Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет180/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Бір орыннан ұзындыққа секіру. Егер осы дағдының даму деңгейін есепке алу бөлмеде жүргізілетін болса, онда еденге гимнастикалық төсеніш төселеді, егерде алаңда өткізілетін болса, онда балалар құмды орға секіреді. Мүмкіндігінше алысқа секіру үшін балаға жіптің жанында тұру ұсынылады. Жіптен өкше тиген жерге дейінгі арақашықтық өлшенеді. Аралық сантиметрлік лентамен белгіленеді. Секіру екі рет қайталанады. Екі секірудің де сандық көрсеткіштері жазылғанымен, жалпы бағаны қорытындылағанда ең жоғары көрсеткіш есептелінеді. Бір орыннан секірудің сандық және сапалық көрсеткіште­рі мына формада белгіленеді:





Аты-жөні

Сапалық көрсеткіштер

Сандық көрсеткіштер,
см

Бастапқы жағдай

Жиырылу

Серпілу

Қарғу

Жерге
түсу

Тепе-теңдік сақтау




























Бір орыннан ұзындыққа секірудің дұрыс орындалу көрсеткіштері: бастапқы жағдайда-аяқтардың алшақтығы табан жалпақтығымен бірдей, қол дене бойымен төмен түсірілген; жиырылып тура секіргенде-қол алға, жоғары артқа белгілі межеге жеткенше жіберіліп өкшемен көтеріліп, содан кейін қолды алға-төмен артқа түсіріп аяқтар тізеден иіледі де, жартылай отырады, еңкейеді, кеуде алға серпілгенде аяқтарды түзеп, қолды алға, жоғарыға жіберіп, қатты серпінмен қарғу керек; қарғығанда-аяқтар тізеден бүгіліп, кеуде жоғары-алға кетеді; жерге түскенде-аяқты алға жіберіп өкшемен жерге түсіп, ал тізе бүгулі күйінде қалады; тепе-теңдікті сақтау үшін қолдарды алға жіберіп иық кеңдігінен алшақтау ұстау керек (бұл жағдайда жауырын бір-біріне жақындайды). Сосын қолды төмен түсіріп, түзуленіп түскен жерінен кейін кету керек. Егер бала секіру техникасының белгіленген кейбір элементтерін дұрыс орындамаса, бағанға минус таңбасы қойылады. Екпінмен ұзындыққа секіруді тексеру үшін сапалық көрсеткіштегі «жиырылу» бағанының орнына «Eкпін» бағанын қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет