Динамикалык сипаттама. Адам денесінің қозғалысына әсерін тигізетін күштер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі күштерге жататындар: тірек-қозғалыс аппаратының сылбыр күштері (бұлшық еттерінің серпінділігі, тұтқырлығы т.б.), қозғалыс аппараттарының белсенді күштері (бұлшық еттерінің тарту күші), реактивті күштер (үдемелі қозғалыс процесінде дене буындарының өзара әрекеттесуі кезінде пайда болатын қайта тебетін күштер). Сыртқы күштерге - адам денесіне сырттан әсер ететін күштер жатады: өз денеңнің салмақ күші, сүйеніш реакция күші, сыртқы орта (су, ауа, құм) кедергілерінің күштері және сыртқы дене (күрестегі қарсылас, акробатикадағы әріптес), сыртқы ауырлық (нығыздалған доп, штанга) күштері адам орнынан қозғайтын денелердің инерциялық күштері. Адамның қимыл-қозғалыс әрекеті бұлшық еттік тарту күштерінің басқа ішкі және сыртқы күштермен өзара әрекеттесуінің қосымшасы ретінде қарала алады. Дене жаттығуларын орындаған кезде кедергі жасайтын күштерді азайтумен бірге қозғалтқыш күштердің бәрін мүмкіндігінше толық пайдалануға талпыну керек. Қозғалысты дұрыс меңгергендерде өзара әрекеттес күштердің арақатысы орынды, тиімді, үнемді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |