Иммундық профилактика. Ұлттық екпе күнтізбесі. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығы.)
Дайындаған:Кәдірбай Еркеназ
ЖМ16-079
Вакцина - иммундық жүйе арқылы профилактикалық әсерін тигізетін, инфекциялық аурулардың ерекше профилактикасына арналған медициналық препараттар.
тірі вакциналар – әлсіздендірілген тірі микроорганизмдерден дайындалған вакциналар.
белсенділігі жойылған вакциналар – өлі микрорганизмдерден немесе микробтық жасушаның жекелеген компонеттерінен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерінен дайындалған, сондай-ақ басқа биотехнологиялық әдістермен алынған вакциналар;
анатоксиндер – токсиннен дайындалған немесе рекомбинанттық технология бойынша алынған, айқын уытты қасиеттері жоқ, бірақ бұл ретте бастапқы токсинге антидене шығаруды индукциялауға қабілетті медициналық препараттар;
Профилактикалық егулер медициналық-санитариялық алғашқы көмекті, ересектерге және балаларға консультациялық-диагностикалық және стационарлық медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде жүргізіледі. Егу кабинеттері оларды қолдануға арналған нұсқаулығы бар кезек күттірмейтін және шоққа қарсы терапия жиынтықтарымен қамтамасыз етіледі.
Егу кабинеті мынадай жабдықпен жабдықталады:
Егу кабинеті мынадай жабдықпен жабдықталады:
1) қолайлы температуралық режимді қамтамасыз ететін, сыйымдылығы ПӘИБП-ны сақтау үшін жеткілікті тоңазытқыш;
2) жұмыс күні ішінде ПӘИБП-ны тасымалдауға және сақтауға арналған термоконтейнер немесе тоңазыту сөмкесі;
3) электр энергиясы апатты ажыраған жағдайда ПӘИБП-ны уақытша сақтауға арналған термоконтейнер;
4) жұмыс үстелі, орындықтар;
5) ПӘИБП-ны пайдалануға дайындауға арналған медициналық үстел;
6) аспаптар мен дәрілік заттарды сақтауға арналған медициналық шкаф;