Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Циклді, циклсіз және аралас типті жаттығулар



бет55/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Циклді, циклсіз және аралас типті жаттығулар. Циклдік қозғалыстар (жүру, жүгіру, жүзу, шаңғы тебу, коньки тебу т.б.) циклдерінің заңды бір ізділігімен және циклдегі қозғалыс элементтерінің байланысымен сипатталады. Циклсіз қозғалыстарда (лақтыру, секіру т. б.) әр жаттығу аяқталған әрекет болып табылады. Аралас қозғалыстарда (жүгіріп келіп секіру) циклді жаттығулар циклсіз жаттығулармен жалғасады.
Биомеханикада жаттығуларды үдемелі (тұрған жерден ұзындыққа секіру т.б.) және айналмалы (диск лақтыру т.б.) деп бөледі. Физиологияда - қуаты әртүрлі жаттығулар.
Сонымен бірге жаттығулар табиғи және абстрактылы болып (еркін, аналитикалық) бөлінеді. Табиғи жаттығулар (жүру, жүгіру, велосипед тебу, т. б.) күнделікті өмірде және еңбектің кейбір салаларында қолданылады. Абстрактылы жаттығулар дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін арнайы жасалған. Оларға бұлшық еттерінің жеке топтарына, дененің кейбір бөліктеріне арналған жаттығулар және қалпы өзгертілген табиғи қозғалыстар (бір орында тұрып жүгіру, жүру т. б.) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет