Байланысты: Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп педагогтары арасындағы байланыс формалары алуан түрлі:
1-сынып бағдарламасы мен «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасын» бірлесіп талқылау және зерттеп үйрену, олардың сабақтастығын терең түсіну;
мұғалімдерді мектепке дайындайтын топтағы жұмыс формаларымен сондай-ақ балалардың мектепке дейінгі ересек шақтың аяғына қарай алған білімінің, іскерлігінің дәрежесімен таныстыру; осы мақсатпен бастауыш сыныптар педагогтарының балалар бақшасындағы сабақтарға (жылдың басында, ортасында және аяғында) катысқаны, мектеп жасына дейінгі балаларды қадағалап отырғаны, олардың ішіндегі жекелеген балалармен әңгімелескені, мектепке дайындайтын топтардағы жұмыстың қорытындылары бойынша балалар бақшасында өткізілетін педагогикалық кеңестерге қатысқаны жөн;
өз шәкірттерінің жаңа ұжымда өзін қалай көрсеткенін, 1-сынып бағдарламасын қалай меңгергенін, қандай қиыншылықтарға кездескенін білу үшін мектептегі оқытудың алғашқы айларында тәрбиешінің өз шәкірттерін қадағалауы; бірінші сынып оқушыларының үлгерім қорытындысы бойынша өткізілетін педагогикалық кеңеске қатысу;
мектепке дейінгі балалардың мектепке жан-жақты дайындалу проблемалары бойынша конференциялар мен педагогикалық оқулар өткізу;
педагогикалық және психологиялық әдебиет жаңалықтарын бірлесіп талқылау, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің балаларды мектепке оқытуға бірлесіп дайындау жөніндегі жұмысының озат тәжірибесімен танысу.
Балалар бақшалары мен мектептердің осындай байланыстары нәтижесінде олар өзара түсінісетін болады. Тәрбиешілер мектептің талаптарын, балаларды оқуға дайындау міндеттерін айқынырақ сезінеді де табысты орындайды. Ал мұғалімдер, өз тарапынан, балалар бақшасының міндеттеріне, оның жұмысының мазмұны мен әдістеріне тереңірек үңілетін болады, мұның өзі олардың тәрбиелік ықпал ету әдістерін сабақтастыруға мүмкіндік береді. Мектепке дайындайтын топтағы балалар мен мектеп оқушыларының арасындағы байланыс оқу жылы бойына үзілмейді. Мектепке дейінгі балаларды мектеппен, оқушылардың оқуымен және қоғамдық өмірмен таныстыру балалар бақшасы шәкірттерінің тиісті ұғымын кеңейтіп, олардың мектепке ыкыласын, күшейтеді. Бұл жұмыстың формалары алуан түрлі: мектепке экскурсия жасау мектеп мұражайына, кітапханаға, шеберханаға бару, оқу сағаттарын, ертеңгіліктерді, музыкалық-әдеби кештерді, спорт жарыстарын бірлесіп өткізу, суреттер мен бұйымдар көрмелерін, балалар бақшасының бұрынғы шәкірттерімен кездесулер, әңгімелер өткізу. Балалар бакшасы мен мектептің арасында байланыс пен шығармашылық ынтымақ орнату - балаларды жүйелі оқытуға дайындау міндетін ойдағыдай шешудің кажетті шарты. Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дене қимылын, дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, тәрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені, сабақтастық туралы мәселе өткір қойылуда. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Сондықтан, бұл мәселе мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларында, құжаттарда көрініс тауып, білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілуде. Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады. Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады. Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.
Бұл:
мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;
әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы).
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6-7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып, мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
салауатты өмір сүру салтының құндылығына (денсаулығын сақтау, мәдени-сауықтыру шараларын қамтамасыз ету, дене жаттығулармен айналысу) балаларды қатыстыру;
эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әртүрлі көркемдік іс-әрекет (қимыл әрекеті) түріне жағдай жасау;
талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру.
Бастауыш мектептің міндеттері:
салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;
қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскерлік) ;
мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
әртүрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;
мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету.