Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет40/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Материалдық факторлар (спорттық құрылыстар, құралдар, киім және т.б.) көп жағдайларда спорттық міндеттерді (шапшаңдықпен жүгіріп өту, биікке секіру, т.б.) шешуге және кейде жалпы білімділік, сауықтыру міндеттерін арттыруға әсер етеді. Жоғарыдағы айтылған талаптар ескерілген кезде денені шынықтыру, еңбек, оқу қызметтері артады.


4.Дене жаттығуларына сипаттама
Дене жаттығулары адам алдағы тұрған еңбек әрекеттеріне (аң аулау, еңбектің пайда болуы, әртүрлі құралдарын жасау т. б.) алдын ала дене әзірлігі қажет екендігін ұғынған кезеңде пайда болады. Тәжірибе адамға аң аулауға денені алдын ала әзірлеу мен оның нәтижелерінің арасындағы байланысты анықтауға және жиналған қимыл-қозғалыстық тәжірибені бір-біріне берудің маңыздылығын бағалауға мүмкіндік жасайды. Мәселен, адам аң аулауға шығудан көп бұрын алдағы атқарылатын әрекетке машықтанады: аңның бейнесін (сурет, тұлып т. б.) жасап соған дәл тигізуге талпынды. Осындай әрекеттерді көп рет қайталау процесінде адамда нысанаға дәл тигізе білушілік қалыптасып, көзбен шамалау, күш, басқа да дене қасиеттері дамиды. Сөйтіп дене жаттығулары алғашында еңбекте қолданылатын қимыл-қозғалыстардан тұрды. Кейін дене жаттығуларының дамуына әскери істер, ғылым мен өнер елеулі әсерін тигізді. Қоғамның және дене тәрбиесінің өзінің дамуымен бірге еңбек әрекеттері формалары мен дене жаттығулары формалары арасындағы ұқсастықтар жойылып кетті. Бұл қимыл-қозғалыстық күрделі әрекеттен жеке жаттығуларды бөліп алуға (әр түрлі қашықтыққа жүгіру, алысқа лақтыру, ұзындыққа секіру т. б.) және оларды дене тәрбиесі мақсатында қолдануға мүмкіндік берді. Дене тәрбиесі теориясы мен практикасының дамуы процесінде аналитикалық жаттығулар деп аталатын жаттығулар (бұлшық еттердің жеке топтары үшін затсыз және затпен, зат үстінде, гимнастикалық снарядтар, т. б. үстінде жалпылай жетілдіру жаттығулары), сондай-ақ ойындар (волейбол, баскет­бол, футбол, хоккей т. б.) арнайы жасалды. Қазіргі кезде сан алуан дене жаттығулары бар және олардың дамуы жалғаса бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет