Байланысты: Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Уақыттық сипаттамалар. Уақыттық сипаттамаларға жаттығуды және оның бөлшектерін, жеке статикалық жағдайларды орындау ұзақтығы мен қарқыны жатады. Дене жаттығуларын орындаған кезде техниканың жеке бөлшектері әртүрлі ұзақтықта атқарылады (лақтыру кезінде құлаштау лақтырудан жайырақ орындалады). Жеке статикалық жағдайларды (тік тұру) және дене мүшелерінің қозғалыстарын орындауға әртүрлі уақыт бөлінуі мүмкін. Жаттығудың, оның жеке бөлшектерінің ұзақтық өлшемін біле отырып, түсетін салмақтың жалпы ауқымын анықтауға және оны реттеуге болады. Қарқын - уақыт бірлігінде қозғалыс циклдерін немесе қозғалыс санын қайталау жиілігі (жаяу жүру қарқыны минутына 120-140 адымға тең). Қозғалыс қарқыны дененің қозғалатын бөліктерінің массасына тәуелді (мысалы, қолдың саусақтары секундына 8-10, ал кеуде 1-2 қозғалыс жасай алады). Қарқынның өзгеруіне қарай көбіне, қозғалыстың барлық құрылымы сапалық өзгеріске ұшырайды. Мысалы, қарқын белгілі шектен асса, жүріс жүгіріске айналады (минутына 180-200 адым). Козғалыс қарқынының өзгеруі денеге түсетін жүктің артуына немесе азаюына әкеледі. Әр адамның қозғалысты атқаруының индивидуалды қарқыны бар. Бұл организм ерекшеліктеріне (бой, салмақ, жүйке жүйесінің типі) тұтас алғанда жеке адамдық қасиетке (жалпы белсенділік т. б.), сондай-ақ сол бір қозғалысты меңгеру деңгейіне тәуелді. Дене жаттықтырумен жүйелі айналысу нәтижесінде қозғалысты орындаудың индивидуалдық қарқынын өзгертуге болады.