулайтын немесе кілт тоқтайтын қозғалыстар болады. Тұрақты жылдамдықты немесе тұрақты үдемелі қозғалыстар аз кездеседі. Жақсы орындалған дене жаттығуында, әдетте, жылдамдықтың тұтқиылдан, күрт өзгеруі болмайды. Дене жаттығуларын орындағанда бүкіл дененің қозғалыс жылдамдығы және дененің жеке мүшесінің шапшаңдығы бөлініп алынады. Бүкіл дененің қозғалу жылдамдығы дененің жеке мүшелерінің шапшаңдығына және басқа факторына (аяқ-қолдың ұзындығына, сыртқы орта кедергісіне т. б.) тәуелді болады. Жылдамдықты оптималды және максималды деп бөледі. Жылдамдық ұлғайған сайын нәтиже де жоғары болады, дегенмен, мейлінше жақсы нәтижеге жету үшін максималды емес қозғалыс жылдамдығының әр адам үшін оптималды болуының маңызы зор. Қозғалыс жылдамдығы ықтиярлы (тауға шыққанда) және ықтиярсыз (таудан түскенде) болуы мүмкін. Дене тәрбиесі процесінде айналысушыларды қозғалыс жылдамдығын оны өзгерте отырып меңгеруге үйрету өте маңызды («жылдамдықты сезінуді» дамыту, белгіленген жылдамдықты ұстану).