Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану



Дата17.02.2017
өлшемі75,79 Kb.
#9708
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану
Айдарбекова Акгул Какеновна

82 ЖББО мектебі



Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ойын оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория.

Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г.Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген. Ж.Ж.Руссо пікірінше білім алу ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады.    

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтің, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайровтың, С.Көшімбетованың  ғылыми зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.



Менің практикамда ойын технологиясын бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолданамын. Өз тәжірибемде қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барсында интерактивті тақтаны қолдану арқылы жұмыстың тиімді екенін байқадым. Әр түрлі сыныптарда сабақ бергендіктен әсіресе, сабақ барысында ойын арқылы оқу әрекетін орындауға ықпал етеді. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. Ойын технологиясын әр буында қолдану үшін мынадай мақсаттар қойдым.

Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.



Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Біріншіден - ойын сабақтың басында өткен сабақты еске түсіреді.

Екіншіден - сабақтың ортасында көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Үшіншіден - сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, орта буында, жоғарғы сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, бастауыш сыныптарында заттарды санау арқылы сан есімді қалыптастыратын болсақ, салыстыру арқылы өлшемі, пішіні және түстерге қарай ажырата білуге баулитын «Орамал тастау», «Сақина салу» т.б. ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.

Ойын бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мен әр сабағымда ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етемін. Демек, баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек екенін үнемі жадымда ұстаймын. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.



Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты топқа бөлу, қатар бойынша жарыс түріндегі ойындар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруға, имандылыққа, қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа баулиды. Қазақ тілі пәнінде ойынның рөлі ерекше.

Мысалы: грамматикалық ойындардың ішінен «Грамматикалық  аялдама» ойынын жүргіздім.  Қазақ  тілі грамматикасы бойынша әр топқа сұрақтар қойылады, топтар тез жауап беру керек. Жауабы дайын болған топ тез қоңырау соғады. Бірінші қоңырау соққан топ жауап береді. Топтардың жауаптары бағаланып отырады (баға 1 – 5 ұпайға дейін).

Мысалы:
1. Қазақ   тілінде  неше септік бар?
2. Неше сөз табы бар?
3. Зат есім деген не?
4. Сан есімнің сұрақтары?
5. Жалғаудың неше түрі бар? Қандай?
6. Табыс септіктің сұрақтары?
7. Неше дыбыс бар?
8. Буынның қандай түрлері бар?
9. Үндестік заңы деген не?
10. Етістік дегеніміз не

Инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі-иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.



Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.

Қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін пайдаланамын. Мысалы: "Синонимін табайық" ойыны. Ойынды "Синоним" тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.



Ойынның мақсаты. Оқушылардың "Синоним" тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.

Ойынға синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға енгіземін. Мысалы: мұғалім, дүние жүзі, мықты т.б.

Ойынның шарты. Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады.

Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.

Қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін пайдаландым. Сөз құрамы тақырыбын жүргізгенде «Орамал тастау» қазақтың ұлттық ойынын ойнаттым.

Бұл ойынның шарты: Сыныптағы қатар бойынша 2 топқа бөлдім. 2 топ арасы он адымдай белгіленген. Екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын 1-ші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қала» - деп дауыстайды, ол қағып алып «шық» - дейді немесе «ны», «ға», «ның» - дейді. Сонда «қалашық», «қаланы», «қалаға», «қаланың» тағы басқа сөздер шығады. Айтылған сөзге қосымша жалғау керек, мысалы: «ойын» - деп дауыстаса – «ойыншық», «ойынды», «ойындар» т.б. Орамалды қағып алған ойыншы түбір сөзге қосымша жалғап немесе уақытында тауып айтылмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді.

Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді оқу, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін «Сақина салу» қазақтың ұлттық ойынын жүргіздім. Мен бір оқушының алдына сақина қоямын да «май» - деп дауыстаймын. Сақинаны алған оқушы «мыл», «шам» - деп дауыстайды. Сонымен маймыл, майшам, майда сөздері шығады. Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек, мысалы: мы-сық, ма-са, ал-ма, жү-зім.

«Кім тез?» ойынын жүргіздім. Интерактивті тақтада он екі суретті көрсеттім. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтты. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлайды. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, буын санын айтты.

«Достасқан буындар». Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы бірінші буынын айтса, екінші оқушы келесі буынын тауып сөз құрауы керек.



Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Қорыта келгенде, ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Білім туралы. Қазақстан  Республикасының заңы. Алматы. Литература,1999, 96-б.

2.Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Алматы, Атамұра, 2001

3. Қ.Ақпаева.Оқу орыс тілінде жүретінде мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір  мәселелері. Алматы, Рауан, 1997

4. Республикалық әдістемелік журнал. Ашық сабақ. Факультативті сабақ – 2010.-№1



5. Сарсенова Қ. Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану жолдары //Қазақ тілі мен әдебиет орта мектепте. – 2012 .-№1



Каталог: uploads -> doc -> 11e8
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11e8 -> Сабақтың тақырыбы Егінші мен қасқыр. Комбайншы. Жалпы мақсаты
11e8 -> Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы Сабақтың мақсаты: Білімділік
11e8 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Алгоритмдер және оны орындаушылар жайлы толық мағұлымат беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет