Мектепке дейінгі мекеменің әдістемелік жұмысына басшылық



бет1/3
Дата22.10.2019
өлшемі162,5 Kb.
#50504
  1   2   3
Байланысты:
Әдіскерге көмек

Павлодар облысының білім беру басқармасы

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты



Мектепке дейінгі мекеменің әдістемелік

жұмысына басшылық

Павлодар, 2010

Құрастырған: Нұрғалиева С.Д.,

Павлодар облысының педагог кадрлардың

біліктілігін арттыру институтының әдіскері

Әдістемелік нұсқауда мектепке дейінгі мекеменің әдістемелік жұмысының негізгі бағыттары көрсетілген, әдіскерлерге көмек ретінде ұсынылады.



Мазмұны
1. Түсініктеме.............................................................................................3

2. Мектепке дейінгі әдіскер қызметінің негізгі бағыттары....................5

3. Мектепке дейінгі ұйым педагогының біліктілігін арттыру

жағдайында әдістемелік қызмет жұмысының мазмұны.....................7

4. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмысының

жылдық жоспары.................................................................................. .9

5. Педагогикалық кеңес – басқарудың алқалылық нысаны...................12

6. Оқу-тәрбие жұмысына мониторинг жүргізу технологиясы..............15

6. Әдіскердің жұмысын жаңарту жолдарының

инновациялық бағыттары.....................................................................19

7. Мектепке дейінгі оқу – тәрбие жүйесінің ата-аналармен

жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері..................................20

8. Қолданылған әдебиет............................................................................24

Түсініктеме
Мектепке дейінгі әдіскер жұмысының негізгі бағыттары қазіргі заман балабақша жұмысы мақсаты мен міндетімен анықталған.

Әдіскер жұмысының ең маңызды бағыттарының бірі балабақшаның педагогикалық ұжымымен дұрыс ұйымдастырылған және ойластырылған ынтымақтастық болып табылады. Ол балабақша педагогтарымен, ұжымымен, бастауыш сынып мұғалімдерімен, әртүрлі әкімшілік функцияларды атқаратын басқа да мамандармен ынтымақтастықты ойластырады.

Ынтымақтастық жемісті болу үшін әдіскер педагогикалық ұжыммен жүйелі жұмысты құруға мүмкіндік беретін басқару қызметтерінің әртүрлі тәсілдерін пайдалана білуі қажет. Әдістемелік құралда әдіскердің қызметінің негізгі бағыттары, ұйымдастырушылық функциялары, мектепке дейінгі ұйым педагогының біліктілігін арттыру жағдайында әдістемелік қызмет жұмысының мазмұны анықталған. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес педагогикалық, медициналық және қызмет көрсету қызметкерлерінің нақты іс-шаралары мен жұмыс мазмұны көрсетілген.

Әдіскер қызметіндегі кадрлармен жұмысты жүргізу үшін материалдар ұсынылған және педагог кадрлар жөнінде нақты мәлімет тізімі берілген. Әдіскер жұмысының барысында педагогтардың бағдарламаны тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау мен орындауды талдау және бақылау, жоспарланған оқу-тәрбие жоспары іс-шараларын орындау бойынша педагогтардың жұмыс нәтижелілігі, тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі жұмысын бақылау түрлері көрсетілген.

Мектепке дейінгі әдіскер жұмыс бағытының бірі - балалар отбасымен ынтымақтастық болып табылады. Баланың ортасын, отбасының материалдық және рухани жағдайларын білу, әдіскерге және оның әріптестеріне балаға қиын жағдайларда ғана емес, сонымен қатар, бала тәрбиесінде күрделі мәселелерді ескертуге мүмкіндік береді. Бұл жерде әдіскер жұмысында қызмет тетігі жүзеге асырылады. Әдістемелік нұсқауда отбасымен жұмыс әдістері мен түрлері ұсынылады.

Мектепке дейінгі әдіскер қызметінің негізгі бағыттары
Бүгінгі күні балабақша педагогтары алдында екі негізгі мақсат тұр, балабақша басшысы балаларды оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыруды анықтайды және жүзеге асырады.

Бірінші мақсат – бұл барлық балалардың физикалық сапа және еңбек ете білуін дамыту, білім, дағды және танымның нақты жүйесін анықтау, өздерінің танымдық қажеттіліктері мен интеллектуалдық қызығушылықтарын қанағаттандыру, өз ақыл-ес мүмкіндігі мен тәуелділігін толық түрде ашуға мүмкіндік алу. Бұл мақсатты бала мына жағдайда жүзеге асыра алады: балабақша әкімшілігі, педагогикалық ұжым бұл үшін жағдай жасауға мүмкіндігі бар және жағдайы бар.

Екінші мақсат - әр баланы мәдениетке, адамгершілік, шығармашылық, белсенділік және әлеуметтілікке тәрбиелеу. Бұл мақсат балабақшаның оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асады.

Әдіскер жұмысының төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:



  • танымдық;

  • диагностикалық;

  • бақылау-түзету;

  • болжау.
  1. Мектепке дейінгі әдіскер жұмысының үшінші бағыты балалар отбасымен ынтымақтастық болып табылады. Баланың ортасын, отбасының материалдық және рухани жағдайларын білу, әдіскерге және оның әріптестеріне балаға қиын жағдайларда ғана емес, сонымен қатар, бала тәрбиесінде күрделі мәселелерді ескертуге мүмкіндік береді. Бұл жерде әдіскер жұмысында қызмет тетігі жүзеге асырылады. Бұл ата-аналарды мәдениетке баулу, отбасы диагностикасы, диагностикалық зерттеу банкісін құру.


Балабақша әдіскері өз қызметінде әртүрлі функцияларды орындайды: ұйымдастырушылық, әдістемелік және әкімшілік.
Әдіскердің ұйымдастырушылық функциялары:


  • мектепке дейінгі білім беруде оқу-тәрбие үдерісі жағдайын талдау;

  • балабақша жұмысын ұйымдастыруда табыс жағдайлары және сәтсіздік себептерін шығару;

  • балабақшада баланы оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің барлық қатысушыларының жұмысын болжау;

  • алдағы жұмыс мазмұны, формасы мен әдісін өңдеу;

  • кәсіби кадрларды оңтайлы таңдау;

  • педагогтарға алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда міндеттің қойылымы мен тікелей көмек;

  • мұндағы барлық педагогтар жұмысының нәтижесін талдау анализі.

Әдіскердің ұйымдастырушылық құрылымының мақсаты – бұл баланың жеке тұлғасын қалыптастыру бойынша барлық педагогикалық процесс жұмысының тиімділігін және сапалылығын қамтамасыз ету.

Әдіскер – бұл кәсіпқой, яғни, балабақшада оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда бас маман болып табылады.

Оның әдістемелік құрылымы төмендегідей:

- диагностикалық;

- зерттеушілік;

- құрылымдық;

- коммуникативтік.

Әдіскер әдістемелік жұмыс үдерісінде



- тәрбиешілердің педагогикалық біліктілікті арттыруды ұйымдастырады,

- педагогтардың шығармашылық өсуін ұйымдастырумен айналысады,

- жас педагогтармен жұмысты ұйымдастырады,

- өз әріптестерінің тәжірибесі мен шеберлігін зерттейді,

- педагогтардың атқарған жұмыстары мен жетістіктерін талдап қорытады,

- олардың дарындылығы мен кәсіби дағдыларын кеңірек ашу үшін жағдай жасайды.

Әдіскердің әкімшілік құрылымы өзінің күнделікті жұмысында басымдылық болып табылмайды. Оның басты міндеті педагог жұмысының жүйелі оқу-тәрбие жүйесін құру бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық құрылымды бекіту болып табылады.

Әкімшілік құрылымның маңызды үлгісі балабақшада оқу-тәрбие үдерісінің сапасын бақылау болып табылады.

Әдіскер жұмысының практикасында педагогтардың бағдарламаны тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау мен орындауды талдау және бақылау, жоспарланған оқу-тәрбие жоспары іс-шараларын орындау бойынша педагогтардың жұмыс нәтижелілігі, тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі жұмысын бақылау ерекше орын алады.

Мектепке дейінгі ұйым педагогының біліктілігін арттыру жағдайында әдістемелік қызмет жұмысының мазмұны
Әдістемелік қызмет жұмысын жетілдіру мәні – бұл


    • педагогикалық ойлау стереотипін өзгерту;

    • әдістемелік қызметтің мазмұны мен жұмысындағы құзыреттілік, жеке тұлғаға бағытталған әдіс-тәсілдер;

    • шығармашылық дербестікті дамыту негізінде интерактивті оқыту.

Жаңа тәсілдің құрылымдық үлгісі негізінде әдістемелік жұмысқа бірнеше бағытты көрсетуге болады:

  • әлеуметтік тапсырысты зерттеу;

  • кадрлармен жұмыс: диагностика, тәрбиеші және тәрбие үдерісі шеберлігін педагогикалық сараптау, біліктілікті арттыру жүйесі;

  • эксперименталды-зерттеу жұмысы;

  • вариативті бағдарлама, технологияларды жүзеге асыру мониторингі;

  • педагогтардың өз жұмыстарында қолдау бағдарламаларын қамтамасыз ету.

әдістемелік жұмысты жетілдіру үдерісіне мектепке дейінгі мекеме педагогтарының кәсібилілігін арттыруда басты болатын мақсатты, жүйелі сипат беру.
Әдіскердің құжаты
Мектепке дейінгі әдіскердің жоспарлау бойынша төмендегідей құжаттары болуы қажет:

  • балабақша жұмысының жоспары (өткен оқу жылында балабақша жұмысын талдаудың проблемасы және міндеті есебінде);

  • келешек жоспары – балабақшаның 5 жылға дейінгі дамуын болжау;

  • ағымдағы оқу жылының бұйрықтары мен ережелері

(картотека);

  • мектепке дейінгі әдіскердің бір жылға, ай, жұмаға арналған

жұмыс жоспары;

  • дәстүрлі іс-шараларды өткізу жоспары;

  • әдіскердің қатысуымен оперативті кеңестерді жоспарлау;

  • психолог пен әлеуметтік педагогтың балабақшадағы жұмыс жоспары;

  • балабақшада әдістемелік жұмысты жоспарлау;

  • балабақшада бақылау өткізу жоспары

  • балабақшаның педагог кадрларын аттестаттау жоспары.

Мектепке дейінгі әдіскердің жұмыс жоспары жазбаша түрде ғана ұсынылмауы керек. Материалдар графикалық түрде ұсынылса жеткілікті.

Мектепке дейінгі әдіскердің графикалық жоспарлауы төмендегі графикалық материалдар болып ұсынылуы қажет:



  1. директордың бекіткен сабақ кестесі (барлық жас бойынша);;

  2. директордың бекіткен үйірме жұмыстарының кестесі, ынталандыратын және қолдау сабақтары (психолог, логопед);

  3. аудандық және қалалық семинарлар, кеңестер өткізу циклограммасы;

  4. мектепке дейінгі педагогтардың БАИ курстарындағы сабақ кестесі;

  5. директордың бекіткен қорытынды (ашық) сабақтарды өткізу кестесі (тоқсан бойынша, жыл ішінде);

  6. ашық сабақтар өткізу кестесі;

  7. жастарына байланысты топ бойынша балалар, тәрбиешілер жетістігі нәтижелерінің кестесі;

  8. мектепке дейінгі педагогтардың сабақ кестесі.

Мектепке дейінгі әдіскер құжаттарының бөлек топтамасында балабақшада әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдіскердің жұмыс жүйесін көрсететін материалдар ұсынылған.

Педагогтармен әдістемелік жұмыс мазмұны төмендегідей құжаттар болып ұсынылуы тиіс:


  1. әдістемелік бірлестіктің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары;

  2. мектепке дейінгі педагогтардың әдістемелік бірлестігі отырысының хаттамасы;

  3. әдістемелік кабинеттің өткен оқу жылына арналған жұмыс анализі;

  4. әртүрлі категориядағы педагогтар үшін әртүрлі деңгейдегі семинарларды жоспарлау;

  5. әдістемелік кабинеттің жұмыс тәртібі;

  6. алдыңғы қатарлы тәжірибені талдап қорыту материалдары;

  7. педагогтардың өзін-өзі білімдендіру материалдары;

  8. педагогтардың зерттеу және эксперименталды жұмыс материалдары.


Әдіскердің жұмыс жүйесі төмендегідей материалдар болып ұсынылуы мүмкін:


  1. бақылауды ұйымдастыру және өткізу жоспары;

  2. бақылау нәтижелілігі мониторингі;

  3. бақылау аясында педагогтармен әңгімелесу материалдары;

  4. бақылаудың әртүрлі түрін ұйымдастыру нәтижесі бойынша анықтамалар;

  5. бақылау аясында сабаққа бару дәптері немесе бланкісі;

  6. бақылау аясында диагностикалық және түзету материалдары.


Кадрлармен жұмыс – бұл мектепке дейінгі әдіскер қызметіндегі қиын бағыт. Мектепке дейінгі әдіскер бұл жұмысты сапалы түрде жүргізу үшін төмендегідей ұсынылған материалдарда педагог кадрлар жөнінде нақты мәліметі болуы керек:

1) балабақшаның педагог кадрларының тізімдік құрамы;

2) тәрбиешілердің кесте құрамы (категория бойынша), министрлік есепке мәлімет;

3) балабақша педагогтарының шығармашылық топтары;

4) жас педагогтар;

6) тәжірибелі тәрбиешілер материалдары;

7) мектепке дейінгі педагогтар жайында газет және басқа да жарияланымдарға шыққан материалдар;

8) мектепке дейінгі әдіскердің тәрбиешілердің сабақтарына кіру туралы дәптері;

9) мектепке дейінгі педагогтардың педагогикалық кеңес, семинар, көрмелерге қатысу материалдары;

10) педагогтардың жыл қорытындысы бойынша аналитикалық есептері;

11) мектепке дейінгі педагогтардың жүктемелерін тарату.

Әдіскердің балалар отбасымен жұмысы әдіскер құжаттарында бөлек бөлім болуы қажет. Ол төмендегідей материалдарды қосуы мүмкін:

1) топтың ата-аналар комитетінің тізімі;

2) «Дарынды балалар» бағдарламасы шеңберіндегі отбасылар тізімі;

3) проблемалы отбасы мен балалар тізімі;

4) қолайсыз отбасы және қауіпті топтағы балалар тізімі;

5) балалар отбасымен жұмыс жоспары (топ бойынша);

6) балабақшаның жалпы ата-аналар жиналысын жоспарлау және оның материалдары;

7) ата-аналармен жеке жұмысты жоспарлау;

8)балалары балабақша есебінде тұратын ата-аналармен әңгімелесу материалдары (денсаулығы, тіл кемістігі бойынша).


Мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмысының жылдық жоспары.

Жылдық жоспар мектепке дейінгі білім беру мекемесінің міндетті құжаты болып табылады. Ол оқу жылы шеңберінде барлық педагогикалық ұжымның жұмысын жетілдіруге мүмкіндік беретін нақты міндеттерді шешуге бағытталған. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес педагогикалық, медициналық және қызмет көрсету қызметкерлерінің нақты іс-шаралары мен жұмыс мазмұны анықталды. Жоспар ата-аналар мен мектеппен бірлесе жұмыс істеуді және ата-аналарды педагогикалық білімдендіру бойынша іс-шараларды қарастырады. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жылдық жұмыс жоспары мектепке дейінгі білім беру мекемесі және педагог кадрлардың кәсіби деңгейі есебінде құралады. Меңгеруші жылдық жоспарды құрастыра отырып, бұл жоспарды мекеменің барлық педагогикалық ұжымы орындайтынын басшылыққа алады

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жылдық жоспары төмендегідей бөлімдерді қосады:

1. Өткен оқу жылындағы соңғы нәтижелер анализі;

2. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі қызметін ______ оқу жылына жоспарлау;

2.1. Денсаулық және салауатты өмір салтын қамтамасыз ету;

2.2. «_________________» мемлекеттік стандарт және бағдарламаға сәйкес мектепке дейінгілерді тәрбиелеу және оқытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

2.3. Ересек мектепке дейінгілерді мектепте оқуға дайындауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

2.4. Оқу-тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету;

2.5. Мектепке дейінгі мекеме жұмысының отбасы, мектеп және басқа да ұйымдармен өзара байланысы;

2.6. Материалдық-техникалық және қаржылық базаны нығайту.

Мектепке дейінгі мекеменің жылдық жоспары барлық ресурстарды, оларды пайдалану жағдайы, тәсілі мен мүмкіндігін ескеруі қажет.

Басшы жылдық жоспарды құрастыра отырып, педагогикалық ұжымның кадрлық әлеуетін, позициялардың келісімділігі, бірлесе істеген жұмыстың педагогикалық тәжірибесі, мекеменің әлеуметтік-психологиялық жағдайды ескереді. Жылдық жоспарда әр тәрбиешіге дифференциалды әдістемелік көмек көрсетуді қарастыру үшін педагогтардың жұмыстағы қиыншылықтарын шығару мақсатында сауалнама немесе әңгімелесу өткізу қажет.

Педагогтармен сауалнама немесе әңгімелесу нәтижесінде алынған мәліметтер анализі тәрбиешіге педагогикалық шеберлік картасы, келесі оқу жылына әдістемелік іс-шаралар жобасын құрастыруға көмектеседі, бұл қорытынды педагогикалық кеңесті талқылауға мүмкіндік береді.

Осылайша, жылдық жоспарды құрастырмас бұрын, алдын-ала 2 кезеңді қосатын жұмысты өткізу қажет:

— тәрбие және оқыту бағдарламасының барлық бөлімдерін орындау анализі;


— педагогтар, тәрбиешілер қиыншылықтары анализі.

Соңғы нәтижелер жөніндегі жұмыс жоспары оны жүзеге асыру технологиясына ерекше талаптарды ұсынады.

Құрастырылған жоспар педагогикалық ұжыммен талқыланады және түзетіледі. Бұл жаңа оқу жылының алдында өндірістік кеңесте айтылады (тамызда).

Мектепке дейінгі мекеме жұмыс жоспарын қабылдау оны жүзеге асыру жөнінде жұмыстың басталуын білдіреді.

Аталған бөлім кестеде әр бөлімдер бойынша қысқаша шешімдер болып жазылады. Жоспардың аналитикалық бөлім мазмұны төмендегідей болуы мүмкін:

1.1. Тәрбиеленушілердің денсаулығы, балалар мен қызметкерлердің жыл ішіндегі ауруы, арнайы емдеу-алдын-алу жұмысын ұйымдастыру үшін топтар бойынша денсаулық туралы мәліметтер, дене тәрбиесі және сауықтыру жұмысын ұйымдастыру нәтижесі, шынығу, құрамында дәрумені бар тағамдар және т.б. ұйымдастыру. Одан әрі блок бойынша жалпы шешімдер шығарылады. (денсаулық және салауатты өмір салты деңгейі бойынша тенденцияларды көрсету), жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары резерві анықталады.

1.2. Барлық бағыттар бойынша бағдарламаларды орындау нәтижелері. Балалардың танымдық деңгейі, интеллектуалдық, әлеуметтік-адамгершілік, көркемдік-эстетикалық, физикалық дамыту және т.б. деңгейі анализі. Бағдарламаларды орындау деңгейін арттырудың жалпы шешімдері мен резервтері.

1.3. Балалардың мектепке дайындық деңгейін талдау (мектепке баратын балалардың даму диагностикасының нәтижесі); 1-3 сыныптарды бітірген балабақша бітірушілерінің үлгерімін талдау. Аталған бөлім бойынша жұмыс нәтижелілігін арттыру шешімі мен резервтері.

1.4. Педагогтардың біліктілігі мен аттестатталуын арттыру нәтижесін талдау; педагогтардың келесі жылға әдістемелік көмекке тапсырыстары (педагогикалық шеберлік картасы бойынша); мектепке дейінгі мекемесінде әдістемелік жұмыс жүйесі.

1.5. Ата-аналармен жұмыс жүйесі талданады (ата-аналармен сауалнама жүргізудің нәтижесі бойынша); мектепке дейінгі мекеме мен мектеп бірлесе жұмысты орындау жоспары; басқа да ұйымдармен жұмыс нәтижесі. Жалпы шешімдер.

1.6. Әкімшілік-шаруашылық жұмыс қорытындысы талданады және мектепке дейінгі мекемеге келген балалардың медициналық-әлеуметтік жағдайы мен материалдық-техникалық бағалау жүргізіледі.
Педагогикалық кеңес – басқарудың алқалылық нысаны.

Педагогикалық кеңестің өткізу мақсаты – мектепке дейінгі мекеме ұжым мүшелерінің тиімді қызметтестігіне жағдай жасап, бір әдістемелік мәселе бойынша, ұжымдық басқару шешім шығару. Қызметтің мазмұны: мұғалімдердің шығармашылық есебін, нақты әдістемелік мәселе бойынша теориялық баяндамаларды тыңдау, орындаған жұмыстар бойынша қорытынды, мәселе бойынша басқару шешім шығару.


Әдіс-тәсіл ретінде көрсету, әңгімелеу, ұсыныстар дайындау т.б. болып саналады.
Қызметттің басты мақсаты – педагогтың біліктілігін үзбей жетілдіру, ғылымның бір саласындағы құзырлығы мен эрудициясына әрдайым көмек жасау.
Әдістемелік бірлестігі.

«Баланың оқу-танымдылық қызметіне жағымды мотивацияны қалыптастыру» тікелей өз тақырыптарымен байланысты тақырыбына сүйене отырып жұмысын жүргізеді.ӘБ міндеті мен тақырыбын дұрыс таңдау - жұмысты ұйымдастыру үшін мазмұны мен формасын да таңдатады.


Педагогикалық мектебі.
Оның мақсаты – тиімді тәжірібие алмасу, кәсіби ортада педагогикалық қызметтің элементтерін талқылау.
Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспарының құрлымы
     
Әдістемелік жұмысының мазмұнына кіретіндер:
 -  жаңашыл және шығармашы педагогтардың тәжірібиесінің негізінде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тәсілдерімен таныстыру;
 -  білім беретін басқару органдарының нормативтік құжаттарын оқу, ғылыми жаңалықтарымен ,оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының саласында жаңашыл ұсыныстарымен таныстыру;
 -  мектептегі ,қаладағы,аудандағы әріптестердің озат тәжірібиесімен танысу.

  Ұстаздық.


Мақсат деп тәжірібиелі педагогтар өз тәжірібиесімен жас мамандармен бөліскенін айтамыз. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен жұмысы ретінде бағдарлама және оқу материалы бойынша жұмыс, жаңа оқыту әдістер ізденісі, алғашқы нәтижелердің талдауы.Бұл мазмұнның жаңа элементтерін көрсету,ашық сабақтарды өткізу,оны талдау,өзара сабақтарға қатысу.
Педагогтың өздік жұмысы
Мақсаты - біліктілікті жоғарлату, оқу курсындағы жетіспеушіліктер мен ақауларды жою, оны жетілдіру.Қызметтің мазмұны: оқу жоспарымен, бағдарламамен жұмыс,оқу курсының өзінің жеке нұсқасының мазмұны, оқулықтың үзінділері,жаңа мазмүнды нұсқаны енгізуде өзіндік эксперименттер.Әдістер ретінде әдебиеттер оқу, жаңа мазмұнды тексеру бойынша тәжрібие жұмысын өткізу, әріптестерімен эксперименттерге қатысу.
     Ашық сабақ
Мақсаты – үздік педагогтардың жиналған тәжірібиесі мен педагогикалық шеберлігін көрсету.Қызметтің мазмүны: жаңа мзмұн элементтерін алдын ала көрсету,курстың қиын бөліктерін көрсету.Жиі ашық сабақ бір шараның бөлігі болып келеді: пән айлығының, тәжірибе бөлісу семинарының немесе педагогикалық шеберлік мектебінің.Әдіс-тәсіл ретінде көрсету, әңгімелеу, көрме т.б. болып саналады.
Анықталған мақсатты бағынған,басқа формалар мен тәсілдерімен жоспарланған сабақ тиімді болып келеді.Білім ұйымдарындағы жас педагогтардың кәсіби шеберлігін жоғарлату бойынша кең таралған жұмыстарға жас маман мектебі,алғашқы сатыдағы мұғалім мектебі,ұстаздық жатады.


Педагогикалық кеңес жұмысының тиімділігі – ұжымды ұйымдастыру формасының бірі

- тақырып мерзімдігі;
 -  өткізу мерзімдігі;
 -  өткен педкеңестердің шешімін орындау қорытындысын бағалау;
 -  педкеңес күн тәртібіндегі баяндамалардың мазмұн сәйкестігі;
 -  педкеңестегі қабылданатын шешімдердің баяндамалардағы қорытындылар мен ұсыныстардың сәйкестігі;
 -  қабылданатын шешімдердің нақтылығы;
 -  шешімдерді орындайтын жеке жауапкершілік пен орындау мерзімі;
 -  педкеңестер жұмысының сабақтастығы;
 -  педагогикалық қызметкерлердің кәсібилік құзырлығын жоғарлату жөніндегі жұмысты ұйымдастыру,олардың шығармашылық бастамашылдығын дамыту,озат тәжірибені тарату;
 -  болашақтағы мектепті дамыту әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған, педагогикалық шаралар жүйесін жасақтау;
    Әдістемелік жұмысының жүйесін терең талдаусыз жасауға болмайды.Әрбір басқару циклының құрылымы:
 -  жұмыс талдауы;
 -  жоспарлау;
 -  бағыттау;
 -  бақылау;
 -  түзету;

Педагогикалық шеберхана:
Бұл жұмыстың мақсаты тәрбиешілерді жаңа технологиялар мен дәстүрден тыс жұмыс түрлерімен таныстыру.

Жаңашыл педагог – педагогикалық ұжым мүшесін өзінің тәрбиелеу - оқыту жүйесімен және оны тәжірибеде жүзеге асырудың негізгі идеяларымен таныстырады. Бұл жұмыстың ұйымдастыру түрлері: жаңашыл педагогтың – тұжырымдалық идеяларын талқылаудан басталып, балалармен жұмыс барысында қолданатын жекеше – тәжірибелік тапсырмаларды орындаумен аяқталады.


Шеберлік класы:
Педагогтарға өз тәжірибесін тарату мақсатында құрылған жұмыс формасы.

Оның негізі әдісі – жасаған жұмыс тәсілдерін педагог тікелей және оны сөзбен сипаттап айтып түсіндіреді.



Зерттеу мектебі:
Арнайы тәжірибелі педагогтардың зерттеу іс - әрекеті мен тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіреді, сонымен қатар балалармен зерттеу жұмыстарын жүргізудің жолдарын үйретеді.

Шығармашылық топпен жұмыс ( кешенді қызмет көрсету әрекеті);
Шығармашылық топ - әдістемелік жұмысты жүзеге асыруда жаңаша тұрғыдан келу және зерттеу элементтерін пайдалана жұмыс жасайды.Әдістемелік қызметтің мақсаты: белсенділік әрекеттерді дамыту мен оларды жүзеге асыру механизмін табу, әр педагогқа уақытында көмек көрсету.
Оқу-тәрбие жұмысына мониторинг жүргізу технологиясы
Мектепке дейінгі білім беру сапасының мониторинг әдісі – балалар іс-әрекеттерінің нәтижелігін зерттеу, ойын тестері, бақылау-бағалау сабақтары, педагог, ата-аналар және балалармен әңгімелесу, сауалнамалар, құжаттамалар анализі, тәртіптік сәтті қадағалау.

Мемлекеттік стандартты орындау тәрбие және оқыту сапасын бағалау негізі болып табылады, стандарттың барлық ережелеріне тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыруды қосу қажет.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын бақылаудың негізгі міндеті шынайы нәтиженің жоспарланған мақсаттармен байланысы, сонымен қатар, тәрбиелеу және оқыту нәтижесі мен мақсаты арақатынас байланысы сатыларын бағалау болып табылады.

Бағалаулар барлық жағынан ұйымдастыруды сипаттайтын индикатор, көрсеткіштерді таңдау негізінде ұйымдастыру жұмысы жағдайын диагностикалауды (өлшеу) шамалайды.




Мектепке дейінгі оқыту сапасын бақылау жүйесі

(мемлекеттік стандарт негізінде)




Индикаторлар

Көрсеткіштер

Диагностика жүйесі

1. Балаларды мектепке дайындау деңгейінде мемлекеттік стандарттар талаптарын орындау

- дайындау сапасы;

- балаларға жеке-жеке жақындау тәсілі;

- балалар тәрбиелілігі;

- физикалық, интеллектуалдық, рухани-адамгершілік, эстетикалық даму.




1. Жыл ішіндегі диагностика және өлшеу (аралықтағы)

2. Бақылаулар, қорытынды сабақтар, ойын тестері, әңгімелесулер



2 е. Мемлекеттік стандарт, бағдарлама, қосымша білім беру есебінен тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ту

- баланы дамыту;

- физикалық, интеллектуалдық,

Эстетикалық, рухани;

- оқу жүктемесі, шамадан тыс жүктемелер жағдайы;

- қосымша білім беру

(үйірмелер, студиялар, орталықтар);



  • педагогикалық технологиялар




Ақпаратты жылына бір рет жинақтау. (құжаттамалар, балалар жұмысы, сабаққа баруды талдау, педагогтар, балалар, ата-аналар және т.б. әңгімелесулер)

3. Топтарда тәрбие және оқыту жағдайында мемлекеттік стандарт талаптарын орындау


- кадрлық қамтамасыз ету;

- оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

- оқу-тәрбие үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету


Ағымдағы жылы диагностика және талдау, түзету


Индикаторлар - зерттеу обьектісі жағдайын талдап қорыту, кешендік сипаттары.

Білім беру сапасы индикаторлары - барлық ұйымдар қызметі саласында мемлекеттік стандартты сақтауды сипаттайтын мектепке дейінгі ұйымдарды зерттеу нәтижесі.

Көрсеткіштер - осы және бұдан басқа да индикаторларға сәйкес келу, мектепке дейінгі ұйымдар жұмысындағы негізгі құрылымдық элементтер, обьектінің негізгі сипаттары.

Тәрбие және оқыту сапасын бақылау мақсаты оқытудың стандарты мен бағдарламасына бағытталған критерийлерге сәйкес келеді. Тәрбие және оқыту сапасын бақылаудың негізгі функцияларына ақпарат, аналитикалық-бағалау, ынталандыру-жетілдіру, қадағалау, жобалау және түзетуді жатқызуға болады.



Бақылаудың ақпараттық функциясы – мектепке дейінгі ұйымдар қызметі, мемлекеттік стандарт, бағдарламалар және басқа да көрсеткіштерді орындау жағдайы туралы ақпаратты ұсынады.

Бақылаудың аналитикалық-бағалау функциясы – педагогтардың қызметін бағалауға, балалардың бағдарламаны меңгеруіне, ұйымдастыруды дамытуға, тәрбие және оқыту сапасына мүмкіндік береді.

Бақылаудың ынталандыру-жетілдіру функциясы - педагогикалық ұжымды ынталандыруға мүмкіндік береді, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бақылаудың қадағалау функциясы - ұйым, педагог, балалар дамуы, олардың физикалық және психикалық денсаулығының сақталуын, мемлекеттік стандарт, бағдарламалардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бақылаудың болжау функциясы - ұйымдардың дамуын болжауға, стандарттың орындалуына, белгілі-бір кезеңдегі бағдарламаға, ұйымдардың одан әрі дамуын анықтауға мүмкіндік береді.

Бақылаудың түзету функциясы - тәрбие және оқытуды түзету өткізуге, педагогикалық үдеріске өзгертулер енгізуге, балалар дамуының жеке деңгейін түзетуге, ұйымдастыру құрылымдарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Бақылау – оқу – тәрбие үдерісінің технологиялық құрылымы.


  1. Білімдендіру мақсаттары

  2. Әлеуметтік сұраныс (баланы мектепке дайындау)

  3. Оқу – тәрбие үдерісінің мақсаттары (бағдарламаның әр бөлімі бойынша)

  4. Оқытудың мазмұны





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет