Сабақтың тақырыбы: «Әдеп ережелері. Телефонмен сөйлесу, достық диалог, амандасу мәдениеті»



Дата16.05.2024
өлшемі40,5 Kb.
#202361
түріСабақ
Байланысты:
әдептілік


Күні: 
Пән: Тәрбие сағаты
Сынып: 
Мектеп:
Әдіскер: 
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: «Әдеп ережелері. Телефонмен сөйлесу, достық диалог, амандасу мәдениеті»
Сабақтың мақсаты:

  1. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;

  2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;

  3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет – нақылдар ( әдептілік туралы), тақырыптың аты, гүлдер.
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгінгі сынып сағатына сендерге мен беремін.
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері «Құлақ – мұрын»
Балалар шеңбермен тұрады. «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
ІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Әдеп ережелері. Яғни, біз бүгінгі сабақта әдептілік туралы толықтай ойымызды ортаға салып, қорытындылап отырамыз. Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Мысалы: уәде беріп оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді.Одан басқа адамдар қарым-қатынас жасаудан қашады.Оны сыйламайды.Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.Қазір сендер мектеп қабырғасында білім алып жатырсыңдар.Уақыт тез өтеді, ертең-ақ әрқайсысың үлкен азаматша боласыңдар.Бірің дәрігер, кәсіпкер, мұғалім, әнші, биші, енді бірің-елші боларсыңдар.Алайда, сендер ең әуелі нағыз азамат, жақсы адам болып өсулерің қажет.Бойларыңа мейірімділік, батылдық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, сыпайлылық сияқты асыл қасиеттерді сіңірулерің қажет.
Сұрақ-жауап
Сұрақтар таратылып береді. Жауаптарын қорытындылау:
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Мәтінмен жұмыс
Әдептілік
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.
- Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
«Құпия хаттарға» жауап беру
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады.
Хоттардың мазмұны:
1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат. Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
Тақтамен жұмыс
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
• Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
1.Асықпай іш тамақты, 2.Пышақты ұста оң қолмен,
Жалама аяқ табақты. Шанышқыны ұста сол қолмен.
3.Нанды үгітпе қадірле, 4.Салма аузыңа инені,
Қабығымен бәрін же. Үзбе жұлып түймені.
5.Ашуланбай долданып, 6.Көшеде жүріп бара жатып,
Жауап бергің ойланып. Тамақтануға болмайды.
«Жалғастыру ойыны»
«Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?»
Сабақтан...(кешігуге болмайды.) Үлкендерді..(сыйлау керек )
Амандасуды ( ұмытпа) Ата - ананың..(тілін алу керек )
Ысқыруға...(болмайды ) Оқу құралдарын (күтіп, таза ұстау тау ) Өзіңнен кішіні (ренжітпе )
Көлікте өзіңнен үлкен адамға... (орын беру.)
ІІІ. Қорытынды
Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар.
Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет