Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану Сүлеймен Ә.Қ



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,2 Kb.
#95918
  1   2   3   4

Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану


Сүлеймен Ә.Қ.
ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан


Резюме
Внедрение новых технологий может быть обусловлено рядом причин. Инновационные технологии в дошкольном образовании используются, в первую очередь, для решения актуальных проблем, для повышения качества предоставляемых услуг, для реализации возрастающих запросов родителей.


Summary
The introduction of new technologies can be due to a number of reasons. Innovative technologies in preschool education are used, first of all, to solve urgent problems, to improve the quality of services provided, to implement the growing demands of parents.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» дей келе, қазіргі заманғы қазақстандық білім беру үлгісіне көшуде және әлемдік білім кеңістігіне енуде кәсіби білікті, құзыретті тәрбиеші – педагог қана өз жұмысын жаңадан құрып, жоғарғы нәтижелерге жетуде жаңа инновациялық технологияларды қолдану қажет екені баяндалған.


Бұл мақсатты жүзеге асыруда, білім берудің бастапқы баспалдағы мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті, мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, балалардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте, әдістеме өз-өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаз қызметінің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады.
Білім, тәрбие жұмысына жаңа әдістемелік амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа тұжырымдамаларды жасап, оларды қолдану «инновация» деп аталады. Қазіргі таңда педагогика ғылымында «оқытудың жаңа технологиясы», «оқытудың инновациялық технологиясы» деген ұғымдар кеңінен қолдануда.
Білім беру саласындағы "технология" үғымы өндірістік үдерістердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындағаны анық. Өндірістік үдерістердегі технология деп қолданғанда алдын-ала көздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық деңгейлердегі өнім алуға кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін айтады.
Кез-келген технологияның маңызы оның құрылымымен анықталады. Технология белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Ол үшін құралдар пайдаланылады, әдістеме жоғары деңгейге дейін жетіледі де, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі.
Инновациялық технологияларды пайдалану негізінде мектепке дейінгі білім беру тұжырымдамасының алгоритмі төмендегідей түрде ұсынылады:

- білім беру жүйесінің түпкі мақсаттарын баяндау;


- аралық мақсаттардың болжамдық көрсеткіштерін баяндау;


- оқыту мазмұнына сүйену;


- көзделген мақсатқа жеткізетін және оқыту сапасын объективті тексеру әдістемесімен қамтамасыз ететін стандартты оқыту технологиясын ұсыну;


- оқытудың ұйымдастырушылық формалары мен шарттарын баяндау.


Енді инновациялық технологиялардың мектепке дейінгі ұйымдарда пайдаланылу туралы А.С.Макаренко айтқандай, «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, өскен соң жұмыста да көбінесі сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады». Оқу үдерісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті тәрбиеші мен баланың іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Педагогтер ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан ойындарды оқу үдерісінде міндетті түрде енгізу тиімді болып табылады.


Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бойында, ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Жаңашыл –педагогтардың тәжірибелерін пайдалануға ыңғайлы, былайша айтқанда барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор педагогикалық идеялар игеруге болатын нақтылы амалдар, әдістер, тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. А.Маслоу, тұлғаның танымдық құрылымының дамуына, қызығушылығының қалыптасуына келесі қажеттіліктерді жатқызады:
– қиындыққа дайын болуы;
– қарым-қатынас;
– таным, сыйластық;
– қауіпсіздік;
– шығармашылық;
өзін-өзі бекіту;
Егер осы қажеттілік қанағаттандырылса, тұлғаның қызығушылығы оянып, белсенділігі артатыны белгілі.
Қолданылатын жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік, білім құмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру. Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау болып табылады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалуда. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қазіргі таңда білім берудегі жана инновациялық технологияларға:



  • денсаулық сақтау технологиялары;

  • жобалық қызметтің технологиясы;

  • зерттеу жұмыстары технологиясы;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  • дамыту технологиялары;

  • ойын технологияларын жатқызамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет