«Балалар спорты» дегеніміз арнайы дайындық негізінде, алдынала үйренген қозғалыс кимыл мүмкіншіліктерін толығынан пайдалану арқылы өз қатарлары арасында өткізілетін жарыстарда өнер көрсету деп білеміз. «Жасөспірімдер спорты» деген түсінікке талдау беретін болсақ, оның шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасөспірімдер тобымен анықталады. Бұл түсінік шартты, оның себебі спортқа қыз балалардың катысуына байланысты. «Mектептегі спорт» деген түсінік қатысушылардың белгілеріне қарағанда, «балалар спортына» сәйкес. Бұлтүсініктің айырмашылығы «балалар спортын» мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, мектептен тыс мекемелер ұйымдастырса, «мектеп спортын» мектеп ұйымдастырады.