Мектепке дейінгі ұйымдардың құжаттары



Дата04.06.2020
өлшемі13,37 Kb.
#72269
Байланысты:
педагогика 1.06


Мектепке дейінгі ұйымдардың құжаттары

«Балабақшаның тұжырымдамасына»сәйкес мектепке дейінгі ұйымына белгілі құжаттар жүргізіледі.Бұйрық кітабы балабақшаға ретті нөмір берілген соң жүргізіледі.Оның барлық беттері нөмерленіп,ең соңында парақтар саны көрсетіледі.Балаларды есептеу кітабы балалар мен олардың ата-аналары жөніндегі мәліметтерді,мекен-жайы, баланың орналасқан және шығып кеткен күндері қамтиды. Әрбір топта балалардың күнделікті есебі жүргізіледі. Сондай-ақ мыналар жүргізіледі: қызметкерлердің, балалардың жеке басының іс қағаздары, медициналық карталар, мектепке дейінгі ұйымдарға нұсқау беретін ,тексеретін адамдардың ескертпелері мен ұсыныстары жазылатын кітап; санитарлық журнал; педагогикалық, өңдірістік кеңестер мен ата-аналар жиналыстарының хаттамалары; құрал-саймандар мен тамақ өнімдерінің есебі жөніндегі кітап; ұйым жұмысының жылдық жоспары. Қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымның педагогтары инновациялық үрдістерді пайдалануға, жаңартуға,білім сапасын арттыруға құқылы.Мұның негізгі бағыты-кіші топтан бастап ересектер тобына дейін балаларға сапалы,мазмұнды білім беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет