Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу


Балаларға стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлердегі педиатриялық көмек



бет4/4
Дата29.09.2022
өлшемі407,06 Kb.
#151196
1   2   3   4
Байланысты:
Сұлтанахмет Гүлім-1 тақырып

Балаларға стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлердегі педиатриялық көмек:

Балаларға стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлердегі педиатриялық көмек:

1) мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуді;

2) стационарға жүгінген барлық балаларды шұғыл белгілері бойынша және жағдайының ауырлығына байланысты іріктеуді;

3) балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуді;

4) зертханалық және аспаптық зерттеу жүргізуді;

5) анықталған нозологияға және диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес балалардың патологиялық жағдайы мен ауруларын диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістерін қолдануды;

6) күн сайын дәрігердің қарап-тексеруін, меңгерушінің қарап-тексеруін (келіп түскен кезде бірінші тәулікте, қайтадан қарап-тексеру аптасына 1 реттен кем емес және қажеттілікке қарай);

7) бейінді мамандардың консультацияларын (көрсетілімдер бар болса) және консилиумдарын (науқас жағдайының ауырлық дәрежесіне байланысты) ұйымдастыруды;

8) медициналық құжаттарды дайындап, жүргізуді, МАЖ-ға енгізуді;

8) медициналық құжаттарды дайындап, жүргізуді, МАЖ-ға енгізуді;

9) қолдаушы күтіммен қамтамасыз етуді (сәйкес тамақтандыру, су теңгерімін қолдау, ауырсынуды бақылау, қызудың көтерілуін қарау, оттегі терапиясы, ойыншықтарға қолжетімділік және ойнауға мүмкіндік беру арқылы баланы эмоциялық қолдау);

10) негізсіз ауырсындыру ем-шараларынан аулақ болу үшін тиімділігі бойынша кем түспейтін, мүмкіндігінше аз ауырсындыратын емдеудің баламалы әдісі болған кезде пайдалануды;

11) дұрыс тамақтану, баланы эмоциялық қолдау мәселелері бойынша, баланың жағдайын мониторингтеу мен емдеудегі оның рөлі туралы, аурудың ықтимал себептерін, жүргізілген ем мен емдеуден күтілетін нәтиже туралы ата-аналарға (заңды өкіліне немесе стационарда балаға күтім жасайтын басқа адамға) түсінікті түрде консультация беруді және үйретуді;

12) балалар мен және ата-аналармен (заңды өкілдерімен) бала ауруларының профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізуді көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет