СӨЖ
Тақырыбы: Әртүрлі жас топтарынада денешынықтыру іс-әрекетін жоспарлау
Орындаған: Паиз Жазира
3 курс 301 топ
Тексерген: Жубандыкова Акгул Мурзалиевна
2022
Жоспарлау - бұл белгілі бір уақыт аралығында қандай құралдармен, әдістермен, қандай ұйымдастыру формаларында дене тәрбиесінің міндеттерін шешетінін, сондай-ақ одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала көре білу. Дұрыс жоспарлау белгілі бір жүйеде және бір ізділікте дене шынықтыру жаттығуларын қолдана отырып, көзделген мерзімде оқу-тәрбие жұмыстарында мейлінше, жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Есепке алу - бұл денсаулық жағдайын, дененің даму деңгейі мен дайындығын анықтау. Осы есепке алудың негізінде жұмыс жоспары жасалады. Есепке алу балалардың түрлі көрсеткіштерінің өзгеруін көруге жоспарлаудың дұрыстығын анықтауға, оған дер кезінде кейбір өзгерістерді енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлау мен есепке алу бір-бірімен байланысты. Тек дер кезінде мұқият есепке алу және жұмысты дұрыс жоспарлау арқылы ғана денені жетілдіруде жоғары көрсеткіштерге жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелерде жалпы жұмыс жоспары жасалады. Әрбір топ үшін бір жылға дене жаттығуларын белгілейтін жоспар-график, апталық күнтізбелік жоспар, дене шынықтыру сабақтарының, ертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс ойындарының, дене тәрбиесінің басқа да формаларының жоспар-конспектілері талдап жасалады. Сондай-ақ, тәрбиеші әдістемелік жұмысты, ата-аналармен өткізілетін шараларды да жоспарлайды.
Жалпы жұмыс жоспары (жылдық жоспар). Бұл жоспарды барлық педагогикалық ұжымның қатысуымен мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі жасайды. «Дене тәрбиесі»- бөлімінде алдағы жылдың негізгі міндеттері көрсетіліп, атқарылатын жұмыстарға дайындық, оларды өткізуге қажетті шаралар алдын ала белгіленеді. Мысалы, балаларды шаңғы тебуге, жүзуге, т. б.- ға үйрету міндеті қойылады. Осыған орай, шаңғы және шомылу костюмдерін сатып алу, шаңғымен жүретін орындарды белгілеу, хауыздарды жабдықтау жұмыстары да белгіленеді. Тәрбиешілерді (әдебиеттер оқу, үйрету әдістерін талдау т. т.), балаларды (оларда қажетті дене қасиеттерін дамыту), ата-аналарды (әдебиеттерді оқу, костюмдер сатып алу т.б.) даярлау. Жоспарда тәрбиешілердің мамандығын арттыруды қарастыру маңызды: дене тәрбиесі бойынша нақты мәселелерді зерттеу және оларды педагогикалық кеңестерде талқылау, үйірмелерде, семинарларда, әдістемелік бірлестікте, балабақшаның жұмыс тәжірибесін талдап қорыту, баяндама дайындау, педагогикалық оқуларда сөйлеу. Бұдан басқа қабырға газеттерін, ата-аналар бұрышын, спорт мерекелерін пайдалана отырып дене тәрбиесін насихаттау жөніндегі шаралар белгіленеді. Жоспарда тәрбиешілердің, музыка жетекшілерінің, мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерінің денсаулық жағдайын, дене күшінің дамуын, дене дайындығын жақсарту жөніндегі жұмыс формалары (спорт секцияларындағы жалпы дене әзірлігі топтарындағы сабақтар, дене жаттығуларымен өз бетінше айналысу, т.б.) көрсетілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |