Мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының психологиясы



бет1/9
Дата01.04.2022
өлшемі166,37 Kb.
#137622
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
f3bdb0ce-c3bf-472e-bdf4-f9ed3effd419

Кіші мектеп жасындағы балалармен жұмыс

Тексерген:Тұрсынбекова Н.Б

Орындаған:Мұқажан Мақпал

Жоспар:

  • Кіріспе.
  • Негізгі бөлім.
  • Мектеп жасына дейінгі кезеңде баладағы психологиялық ерекшеліктер.
  • Бастауыш сынып жасы.
  • Бала психологиясының даму деңгейі.
  • Қорытынды.

Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.

Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.


Отбасының бала тәрбиесіндегі міндеттері:
— баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлар мен түрлі мүмкіндіктер жасау; — баланы эмоционалдық қолдауды қамтамасыз ету; — баланың тіршілік іс –әрекетінде қауіпсіздік туралы алғашқы білім қалыптастыру; — балаларды өз – өзіне қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету; — тілдік қатынастың дамуын қамтамасыз ету; — баланың бейімі мен қызығушылығын дамыту.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде ( 3 -7 жас) бала организмінің дамуы қарқынды түрде өтеді. Бала организмінің жалпы өсумен жекелеген мүшелерінің анатомиялық түрде дамуы, олардың функцияларының жетілуі де байқалады. Ерте сәбилік шаққа қарағанда баланың әлеуметтік орны өзгереді, енді оның жасына сай кейбір қарапайым өздігінен атқаратын міндеттер пайда болып,үлкендерден тәуелділігі азаяды. Балабақшаға барған бала, белгілі бағдарлама бойынша жүйелі оқыту мүмкіндігі туады. Бала дамуының ерекшеліктері оған тән іс –әрекет түрлерінен ,әсіресе сюжеттік – рөлдік ойындардан көрінеді. Бала өзімен қатар басқа балалармен қарым – қатынас жасай бастайды. Бұл кездегі баланың жетекші іс – әрекеті – ойын. Ойынның арқасында балада сапалы психологиялық өзгерістер пайда болады, онда үйрену әрекетінің негіздері қаланады.
  • Ойын барысында баланың ырықты зейіні мен ырықты есі дамиды,оның өзі тілдің дамуына септігін тигізеді.
  • Ойынмен қатар бала психологиясының дамуында іс – әрекеттің тағы бір түрі – жемісті ,өнімді еңбек ету іс – әрекеті атқарылады. Оған — сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру жатады. Мектепке дейінгі балаларды кейбір жекелеген еңбек тапсырмаларды орындауға да үйретеді. Осының нәтижесінде бала оқу әрекетінің элементтерін игереді.

3. Ал оқу міндеті – қандай да болмасын бір жаңалыққа үйрену пайда болғанда ғана қалыптасады. Оқу міндетінің бөлінуі 6-7 жаста қалыптасады, осыған байланысты балалар үлкендер нұсқауын зейін қоя тыңдап, орындайды, өзін – өзі бақылауы пайда болады. Оқу әрекеті бала психикасына,оның қабылдау,зейін,ес, ойлау үрдістерінің ырықтылығы мен басқарылуына талаптар қойып, тиісті психологиялық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі. Баланың психологиясының дамуы мен қалыптасуына сенсорлық қабілеттер мен таным процестерінің қалыптасуы үлкен әсер етеді. Бұл кез баланың сезімдік тәжірибесінің молайып ретке келу шағы ,қабылдау мен ойлауы,қиялы күшті дамып,ырықты зейіні мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болады.
3 жастан 7 жасқа дейін көру , есту, тері – қимыл сезгіштігі едәуір жоғарылайды.көргіштігі артып, түстердің түрін ажыратуы жоғарылап,фонематикалық және жоғары дыбыстарды естуі дамиды.Қабылдаудың дамуы үшін сенсорлық эталондар жүйесін меңгерту зор. Сенсорлық эталандарға — спектр түстері ( 7 негізгі түс) , геометриялық пішіндер, музыкалық дыбыстар, тіл фонемалары жатады. Үшбұрыш — үй шатыры сияқты, дөңгелек – доп тәрізді, қызыл түс шиенің түсі . Баланың сыртқы дүние заттарын қозғамай бейнелер арқылы ойлай алуында осы заңдылық жатыр. Осының негізінде балада көрнекі – бейнелі және логикалы ойлау қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет