Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 23 тамызда № 1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартқа сәйкес 8 класс бойынша биология пәнінен «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбында өткізілген сабақ. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да «Білім беру жүйесінің басты міндеті оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруде ақпараттандыру»- деп, еліміздегі білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері нақты атап көрсетілген.
Мектепте оқытылатын биология пәндерін оқыту барысында ақпараттық технологияларды, сыни тұрңыдан ойлауды әсіресе зертханалық сабақтарда жүзеге асырудың мүмкіндігі мол екендігін ерекше атап өтуге болады.8 класқа арналған биология пәніндегі § 43 «Асқорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбына арналған сабақты өту барысында СТО элементтерін, кестемен жұмыстарды қолдануды жөн көрдім. Бұл тақырыпта көңіл бөлетін негізгі ұғымдар: ас қорыту мүшелерінің жолдары ( ауыз қуысы- жұтқыншақ- өңеш- асқазан-аш ішек –тоқ ішек және ас қорытуға қатысатын бездер ( сілекей бездері, асқазан бездері , ұйқы без, бауыр)
Асқорыту сабағына қажетті көрнекілік: интерактивті тақта, электронды оқулық,адам муляжы, суреттер, сызбанұсқалар.т.б
Бұл сабақты жаңа сабақ түрінде өткіздім.Ол үшін мұғалім алдымен сабақтың ұйымдастыру жоспарын жасап,әрі қарай жаңа тақырыпты түсіндіру үшын оқушылармен төмендегідей жұмыс жүргізеді.Эвристикалық әңгімі өткізу, оқулықтағы тақырып мәтінімен таныстыру, ББҮ стратегиясы және топтастыру, кестемен жұмыс жүргізу. Оқушылар қаншалықты жаңа сабақты түсінгендерін бақылау үшін бекіту тапсырмалары орындалды ( сұрақ-жауап, сандар сөйлейді және ас қорыту мүшелері бойынша кесте толтырады.) Соңынан үй тапсырмасы беріліп, сабаққа белсене араласып отырған оқушылар бағаланады. Осындай сабақтарды өткізу арқылы оқушылардың біліктілігін арттыруға болады, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады, оқушылардың танымдық ой пікірлері арқылы жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады, белгілі ретпен жұмыс істеуге, нақтылы нәтижеге қол жеткізуге оқушылар үйренеді.
Мұғалжар ауданы, Ақкемер орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Шынар Маратовна Кожакованың «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбындағы әдістемелік ортасына
Рецензия
Мұғалжар ауданы, Ақкемер орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Шынар Маратовна Кожакованың «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбындағы әдістемелік ортасы биология сабақтарына арнап құрастырылған. Мұнда мұғалім өз тәжірибесінде қолдананатын жаңа технологияларды қолдана отырып өткізген сабақты ұсынып отыр. Мұғалім жұмысынан әр түрлі тапсырмаларды орндататыны ізденіс үстінде жүретіндігін аңғаруға болады. СТО технологиясына, әр түрлі деңгейлік тапсырмалармен, суреттермен және де тест сұрақтары құрылған сабақтарында оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттыру көзделген.
Бұл сабақты барлық мектептердегі биология пәніне қолдануға болады.
Биология (8 сынып) Кожакова Шынар Маратовна
Ақкемер орта мектебі биология пәні мұғалімі
Тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Мақсаты: Оқушыларға ас қорыту жүйесі туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адам ағзасындағы ас қорыту мүшелері, оның бөліктері, қызметтері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тірі ағза туралы ой-өрісін кеңейту.
Сабақ түрі: Жаңа материалдарды түсіндіру
Әдіс-тәсілдер: «СТО» стратегиясы
Көрнекілік: Интерактивті тақта, оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Ой шақыру: ББҮ стратегиясы
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
Ас қорыту мүшелері
|
Ас қорыту мүшелері, бөліктері, қызметтері
|
|
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоғары жағы қатты және жұмсақ таңдай
Ауыз қуысы
Ерін Тіс
Шықшыт безі Төменгі жағы тіл
Жақасты безі Ұрт мен ауыз түбінен
Тісасты безі
Ұзындығы 11-13см Ас қорыту және тыныс
алу жолдарын қиылысады
Жұтқыншақ
Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып, өңешке жалғасады
Ұзындығы 25 см Өңештің ішкі беті шырыш шығаратын жалпақ
бұлшық етті түтік эпителий жасушаларымен астарланған
Өңеш
Өңеш көк ет арқылы өтіп, 11 – ші кеуде
омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады
Ас қорыту жолының кеңейген Құрсақ қуысында еттің
көлемді мүшесі астында орналасқан
Асқазан
сиымдылығы 2-3 литр Пішіні алмұрт немесе
қапшық тәрізді
Асқазанда өңештің кіре беріс саңылауымен ұлтабар
басталатын шыға беріс саңылауын ажыратады
Ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі Ұзындығы 5-6 см
Аш ішек
3 бөлікке бөлінеді Ұлтабардың ұзындығы 25 см
1)Ұлтабар болатын пішіні таға тәрізді
2)Аш ішек
3)Мықын ішек
Аш ішек және мықын ішектің сілемейлі қабығында
ішек сөлін бөлетін түтік тәрізді көптеген бездер,
жіңішке өсінділер – ішек бүрлері болады
Токішек тікішекпен аяқталады
Ұзындығы 1,5 – 2 метр 1.Соқырішек
Тоқ ішек
2.Жиекішек
3.Тікішек
Токішек тік ішекпен аяқталады Соқырішекте құрт тәрізді өсінді –
ұзындығы 8 – 15 см опендиксі болады
Оған қорытылмаған ас қалдығы немесе ару тудыратын
микроптар түскенде қабыну процесі опендицит болады
Ұзындығы 10-12 см
Асқазанның астыңғы Сілтілік реакция
Ұйқы безі
жағында екінші бел көрсететін ұйқы безі сөлі
омыртқасының деңгейінде асқорытудың маңызды рөл атқарады
орналасқан
Ас қорыту қызметінен басқа ұйқы
безі ішкі секрециялық қызметін де атқарады
Массасы шамамен 1500 гр Ең ірі без
Бауыр
Күрделі түтікшелі без оның секіреті – ет
Көп бөлігі оң жақ қабырға Бауыр көптеген улы заттарды
астында орналасқан Қызыл қоңыр түсті тұтып зиянсыздандырады
Жаңа сабақты бекіту
а) сұрақтар
ас қорыту мүшесі қандай мүшелерден тұрады?
2) Ас қорыту жүйесіне қатысатын бездерді жаз;
ә) “Сандар сөйлейді”
8 - 10, 11 – 13 см, 1500 гр, 25 см, 2-3 л, 1,5 – 2 м, 8 – 15 см, 5 – 7 м
б) Тақырыппен жұмыс (кесте толтыру)
№
|
Ас қорыту мүшесі
|
Бөліктері
|
Ұзындығы
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма: & 43. Оқу, түсінік айту, 105, 106 – сурет сал
Достарыңызбен бөлісу: |