Мектепке дейінгі ұйымында қолданылатын денсаулық сақтау технологиялардың тиімділігі


Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары



бет3/7
Дата05.08.2024
өлшемі33,08 Kb.
#203673
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мектепке дейінгі ұйымында қолданылатын денсаулық сақтау технологиялардың тиімділігі.

Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары
Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі. 
Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс-шаралары кешенді де жүйелі жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады. [3]
Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты
Мектепке дейінгі балалардың қимыл-әрекеттерін жетілдіріп, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру.
Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды.
Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін педагогтардың кәсіби-шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру
Бұл іс-шаралар барлық білім салаларымен байланыстырып, әрекеттестіріп жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.
Шынықтырудың негізгі міндеттері
Баланың тұлғалық ерекшелігін ескере күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп асмәзірін түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды, қимыл-әрекеті үйлесімді ұйымдастырылады.
Баламен шынықтыру шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау керек:
Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң қадағалауында болуы қажет.
Оқу тәрбие үрдісін бала денсаулығына жүктеме болмайтындай, керісінше оны нығайтуға көмектесетіндей етіп ұйымдастыру керек. Балабақшаның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалық дамуы – мектепке дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады.[4]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет