Сұрақ 1
Дисграфияның негізгі белгісі жазуда кездесіп тұрақты және қайталанып отыратын ерекше қателер болып табылады. Ондай қателерді төмендегідей топтастыруға болады: әріптерді алмастыру және шатастыру, сөздік дыбыстық, буындық құрамының бұзылуы, сөйлемде сөздердің бірге жазылуы, аграмматизмдер, сөзсіз функциялардың бұзылуының белгілері
Сұрақ 2Мектепке дейінгі орта және ересек жастағы балаларды дисграфиядан сақтандыру.
Бұл жаста сақтандыру жұмысы дисграфияға бейімдейтін алғышарттарды жоюға бағытталады. Негізгі жұмыс бағыттары:
- тіл дыбыстарды ажыратуға тәрбиелеу, дамыту;
- ауызша сөйлеудегі дыбыстарды алмастыруын жою, түзету;
- фонематикалық талдаудың қарапайым түрін қалыптастыру;
- оптикалық-кеңістік түсінігін және көріп талдау, жинақтауын дамыту;
- сөзөзгерту, сөзжасамның грамматикалық жүйесін қалыптастыру;
- сөз қорын молайту.
Сонымен, дисграфия мәселесін шешу тек мектепте ғана емес, мектепке дейінгі уақыттан бастап, кеңінен жүргізілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |