«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған
265ac638-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeумк балалар адебиети
«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған «Балалар әдебиеті» ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН СЕМЕЙ
2013 Кіріспе 1 ӘЗІРЛЕГЕН Құрмамбаева Қ.С. – қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. _____________ «___» ___________20___ жыл. 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл. Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С 2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл. Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді. Хаттама №___ «___» ___________20 ___жыл. ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К. 4 «____» __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің № 1 БАСЫЛЫМЫ 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет: Құрмамбаева Қарлығаш Солтанбекқызы, доцент м.а., ф.ғ.к. Кафедра: «Қазақ әдебиеті» Кафедраның мекен-жайы: 2 ғимарат Ақпараттық қатынас: телефон: 87757570676 Сабақ өтетін орын: 418 аудитория Кредит саны: 3 1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ «Балалар әдебиеті» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы «5В 050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5 В 020500 «Филология», В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған мамандығының студенттеріне арналған. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Осы «Балалар әдебиеті» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады: - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР МЖМБС 3.08.275-2006 Мемлекеттік білім беру стандарты; - 5В 050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының типтік оқу жоспары; - СТУ 042-СГУ-5-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты; - ДП 042-1.07-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1 Пәннің қысқаша мазмұны: Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: әдебиет туралы ғылым және оның салалары; әдебиеттану ғылымының қосалқы салалары; әдебиеттің халықтығы, ұлттығы мен жалпыадамзаттық сипаттары; көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы; көркем бейне оның жасалу жолдары; көркем туынды тілі, өлең құрылысы. әдеби процесс, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдіс, ағым, бағыттар. 3.2 Пәнді оқытудың мақсаты: Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өэге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру. 3.3 Пәнді оқытудың міндеттері: «Балалар әдебиеті» бұрын өтілетін «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп саралау қажет. Көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерін игеру, әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті біліммен қаруландыру; әдеби шығарманың мазмұны мен пішінінің арақатынасының сырын ұғыну; әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, игеру; әдеби даму процесі, оның заңдылықтары, көркемдік тәжірибе дәстүрі мен жаңашылдық мәселелерін көркемдік тұрғыда қабылдай білу; көркемдік, оның өзіндік болмысын, көркемдік өлшемдерін біліп, танитын талғам қалыптастыру; әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алып, түрлі қырынан талдай білуге жаттықтыру. 3.4 Курс аяқталған соң студент: Көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиет тарихы мен көркем туындыны зерттеуге қажетті біліммен қаруланады. әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдарды, категорияларды теориялық тұрғыда терең игереді. өз бойында көркемдікті танитын талғам қалыптастырады. әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралап, түрлі қырынан талдауды үйренеді. қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныс болады. теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді. зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады. кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді. 3.5 Курстың пререквизиттері Әдебиеттануға кіріспе Әлем әдебиетінің тарихы Қазақ әдебиетінің тарихы 3.6 Курстың постреквизиті: Қазақ әдебиеті сынының тарихы Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
1 Кесте
3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ Студент» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілді талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше роль атқарады. Тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі. 4 КУРС ФОРМАТЫ Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді. Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды. ОЖСӨЖ мақсаты – тіл дамыту әдістемесі саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру. ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:
курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi; тіл дамыту әдістемесі және оның ерекшелiктерi туралы. Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке тілдік тұжырым-ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды. Өздік жұмыс сонымен қатар студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді. 5 КУРС САЯСАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатсаңыз қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ «Мектепке дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі» пәнінің ұпайларға бөлінуі
ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиеттер: 7.1.1 Инновационные подходы в практике работы дошкольных учреждений- Семипалатинск, 2006 7.1.2 Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы- Алматы: «Рауан»1991 7.1.3. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 7.1.4. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997 7.1.5.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992 7.1.6. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 7.1.7. Қ. Қасабекова. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары.-А., 1984 7.1.8. Қ.Т. Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Ана тілі, 1985 7.1.9. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері-Алматы: Мектеп, 1959 7.1.10. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991 7.1.11. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004 7.1.12. Ф. Жұмабекова, А. Салиева. Мектепке дейінгі педагогика пәнін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытудың ерекшеліктері-« Ұлт тағылымы» журналы №2/2006, 59-б 7.1.13. Т.К. Мүрсәлімов. Грамматикалық талдау әдістемесі-Семей-2007. 7.1.14. А. Құралұлы. Ұлттық дүниетаным.-Алматы: Өнер,2002 7.115. Қ.Ж. Бұзаубақова « Жаңа педагогикалық технология» тренинг/Оқу-әдістемелік құрал/-Алматы-2005 7.1.16. Ә. Мұхтарова. Оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары. А.., 1999 7.1.17. Ф. Оразбаева Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі, А., 2000 7.2 Қосымша әдебиеттер: 7.2.1 М. Махмутов. Современный урок. Москва, 1985 7.2.2 Д. Әлімжанов. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері-Алматы, 1972 7.2.3 Г. Жұмалиева, Б.Баймұратова , Н. Никипорец. Тәй-тәй. А., 1990 7.2.4 З. Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А. 2001 7.2.5 А. Бакраденова, Б. Баймұратова. Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы А., 1992 7.2.6 Ә.Ишмұхамбетов. Қызықты грамматика. А., 1995 7.2.7 Б. Құлмағамбетова және басқалар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі А.,2000 7.2.8. Ә.Исабаев. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А., 1998 7.2.9. Т.Әбдікәрімова, Т. Әбдіғалиева, Қ, Шәймерденов. Қазақ тілін оқыту әдістемесі А., 1999 7.2.10. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы Алматы-1992 7.2.11. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы, А., 1992 7.2.12. Рахметова С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту, А., 1997. 7.2.13 Әуелбаев Ш. Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері.А., 1980 7.2.14. Уәйісов Г., Жұмабаев Ә., Қазақ тілін оқыту әдістемесі А., 1999. 7.2.15. Сайлаубаева Б., Қойшыбаева Ж., Қазақ тілін оқыту әдістемелік нұсқау Семей-2006 СӨЖ-дің тақырыбы мен мазмұны
жүктеу/скачать 186,47 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |