. ӘОЖ37.1276.26.
Мектептен тыс мекемелер жұмысындағы инновацияның мәні.
Тулеуова Л.К. магистрант,
Инженерлік Педагогикалық Халықтар Достық Университеті
Резюме
В статье расмотрена сущеность и значение инноваций и иновационный технологии в деятельности вне школьных учреждениях Казахстана.
Summary
In this article the meaning of essentially innovation and innovational activity technologies out of school establishment in Kazakhstan.
XXI-ғасыр қоғамдық өмірің барлық саласында жаңа қозғалыстар мен өзгерістердің екпінді түрде орын алуы мен адамзат дамуының жаңа кезеңге жеткенін аңғартады.
Қазақстандағы өзгерістерде қоғам мүшелерін әсіресе өскелең жас ұрпақты адамзат дамуының жаңа кезеңдерінде болу мүмкіндігі ықтимал іс-әрекеттерге жан- жақты даярлауды яғни, кез- келген өмірлік мәселелерді шеше білетін тұлға тәрбиелеуді кезек күттірмес міндетке қоюда. Мұндай күрделі мәселені шешу мақсатында барлық әлеуметтік- тәрбие мекемелер қызметкерлерді күнделікті ізденістер арқылы өзгерістер мен жаңалықтарға батыл қарым- қатынас жасап, заманауй инновациялық технологияларды пайдаланып,өздерінің инновациялық даярлық деңгейлерін арттыруы талап болып жатыр.Жұмыс түрлерін, формалары мен әдістерін, құралдарын одан әрі жетілдіріп,тиімді амалдарды нәтижелі қолданудың жолдарын іздестіру уақыттан қалмай өркениетке қосылудың жалғыз амалы.
Қазіргі тәжірибелер көрсеткендей мектептен – тыс мекемелері мамандарының инновациялыяқ ұғымды түсінуде орын ауыстырушылықтың себебі түсінік мазмұның мамндарға әлі де беймәлім, болуында. Сондықтанда инновация ұғымына түсінік беру қажеттілігі туындайды.
Қақстанда « инновация » ұғымы соңғы онжылдық аралығында ене бастады.
Педагогикалық инновацияға да қазақстандықтар тарапынан түсінік берілген.
Инновациялық үрдісті тәлім- тәрбие мекемелерінің жаңалықтарды жинау тарату, сақтау, меңгертудің дәстүрлік амалдардан бөлектеу қызмет түрі деген түсінік. Негіздеген
(Ысқақ Ж.Ы. Омар Е.О. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі .Шымкент 2008.б 101-114) Анықтамалық сөздіктерде де ұғымның этимологиялық негіздерді ,яғни « ново верение,» «новое,» « новшство» т.б сөздер түбірінің инновациялық ұғымына тектестік қазақша мағыналық түсініктерді көрсетілген.Ал педагогикалық энциклопедиядағы түсініктемеде «инновацияны»- латын тілінен аударғанда - «новый» синонимдік сөз тұрғысында обновлене- жаңарту, «новинка-жаңалық», «өзгеріс»- деп береді.Сонымен тәлім- тәрбие үрдісіне қатысты нақтылықта инновация ұғымы білім беру, тәрбие жұмыстарына жаңалықты енгізу , яғни жаңа амалдарды, әдістерді, құралдарды, тұжырымдарды жасап , оларды тиімді қолдану деген мағынаны білдіретіні байқалады.Дегенмен , ғалымдар мен практиктер арасында инновация ұғымын әр түрлі мағынада түсінудің орын алып жатқанын бір ұғымның әртүрлі мағынада айтылуынан немесе пайдалануында деп түсінеміз. Сондықтанда мамандар арасында бір мәселені пара-пар (АРЕКВАТТЫ) айқтылықта түсінуде қарама- қайшылыққа ұрынудың орын алуы мүмкін. Осы бір жағдайдың өзі терминологиялық аппараттың даму мәселелесінде шешімін әлі де бар екендігін көрсетеді. Қазақстандық ғалым Е.О.. Омар жоғарыдағы мәселеге қатысты пікірінде яғни ғалымдар беретін анықтамалар мен түсініктерде ұғымдар мәнін , міндеттерін көрсетуде әртүрлі белгілерге негіз артудың жатқандығын айтады. (2/Омар Е.О. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі- Түркістан,2008 б,188-191). Инновациялық мәніне түсінік орындалатын іс-әрекет , жұмыстың қандай нақты бір түріне, яғни ой немесе дене түрлерінің біріне немесе тарту, орындау, білім алу, билік қалау т.с.с., қатыстылық шамасына да байланысты берілетін сияқты болып та көрінеді. Сонымен инновацияны түсінуімізде құбылыс (білім мен тәрбиенің немесе оқу- тәрбие т.б. жұмыстардың сыңарларының бірін ұйымдастыру мысалы жаңа мазмұнды) немесе мақсатқа жеткізетін бағдарлама, белгілі шектен шыққан сипалық немесе үрдіс нәтижесіндегі жаңашылдық сияқты белгілерге арқа сүйеу жатқаны аңғарылып тұр. Мұндай жағдайдан мектептен тыс мекемелер жұмысындағы инновация мәні мен міндеттерін дәлме- дәл ажыратып беру қиындыққа соғатын сияқты көрінеді. Дегенмен педагогикалық бағыттылықтағы инновацияны іс- әрекет мазмұнында, формасында, әдістері мен технологияда, түрлерінде , ұйымдастырудағы жаңа нәтиже деп қарау дұрыс. Орта өзгерістері қашанда адам әлеміне де үлкен өзгерістері жасайтыны табиғи заңдылық. Осы жақдайдан динамикалық сипаттағы рухани талап – тілек қанағаттандыру амалы жаңа сапалық деңгейдегі өзгеріске түсті.Инновациялық технологияларды қолдану мектептен тыс мекемелер жұмысында да ипалық деңгейді тиімді көтерудің белсенді элеметіне айналды. Қазіргі кезде мектептен тыс мекемелердегі иновацияның бір қатар ерекшеліктерін ажыратып көрсетуге негіз боларлық үлгі бар. Олар; біріншіден,республикадағы тәлім тәрбие өрісіне енген жаңалықтардың дерлігі жергілікті авторлық болып табылмайды. Яғни, шетелде тәжірбиесінен, шеттен алынған үлгілердің көшірме түрлері. Екіншіден жаңа енген жаңалықтар әсіресе ауыл жасөспірімдеріне жетіспеуде. Үшіншіден, жаңа енген жаңалықтарда қоғам мұратына сай педагогикалық бағдарға сайма- сайлық үйлесімдегі жақын келе бермейтін түрлері де бар. Олардың д дегенін құмар ойындар қалайды.Рухани – мәдени ұғымдардың балалар мен жасөспірімдерді ақпараттық материалдармен қамтамасыз етуге арналған «интернеттік қызмет өтеу » түрлі мектептен тыс жұмыстың инновациялық технологиясының жаңа енген әлемдік үлгісі. Қазіргі таңда қызығушылықтың көптеген түрлерінен қанағат алу мақсатында «интернет клубынан » Сұраныс өсуде.Әсіресе интернет клуб жұмысында білім беру бағдарламары арқылы өз бетінше білім жетілдіру қолдау тауып ептілігі аруда. Интернет клубтың ақпараттық қызмет өтеу жұмыс түрі жасөспірімдердің интелектуалдық даму қайнарына айналуда. Жұмыстың көрсетілген түрлерін жетілдіру , жаңа амалдарын іздестіру уақыттан қалмай өркениетке қосылудың жалғыз амалы болып тұр. Әлеуметтік мәдени- тәрбие мекемелерінің оның ішінде мектептен – тыс мекемелердің бүгінгі негізгі мақсатына қоғам мүшелерінің . әсіресе өскелең жас ұрпақтардың шығармашылық және танымдық мативациясын дамыту, әртүрлі жеке даралық талап- тілектерін қанағаттандыру мен кәсіп таңдау еркіндігіне оның бағдарын айқындауына жәрдемдесу, нарықтық өмірге бейімдеу , салауатты, өмір салтына тарту , демалыстың сән- салтанаттылығына жағдай жасау міндеттері кіріп тұрғанда педагогикалық инновацияны түрлендіру, түрлерін көбейтіп, жаңа сынайлық көрсеткіштеріне ие болу жауаптылығын алға тарта бермек. Мектептен тыс мекемелердегі инновация үрдісі мазмұнды жананы ұйымдастыруда және қалыптастыруда , жаңа сапалық деңгейге көтерілуде артықшылығымен даралану мүмкіндігіне ие. Өйткені мектептен –тыс мекемелерде жұмысқа балалар мен жасөспірімдерің қатысуы емін- еркіндікпен таңдап- талғап алу принципіне негшізделген. Сондықтанда мектептен- тыс мекемелердегі қарым- қатынас «объект-субъект» қ қалпында емес,субъект-субъектҚалпындағы қатынасқа, яғни қатысушыларды тәлім-тәрбие саласының қызмет субьектісі ретінде қалау идеясына құрылады. Олай болса мектептен тыс мекемелер қызметінде педагогикалық процестің екі субъектісі касіби маман мен келушібалалардың өз ара әріптестік сипатты байланыстағы жүйені құруы басты шарт болып табылады. Сондықтанда мектептен тыс мекемелерде педагогикалық процесс нақты шарадан бастап өмірдегі сан- салалы мәселелерді шешуге құрылған өту қажеттілігі табиғи шарт ретінде танылуы керек.Мектептен – тыс мекемелер қызметі әрбір өскелең жастардың тұлғалық қалыптасуын оның даналық ынташылдығы мен ұсынылған бағдарламаларды емін- еркін тандауын ескере отырып, тұлғалық даму идеясына құрылған жаңа гуманистік құнды бағдарламалар аоқылы жүзеге асыратындықтан инновациялық технологияға жан-жақты қолдану көрсетілвуі таби ғи шарттылық болып табылатындығын көрсетеді. Қорыта келгенде қоғамда болып жатқан кең ауқымды өзгерістер мектептен- тыс мекеемелер жеке даралық дамуды қамтамасыз ете отырып жасөскіндерге басқа әлеуметтік – тәрбие ортаның жасайтын ықпалын тереңдетуге жпғдай туғызды және жетіспеушілікті толтырудың басқаша қарым-қатынас пен іс-әрекет ету жағдайында өтуіне мүмкіндіктер жасайтын болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ангеловский К. Учителя инновации. М., Просвещение, 1991.
Инновационное обучение и наука. Научно-аналитический обзор / Под ред. В.Я. Ляудис. М., 1992.
Развитие школы как инновационный процесс / Под.ред. М.М. Поташкина М., Новая школа, 1994.
Педагогика наших дней. Ш.А. Амонашвили, В.Ф. Шаталов, С.Н. Лысенкова. Краснодар, 1989.
Педагогическиетехнологии. Учебное пособие / Под общей ред. В.С. Кукушкиной. Ростов н/Д, 2002.
СелевкоГ.К. Современные образовательные технологии. М., Народное образование, 1998.
Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М., Педагогика, 1991.
Мектептен тыс мекемелердің шығармашыл тұлға тәрбиелеудегі әлеуеті.
Тулеуова Л.К. магистрант,
Инженерлік Педагогикалық Халықтар Достық Университеті
Қазіргі кезде өркениеттң дамуы, оның сипаты, қоғамдық санада адамға деген ой- пікірге үлкен өзгеріс жасады. Өркениеттің одан әрі қарай дамуы адам капиталына, яғни оның жан-жақты жетілуіне тікелей тәуілді екендігін толық аңғартты. Осы бір құбылыс әсіресе өскелең ұрпаққа деген көзқарасқа үлкен өзгеріс әкелді.
Атап айтқанда, қоғамдық санада адамзат баласы ғана барлық құбылыстың, оқығанның өлшемі бола тұра алатындығы туралы, адамға тек өндірістік күш ретінде емес оған бірегей құбылыс-тұлға ретінде қарау көзқарасты қалыптасты. Өйткені жан-жақты кемелденген тұлға тәрбиелеу оның барлық мән- мағыналы қуаты гуманды идеал күйінде қалмай қоғам дамуының аса қажеттіліктегі заңды әдетіне айналады. Осындай жағдайдан қазіргі кезде бос уақытты тиімді пайдалануға арналған мектептен тыс мекемелер қызметі түрлеріне деген сұраныстын күн санап арта түсуі табиғи құбылысқа айналды.
Өскелең ұрпақтың қол бос уақытын ұйымдастыру тетіктерін көбейтеу, межелік кеңістігін көтеру, кеңейту мәселесі мектептен тыс мекемелер қызметінің ең өзекті де негізгі мәселесіне айналды.
Мектептен тыс мекемелер қызметінің түпкі нәтижесі жаңа типтегі адам, тұлға қалыптастыру. Жаңа типке жататын адамда іске деген құштарлық, жауапкершілік, физикалық және ақыл-ой жұмыстарын орындаушылық пен басқару іскерлігін қалыптастыру қабілеті өте жоғары болады. Осындай адам ғана шығармашыл тұлға деп танылады. Кез-келген іс-әрекеттің шығармашылық сипатта орындалуы қоғам мүшелерінің өз бетінше білім жетілдіруне, танымдық белсенділігіне ынталық жасайды. Ендеше мектептен тыс мекемелер қызметі балалардың қоршаған орта шындығын, қоғамдық т.б. қатынастарды белсенді түрде меңгеру үрдісінде ақ қалыса бастайды. Осындай жағдайдын пайда болған алғы шарттылық, балалардың рухани мәдени,адамгершілік талап-тілектеріне және қызығушылығына негізделуі тиіс. Олай болса қазіргі жағдайда мектептен – тыс мекемелер жұмысында мазмұндық және әдістемелік жағынан түрленудің, толығудың жаңа талап деңгейіне көтерілуі табиғи заңдылық.
Мектептен тыс мекемелер қызметінің қоғамдық өмірдегі мән- мағынасына педагогикалық тұрғыдан жүгініп қарасақ мынадай:
Қоғамдық шиеленісті болдырмаудың;
Адамдармен ұлтаралық ынтымақты нығайтыудың;
Ұрпақтар сабақтастығы мен өзара ықпалдастық қарым—өатынас жасаудың;
Жеке даралық сұраныстар мен талап- тілектерді қанағаттандырудың;
Қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың, нығайтудың;
Қанағат сезімін жасау , дамытудың мазмұндық құрылымдық жағдайымен ашылады.
Сондықтан да мектептен тыс мекемелер қызметі өскелең ұрпақтың күш-қуатын іске асырудың аса маңызды құралы. Сондай-ақ ол рухани- мәдени орта мен оның айналасындағы тиімділікті қалыптастырудың да құралы. Өйткені мұндағы іс-шараларға әуестілік ортақ мүдделіктен пайда болады.
Сондықтан да әр бала іс-шараның тұтынушысы ғана емес, жасаушысы да болып табылады.
Тарихи тәжірибелерге жүгінсек кезінде мектептен-тыс мекемелер балалар мен жасөспірмдерді қоғамдық өндірістік қатынасқа үйрететін, қоғамдық еңбек тәжірибелерін насихаттайтын ортаның бір өрісі болған.
Ал ендігі жағдайда жеке даралық рухани дамуды қамтамасыз ете отырып,балаларға әлеуметтік –мәдени институттардың,оқу орындарының (мектептердің), отбасының т.б. ортаның жасайтын ықпалын тереңдету және өрістету үшін жағдай жасап, балалардың өз мүмкіндіктерін іске асыруына және жетіспеушілікті толтыруға бұрынғыдан басқаша қарым-қатынас пен іс- әрекет ету жағдайы мен мүмкіндіктерді жасауы керек.
Мектептен тыс мекемелер қызметі мазмұндылығының қазіргі болмыста оның инфрақұрылымдық жағдайына ғана тәуелді болмай,әрбір жеке дара баланың,топтың және көпшіліктің психологиялық ерекшеліктерімен санаса отырып осы жағдайға ыңғайланған әдістер мен формалардың ұйымды пайдалануына да байланысты болып отырғандығында. Мектептен тыс мекмелер қызметі әрбір баланың тұлғалық қалыптасуын, оның даралық ынташылдығы мен ұсынылған бағдарламаларды емін-еркін таңдауын ескере отырып , тұлғалық даму идеясына құрылған жаңа гуманистік құнды бағдарламалар арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қазіргі жағдайдағы мектептен тыс мекемелер қызметіне тән өзіндік ерекшеліктерге мұндағы іс-шараларға балалардың қатысу емін-еркінділігімен талғап-таңдап алу принціпіне негізделуімен қатар , әр түрлі жас деңгейіндегі балалар тобы мүдделері бірлігінің қалынуын, жұмыс мазмұндарының бейстандарттылығы мен алуан түрлілігін , оның формалары мен әдістерінің көп түрлілігін де жатқызуға болады . Сондықтан баланың тұлғалық әлеуметтену бағыттылығы мен даралық даму бағыттылығы мектептен тыс мекеме қызметінде үздіксіздігімен, сабақтастық байланыспен қамтамасыз етіледі. Олай болса , мкетептен тыс мекеме қызметі педагогикалық процестің екі субьектісі ; кәсіби педагогикалық мамандар мен балалардың өзара байланысы бар жүйе болып табылады. Мұнда жұмыс негізіне балалар мен кәсіби педагог мамандардың ортақ іске деген әуестігі алынатындықтан, балалар ортақ іс-шараның тұтынушысынан белсенді жасаушысына айналды. Ендеше мектептен тыс мекемелер қызметі бірқатар жалпылама белгілермен өзгешеленетін адам өмір сүруінің жеке даралық және ұжымдық амалы болыпта табылады. Мұндағы өмір сүру өлшемі балаларға деген ерекше құштарлық және әрбір баланың шығармашылық қабілетін,ынташылдығын, тану талапшылдығын, өзінің жақсы қасиеттерін, нормативтік ережелерге сай мінез-құлық ,құлық, мораль т.б. қалыптарды (нормаларды) саналы түрде жетілдірілген өз қабілеттерін айыра білудің өркендеуіне бағытталады .
Осы жағдайдан мектептен тыс мекеме-қызметі жүйесін құрушылар ;субьект, обьект, мақсат, мазмұн, әдіс-амал, материалдық - техникалық қор, үрдістің қаржылық қамтылуы сияқты сынарлардың (Компоненттердің ) бірде біреуінің зерделену яғни білу , қамтамасыз ету, процеске асыру барысында еленбеген жағдайда қалуына жол беруге болмайды. Тепе – теңсіздік, жүйе қызметінің құнсыздануына тіпті тоқтамауына дейін жеткізуі мүмкін. Ендеше құбылысқа бағдарланған жүйелік амал мағынасы аталған сыңарларды тұтастықтағы технологиялық үрдіс ретінде қараудың дұрыстығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |