Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану Сүлеймен Ә.Қ



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,2 Kb.
#95918
1   2   3   4
Дамыту технологиялары: Жеке басын дамытуға бағдарланған технологиялар баланың даралығын дамытуға жағдай жасайды: әртүрлі сенсорлық бөлмелер, жекелеген ойындар мен әртүрлі іс-әрекеттер ұымдастыруға арналып жасалынған орталықтар. Мектепке дейінгі ұйымдарда дамытуға бағытталған бағдарламалар: «Балбөбек», «Алғашқы қадам», «Тәй-тәй», «М.Монтессори әдісі» т.б. қолданылады.
Ойын технологиялары барлық мектепке дейінгі білім берудің негізі болып табылады (мемлекеттік білім беру стандарттары) аясында баланың жеке басы алдыңғы қатарға шығарылады және қазіргі уақытта барлық мектеп жасына дейінгі балалық ойын ойынға арналуы керек.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Бала бойында еркіндік, мақстакерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттерді дамыту.

Қорытындылай келетін болсақ, аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Жаңа инновациялық технологияларды қолдануда жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді, ертеңгі мұғалімдердер мен тәрбиешілерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.




Әдебиеттер тізімі:
1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. — //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004.
3. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Тараз, 2003.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет