Мектепке дейінгі ұйым мен балалардың заңды өкілдерінің арасындағы



Дата22.04.2020
өлшемі15,5 Kb.
#64180
Байланысты:
Келісім шарт


Мектепке дейінгі ұйым мен балалардың заңды өкілдерінің арасындағы

КЕЛІСІМ ШАРТ

Шағын орталық "Ақбота" ересек топ деп аталатын ұйым Жарғысының негізінде әрекет ететін "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Диев орта мектебі" ММ директоры Мухамедиева Г.Х. бір жағынан және бұдан әрі "Ата-анасы" деп аталатын ( әкесі мен оларды алмастыратын тұлғалар)
Ата-анасының аты-жөні-----------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------

Баланың аты-жөні, туған жылы--------------------------------------------------------

Екінші жағынан ,төмендегілер туралы осы келісімшартты жасады:

1.Мектеп және МДШО-тың міндеті:

1.1 Білім бөлімшесінің жолдама және ата-ананың негізгі арызы бойынша,баланы қысқа мерзімге топқа қосу.

1.2 Баланың өміріне,физикалық,психологиялық жағынан денсаулығын бекіту,баланың даму ерекшілігін есепке ала отырып жеке жұмыс жүргізу, баланың эмоционалдық жай- күйіне қамқорлық жасау.

1.3 Мемлекеттік қалыпқа сай баланы оқу бағдарламасында түрлі әдіс-тәсілдермен оқыту,жеке тұлғаны дамыту,деңгейлеп оқыту т.б

1.4 Баланың жас ерекшелігіне сай және жеке ерекшелігіне,оқу бағдарламасы мазмұнына байланысты ұйымдастыру. Денешынықтыру жұмысын жүзеге асыру:шынықтыру,қозғалмалы жаттығулар,сыныпта дамыту ортасын ұйымдастыру,құралдар мен оқу -құралдарымен қамтамасыз ету.

1.5 Балаға тегін дәрігерлік қызмет көрсету.

1.5 Санитарлық-гигиеналық іс- шаралар.

1.6 Шағын орталық тобының графигін жасау.

1.7 Баланың келмеген уақытында орнын сақтау.

1.8 Баланың мүлкін сақтауды қамтамасыз ету.

1.9 Баланың топқа бейімделгенге дейін уақытта ата-анамен бірге болуға рұқсат ету

1.10 Баланы оқыту және тәрбиелеуде ата-анаға білікті көмек көрсету

-Баланың мектепке үйрену кезіне арналған практикалық сабақтар және кезеңдер ұйымдастыру ,ойындар,психологиялық үрдісін дамыту,бірге мерекелер өткізу.

-Баланың денсаулығын нығайту және дамыту мақсаттарында ата-аналармен бірге болу.

1.12 Шағын орталықта балалардың болуы 1 жыл.

1.13 Топ жұмысы туралы ата-аналарға толық мағлұмат беру.

1.14 Шартты бұзбау.

2 Ата-аналар міндетті.

2.1 Уставты және шартты қадағалау.

2.2 Баланың тәрбиешіге әкеліп тапсыру және алып кету,16 жасқа толмаған адамдарға тапсыруға болмайды.

2.3 Баланың киімі ,аяқ киімі таза болу кажет.

2.4 Баланың келмейтіні туралы ақпарат беру керек.

2.5 Көпке кететін болса,келерде бір күн бұрын айтып қою керек.

2.6 Баланың тәрбиелеу үрдісінде түгелдей ат салысу ,топқа материалдық технологиялық базасын нығайтуға көмек көрсету және балалар мекемесінің маңайын гүлдендіруге қатысу.

2.7 Баланың сабаққа арналған құралдармен қамтамасыз ету,тұрмыстық заттар ойыншықтар

2.8 Тәрбиешінің,психологтың,дәрігерлік қызметтердің берген кеңестерін орындау және үйде күн тәртібін сақтау.

3 Жетекші құқығы

3.1 Баланың денсаулығы туралы жазылған дәрігерлік қорытындыны негізіне ала отырып ,топта болуына рұқсат етпейді.

3.2 Тәрбиеші бала тәртібіне белгілі ұсыныстар бере алады.

3.3 Берілген кеңестерді жүйелі түрде орындамаса мына шартты тез арада бұзуға болады.

4 Ата-ана құқығы

4.1 Бала үйренгенше он күндей бірге болуға болады.

4.2 Осы шартта көрсетілген шарттардың орындалуын талап ету.

4.3Топтағы балалармен жүргізілетн жұмыс туралы директордың, меңгерушісінің және педагогтың берген есептерін тыңдауға болады.

4.4Осы шартты бұзу үшін шағын орталығына 15 күн бұрын ескертуі тиіс.

5 . Ерекше шарт

5.1Шарт қол қойылған бастап өз жұмысын бастайды және өзгертулермен қосымшалар енгізуге болады

5.2 Заңға сәйкес осы шартты екі жақта орындамаған жағдайда жауапты

5.3Шарттың орындалу мерзімі: 02.09.2019ж -25.05.2020жыл

5.4 Шарт екі дана болады: біреуі топта болады, екіншісі ата-анада болады.



Осы келісім шартқа қол қойған екі жақ.
Диев орта мектебінің директоры: Мухамедиева Г.Х ------------------------

Баланың ата-анасы: ------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет