11) ПӘИБП-ның қалдықтарын зарарсыздандыруға арналған ыдыс;
12) пайдаланылған бір рет қолданылатын шприцтерді қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі – ҚЖКЖК).
ВВГ-ға қарсы егілмеген адамдар мынадай схема бойынша егіледі:
ВВГ-ға қарсы егілмеген адамдар мынадай схема бойынша егіледі:
1) туған кезінде вакцинацияланбаған алты жасқа дейінгі балалар - егулердің арасы екі ай аралықпен 0-2-4;
2) бұрын вакцинацияланбаған алты жастан асқан балалар мен ересектер – бірінші мен екінші егулердің арасы бір ай, екінші мен үшіншінің арасы бес ай аралықпен 0-1-6.
Дифтерияға, сіреспеге және көкжөтелге қарсы иммундау құрамында АКДС бар және АбКДС бар вакциналармен, сондай-ақ АДС-М жүргізіледі.
Көкжөтел компонентіне қарсы көрсетілімдер бар болған кезде иммундау АДС-М-мен жүргізіледі:
1) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен бірінші вакцинациялауға дамыса, онда АДС-М-мен екінші егуді 3 айдан ерте жүзеге асырмайды;
2) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен екінші вакцинациялауға дамыса, онда дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцинациялау курсы аяқталған болып саналады. Екі жағдайда да АДС-М-мен бірінші ревакцинациялауды 12 айдан кейін жүргізеді;
3) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен үшінші вакцинациялауға дамыса, АДС-М-мен бірінші ревакцинациялауды 12-18 айдан кейін жүргізеді.
Бұрын егілмеген:
Бұрын егілмеген:
1) 7 жасқа дейінгі балалар құрамындағы дифтерия анатоксині жоғары құрамында АбКДС бар құрамдастырылған вакциналармен мынадай схема бойынша егіледі: 2 ай аралықпен 2 егу және үшінші егу 6-12 айдан кейін;