Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет43/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Техниканың анықтауыш буыны - бұл белгілі бір қозғалыс техникасы негізінің мейлінше, маңызды және шешуші бөлігі. Мысалы, жүгіріп келіп биіктікке секіру үшін техниканың анықтауыш буыны - екінші аяқтың алға қарай жоғары көтерілуімен жалғасып жататын бір аяқпен серпіле секіру, ал алысқа лақтыру үшін лақтыруға жұмсалатын соңғы күш болады. Жаттығуларда анықтауыш буынды орындау, әдетте, салыстырмалы түрде қысқа мерзімде өтеді және бұлшық еттің көп күш жұмсауын талап етеді.
Техника бөлшектері - бұл жаттығудың екінші дәрежелі ерекшеліктері, олар техника негізін бұзбай өзгеріп отыру мүмкін. Мысалы, допты лақтырған соң теңдік сақтап қалу үшін дене тәрбиесімен айналысушылардың кейбіреулері аттап барып тоқтайды, ал енді біреулері артқы аяқты алдыңғы аяқ жанына қояды да екпінін тоқтатады. Техника бөлшектері адамның морфологиялық индивидуалды және функционалды ерекшеліктеріне және жаттығудың қандай жағдайда орындалатындығына тәуелді болады.
Дене жаттығулары бірінен соң бірі белгілі сәтте келіп отыратын фазалардан (немесе бөліктерден) тұрады. Белгілі бір қимылды құрайтын қозғалыс тиісті ретпен орналасады. Олай дейтін себебіміз, қай бір жаттығу болмасын, белгілі бір қозғалыспен басталып, екінші бір қозғалыспен аяқталады. Танымдылық және дидактикалық мақсаттар көзделген жағдайда дене жаттығуларын үш фазаға бөліп қарау орынды.
Дайындық фазасы негізгі фазаны орындау үшін мейлінше жақсы жағдай болуды қамтамасыз етеді. Мысалы, допты алысқа лақтыруда құлаш сермеу кезінде қол мен кеуденің қозғалуы лақтырған кездегіге (негізгі фаза) қарама-қарсы болады. Жүгіріп келіп қарғуда - аяқты бүгу және серпілудің алдындағы қолдың сермелуі де осы фазаға жатады. Мұның өзінде негізгі фазада күрт және қатты жиырылатын бұлшық еттер созылады. Қолдың қозғалыс жолын ұзарту доптың алысқа лақтырылуын қамтамасыз етеді. Биіктікке секіру кезінде адам негізгі фаза орындалатын бағытқа қарай жүгіреді, бұл жоғары қарай серпілу күшін арттырады және биік кедергіден асып түсуге мүмкіндік береді.
Негізгі фаза басты қимыл-қозғалыстық міндеттерді шешуге бағытталған. Мәселен, лақтырғанда допты қолдан шығаруға, секіргенде қатты серпілуге, кедергіні алуға бағытталады. Сол сияқты, бір орында тұрып, қос аяқтап секірген кезде аяқпен итерілгеннен кейін - ұшу негізгі фазаға жатады. Бұл фазада қозғалыс күштерін тиісті жерінде, бағытында және қажетті сәтінде орынды жұмсау маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет