Жасөспірімдердің ТӘртібінің БҰзылуының себептері тазабекова Айшат Калдарбековна



Дата26.12.2022
өлшемі23,68 Kb.
#164420
Байланысты:
12. Тазабекова Айшат Калдарбековна


ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТӘРТІБІНІҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Тазабекова Айшат Калдарбековна


Шымкент қаласы, №50 А.Байтурсынов атындағы мектеп-гимназиясының социологі
Резюме
В даннной статье рассматриваются причины нарушения подростковой дисциплины.
Summary
The article is shown the causes of violations of teenage discipline

Жасөспірім кезінде балалардың организмі әсіресе жыныстық жетілуі кезінде биологиялық жағынан болсын, әлеуметтік жағынан болсын өте әлсіз болып келеді. Бұл кезеңге түрлі сыртқы әсерлерге жауап беру өзіндік ерекшеліктері мен тәртіп бұзылулары тән. Мұндай реакцияны орнын алған психикалық аурудың көрінісі деп білуге болады, сонымен қатар аталмыш жауаптар психикалық аурулармен ауырмайтын балаларда да кездеседі. Жиі мұндай жас өспірімдерге тән бұзылуларды мінез акцентуациясы немесе екпін белгісі деп біледі. Ол патологияға жатпайтын мінездің басым болған кейбір жекеленген ерекшеліктері. Жалпы мінездің екпін белгілері психопатияларға тән (қозғыштық, истериялық, психастениялық, астениялық т.б.), бірақ олар кенет білінбейді және де акцентуация қалпында психопатиядағыдай әлеуметтік дезадаптация (бейімдеусіздік) байқалмайды.


Жасөспірімдерде кездесетін тәртіп пен мінез – құлықтарының бұзылуларына келесі реакцияларды жатқызуға болады:
Бас тарту реакциясы
Егерда ата – аналар өз балаларына үйренген, бірақ сонымен қатар жағымсыз әсер ететін құрбы – жолдастарымен қарам – қатынасқа қарсы болса, онда оларда тілдесуден, ойыннан, тамақтанудан, үй міндеттері мен оқу тапсырмаларын атқарудан бас тарттыру байқалады. Мұндай тәртіп көрінісі бала өз үйінен, сүйіп – мәпелеп өсірген жағдайлардан айрықша және қатыгез ортаға түскенде өте айқын байқалады. Егер аталмыш жағдайлар келешекте де орын алатын болса және бала тәртібі өзгермесе, онда психика ауруы немесе кемақыл деген күмән пайда болады.
Наразылық немесе оппозиция реакциясы
Бұл таңдаулығымен беталысымен сипатталатын тұрақсыз және ауыспалы реакция. Жасөспірімдерде мұндай назарлық сияқты тәртіп бұзылуы өкпе – ренішке, тиген намысына, сол сияқты жақындар талаптары мен қатынасын жақтырмауына жауап ретінде белгіленеді. Оның себебі ата – ана арасындағы ұрыс - керістер немесе олардың балаға деген селкос көзқарастары, сонымен қатар бала үшін маңызды бір нәрсеге тиым салу немесе оларды жазалау болып табылады.
Наразылық реакциясының белсенді немесе активті және енжар немесе пассивті түрлерін ажыратады. Активті наразылық тыңдамау, дөрекілік әдепсіздік, ашушаң, басқыншылық тәртіп жауап ретінде теріс тәрбие әдістеріне, жазалауға, сөгіске, қорлыққа қарсы пайда болады. Ал пассивті наразылық – ал аталмыш реакцияны туғызған ересек адамдарға деген жасырылған қастық, өкпе.
Еліктеу немесе имитация реакциясы
Имитация деген біреуге барлық жағынан еліктеу. Егер жасөспірім кумир ретінде «жағымды» немесе «оң» кейіпкерді талғап алса және де өз еліктеушілігімен артыққа бармаса, онда ешбір патология жоқ деп білуге болады және ол жас келген соң өз бетімен кетеді.
Ал егер еліктеу объектісі болып «теріс», «жағымсыз» кейіпкер алынса, онда ата – аналар түрлі жарасымсыз жағдайларға дайын болуы қажет. Еліктеу барысында жас өспірімдер өз жасына тән максимализммен «теріс» кейіпкерлеріне барлық жағынан ұқсас болғылары келеді, кейбірде олардан асып түскілері де келеді. Егер жас - өспірімдер еліктеу объектісі ретінде арақ ішетін немесе ерте кезде сотталған құрбысын немесе ересек адамды таңдап алса, онда ата – аналар өте қиын жағдайға түседі.
Құрбылармен топтасу реакциясы
Аталмыш реакция өз көріністерімен жоғарыда көрсетілген реакцияға ұқсас, бірақ та мұнда ересек жағымсыз кейіпкер жоқ.
Осындай жетекші болып топ арасынан жасы үлкендеу, біраз күші бар, арақ сияқты ішімдік ішу тәжірибесі бар бір бала тағайындалады.
Егер басшы немесе лидерде криминал тәжірибесі мол болса, онда жас- өспірімдер тобы банда, қарақшы тобына айналып басқа да өздері сияқты топтармен қарсы төбелес – күреске шығуы мүмкін.
Тағайындалған басшы нақты беделді лидер, авторитет, әрі келген мезетте басқамен өз тобы үшін төбелеске баратын болады.
Бір - бірімен бас қосқанда аталмыш жасөспірімдер түрлі криминалды әрекетке баруы мүмкін, мысалы зорлық, ұрлық, тонау, төбелес т.б. сонымен қатар топтасу реакциясы жасөспірімдерді басқа да ықылас – ынталармен біріктіреді, мысалы спортпен шұғылдану сияқты.
Делинквентті тәртіп
«Делинквентті» тәртіп деген терминмен түрлі айып кінәләрді, жүйелі сабақ босатуды, қауымдық тәртіп нормалардың бұзылуларын, ұсақ бұзықылық пен ұрлықты белгілейді.
Криминалды әрекеттерден делинквентті тәртіп құқық бұзылулардың шағындығымен ажыратылады және оған қылмысты жаза бермейді.
Көбінесе соның себебі тәрбиенің жетіспеушілігі деп біледі. Ата – аналардың қараусыздығы, бақылаусыздығы және олардың балаға деген назарларының аздығы жасөспірім жасындағы делинкветті тәртіптің негізі болып табылады.
Эмансипация реакциясы
Эмансипация реакциясы – ол жасөспірімнің өз дербестігіне, тәуелсіздігіне талас, күрес. Қалай болса да ол ересек адамдардың бақылауынан шығуды қажет етеді.
Аталмыш реакцияны асқынған түрлері: ата – аналар балаларға дұрыс тәрбие бермегенде, тым артық немесе кем тәрбиелегенде.
Компенсация және гиперкомпенсация реакциясы
Компенсация және гиперкомпенсация реакциясы – ол жасөспірімнің кейбір өзіндік тәртіптік көріністерімен өзінің нашар, әлсіз мінездерін немесе қасиеттерін жасыру. Жасөспірімдерге аталымыш реакция ата – анасының назарының аздығынан психологиялық қорғаныс ретінде тән. Мұндай реакция толық емес жанұяда өсетін немесе физикалық, психикалық, сөйлеу кемістігі бар, сол сияқты басқа да кемтар немесе невроздармен сырқаттанған балаларда жиі кездеседі.
Дромомания
Дромомания ол кезбелікке бейімделік. Психиатрлар бұл реакцияны импульсивті ниеттерді бақылау бұзылуларының бір түрі деп есептейді. Қалыпты жағдайда аталымыш реакцияны алыс саяхаттарға деген өте қатты құштарлық деп санауға болады.
Нәпсіқұмарлық реакциясы
Осындай реакцияларға жасөспірімдер онанизмнің ( мастурбацияның) түрлі көріністері, сонымен қатар топты және бірге мастурбацияны, ретсіз тәртіпсіз жыныстық байланыстарды жатқызады.
Мектеп тәртібін бұзуымен (шыдамсыздық, ашушаңдық, мұғалімдермен және сыныптастарымен тіл табысбаушылық әрдайым сабақтан қалу) қатар аталмыш жасөспірімдерде қоғамға қарсы тәртіп (ерте маскүнемдік, ұрлық, қаңғыру нашақорлық пен токсикоманияға әуесқойшылық, жыныстық бұзылулар) байқалады. Алайда, бұл балалар кәмелетке толмаған балалар бойынша комиссияның тіркеуінде тұрады. Олардың тәтібінде сезімдік – жігерлі тұрақсыздық, жетілмегендік байқалады. Артық балалық инфантилизмі ойсыз көтеріңкі көңіл – күймен және беймазалыққа, әбігершілікке бейімділікпен көз тартады. Қанағаттанарлық олардың тәртіптерінің ең негізгі қозғаушы күші. Сонымен қатар, оңай тапсырмалардан бет бұрып қашады. Сабақ барысында мылжың, сөзшең, дөрекі, алаңдап отырады. Қандай да әрекетпен шұғылданбаса да, өте шыдамсыз, импульсивті болып келеді. Жоғары иландырудан мұндай балалар қақтығысқа тез тартылып, түрлі қылмыстарға душар болады. Қорқақтыққа қарамастан олар белсенді тәртіп бұзушылардың жетегіне тез көнеді.

Әдебиеттер:

  1. Коррекционная педагогика Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие для студ. сред. пед. учеб. заведений. Под ред. Б.И.Пузанова. М., 1998.

  2. Лапшин В.А., Пузанов Б.И. Основы дефектологии. Учебное пособие для студ. пед инст. М., 1990.

  3. Леонтьев А.И. Принципы психического развития ребенка и проблема умственной недостаточности // Проблемы развития психики. – М., 1972.

Мастюкова Е.М. Лечебная педагогика 1997.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет