Тәрбие сағатының тақырыбы



Дата08.11.2019
өлшемі168,52 Kb.
#51319
Байланысты:
телефон

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәдени этикет. Телефонмен сөйлесу, сәлемдесу, достық жылы қарым-қатынас тілі»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың эстетикалық білімдерін жан-жақты кеңейту. Балалардың дұрыс сөйлеу, дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілетін дамыту.Оқушыларды сыпайылыққа, сыйластыққа, әдептілікке және ізгілікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, бейнетаспа,

І. Сабақтың басы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

ІІ. Сабақтың ортасы:

Тақырыппен таныстыру

«Жағдаят» ойыны

Балаларға диалог оқыту

Сергіту сәті

Топтық жұмыс. Шығармашылық жұмыс



ІІІ. Сабақтың соңы:

Әдептілік жайында мәлімет

Балалардың сабақ жайлы пікірі

Күлегештер арқылы бағалау

Балармен қоштасу
Сабақтың барысы:

I. Сабақтың басы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Көңіл күйлеріңіз қалай? Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмын. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймын. (Оқушылардың зейінін жинақтау)



2.Психологиялық дайындық:

- Балалар, « Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергенің» дегендей, қане балалар, бәріміз бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге амандасып, жылы сөздер айтайық.



II. Сабақтың ортасы:

1.Тақырыппен таныстыру:

Балалар, біз бүгін ұялы телефонмен қалай сөйлесу керектігін, достық жылы қарым-қатынас тақырыбында сөз қозғайтын боламыз.Адами қарым - қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады. Қазақ халқында амандасудың қазір түрлері көп.



Көрініс:

Олай болса, біз амандасудың мына түрлерін орындап көрейік: Ол үшін тақтаға маған 2 бала шыға қойсын:

-Сендер, «Оқушы мен мұғалімнің амандасуын» көрсететсіңдер. Келесі жұптар «Ата мен немеренің амандасуын» , «Ақсақал мен замандасының амандасуын», «Ұлдар мен қыздардың амандасуын» амандасуын сахналап көрсететін болады.
-Жарайсыңдар, балалар біз бұдан не ұқтық? Иә, дұрыс айтасыңдар әрқашан үлкен кіслермен де, өзіңмен қатарлас адамдармен де амандасып жүру керек екенбіз .

-Жақсы, балалар айта қойыңдаршы дос дегенді қалай түсінесіңдер? Сендердің достарың бар ма? Сен оған қиын жағдайда көмектесесін бе? Олардың саған көмектескен немесе көмектеспеген кездері болды ма? Ал, сендер тек қана достарыңмен ғана жақсы қарм-қатынаста болу дұрыс деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, балалар адам досы болсын, танысы болсын, тіпті бейтаныс адам болсын, дұрыс, сыпайы, жылы қарым-қатынаста болуы тиіс.

-Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстауы әдемі, сондай – ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл - қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.

-Ал, қазір мен сендермен мынадай ойын ойнағым келіп тұр.



2.«Жағдаят» ойыны
(Жағдаятты талдап, сұрақтарға жауап беріңдер)
1. Саян бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.
Саян әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?

2. Назым әп - әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп - нәзік, биязы бойжеткен көз алдыңызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айрылып жүре береді.


Назымға қандай кеңес берер едіңіз?

-Балалар, біз бұл жағдаяттарды шешу барысында қандай заттарды түсіндік? Қандай түсініктерді өзімізге қалыптастырдық?

-Жарайсыңдар! Балалар, айта қойыңдаршы қазір ұялы телефон бәрімізде бар, солай емес пе? Барлығымызда болмаса да, көпшілігімізде бар, иә? Ал, сендер сол ұялы телефонды дұрыс қолдану жолдарын білесіңдер ме? Олай болса, бір-бірімізбен телефонмен сөйлескендей сөйлесіп көрейікші. Бірақ, сендер белгілі бір кейіпкер ретінде сөйлесесіңдер.

3.Диалог:

1-Алло! Сәлеметсіз бе, апай!

2- Сәлеметсіз бе! Бұл кім?

1- Апай, мен Санжармын ғой. Жанатты телефонға шақырып жібересіз бе?

2- Өкінішке орай, Жанат үйде жоқ.

****
1-Алло! Сәлем, Арман!

2-Алло! Сәлем, Айдана!

1- Әпкеңді шақырып жіберші.

2- Қазір шақырамын.

****


1-Алло! Сәлеметсіз бе, ата!

2-Сәлеметсің бе, балам!

1-Қалыңыз қалай? Әжем екеуіңізді сағынып, қоңырау шалып тұрмын.

2-Рахмет, балам! Бізде барлығы жақсы, әжең де саған сәлем айтып жатыр.




-Досымызға не сыныптасымызға қоңырау шалып қалған жағдайда, оның анасы тұрқаны көтерне не дейміз ? (амандасамыз, содан соң досымызды шақыруын өтінеміз)

4.Сергіту сәті:

-Балалар, шаршаған боларсыңдар? Қанекей орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық. (іс-қимылдарды қайталау) Бейнетаспа:



5.Топтық жұмыс. Шығармашылық жұмыс:

-Балалар, біз парта бойынша 3 топқа бөлінеміз. Әр топқа мынада тапсырмалар беріледі. Дайындалуға 2 минут уақыт.



1 топ: Телефонмен сөйлесетін диалог құрастыру.

2 топ: Әр тілде амандасу көрсету.

3 топ: 2 достың әңгімесі.
III. Сабақтың соңы:

1.Әдептілік жайында мәлімет:
- Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол – әдептілік жолы. Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір - қасиеті арта түседі. Әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне баса назар аударады. Әдепті болу – адамды басқалармен жақсы қарым - қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады. Сендерге әдептілік жайлы мынадай бейнетаспа көрсеткім келеді.

Бейнетаспа:

2.Балалардың сабақ жайлы пікірі: Балалар, тақтаға шығып суреттер жайлы не ойлайсыңдар, айта қойыңдаршы. Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса, бас бармағымызды жоғары көтереміз, ұнамаған болса, төмен қаратамыз.

3.Күлегештер арқылы бағалау: Балалар сабаққа белсене қатысқандарың үшін сендерге күлегештер таратамын.
4.Балалармен қоштасу: Сабағымыз осымен аяқталды, сау болыңдар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет