Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет177/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Қорытынды есеп. Әрбір алты айдан кейін, сондай-ақ жыл аяғында дене тәрбиесінің жұмысы бойынша қорытынды жүргізіліп, онда балалардың қазіргі денсаулықтары, денесінің дамуы, дайындығы т.б. талданады. Кемістіктер табылса, олардың пайда болу себептерін анықтау керек, сонымен бірге дене жаттығулары сабақтарының әдістемесін одан әрі жетілдіретін нақты ұсыныстар жасалынады. Қорытынды есепті талдаудың негізінде тәрбиешілердің жұмысы туралы есеп беріледі, онда жетістіктері, кемшіліктері, нақты ұсыныстары белгіленеді. Тәрбиешілердің жақсы тәжірибелері Педагогикалық оқуда баяндама түрінде де енгізілуі мүмкін. Мектепке баратын әрбір балаға мінездеме беріліп, денсаулық жағдайы, дененің даму деңгейі, ең басты қозғалыстар бойынша физикалық дайындығы (жүгіру, секіру т.б.), сонымен қатар шаңғы, коньки, велосипед тебе ала ма, жүзу біле ме, бәрі көрсетіледі. Бұдан өзге де қимыл-қозғалыс ойындарын көрсету тиімді, онда балалардың ойынды ұйымдастыру қабілетінің бар-жоқтығын көрсетеді. Бұл мәліметтер мектеп мұғаліміне 1 сынып оқушыларымен дене тәрбиесі жұмысын дұрыс жоспарлауға көмегін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет