Мектепке дейінгі жекеменшік ұйымды ашу тәртібі
Жекеменшік балабақша - өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және басқа нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыратын, мемлекеттік лицензиясы бар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарға сай мектепке дейінгі ұйым.
1.Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілер тізімі:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы; Казақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2010 жылғы 13 қаңтарда бекіткен «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын күтіп ұстау және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» «санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жыл 7 шілдедегі № 372 «Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың типтік ережелерін бекіту туралы» бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жыл 21 желтоқсандағы № 1353«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерін бекіту туралы» қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жыл 2 маусымдағы № 452 лицензиялау және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары ережелерін бекіту туралы» қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жыл 30 желтоқсандағы № 2301 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жыл 29 желтоқсандағы №1894 біліктілік талаптары мен медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережелерін бекіту және өзгерістер енгізу туралы қаулысы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жыл 28 қаңтардағы № 27 «Отбасылық балабақшалардың, «мектеп балабақша» кешендерінің, мектеп жасына дейінгі балаларды түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерінің, ата-аналарға арналған консулътациялық пункттердің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережелерін» бекіту туралы» бұйрығы.
Достарыңызбен бөлісу: |