Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Бұл орайда, педагог қауымның алдына қойған қосымша - ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.
Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнайы дайындығы және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі.
Жалпы бала, отбасы, қоғам, мектеп, балабақшаның негізгі қызметтері төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: |