Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы



бет2/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Жоспары:

  1. Зерттеу әдістеріне сипаттама

  2. Зерттеудің бақылау әдісі




  1. Зерттеудің эксперимент әдісі

Әдебиеттері:

Жұмасова Қ.С. Психология: Оқулық – Астана: Фолиант, 2006 – 292 б С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б Қ.Жарықбаев. Жалпы психология.А.2002.


Балалар психологиясы, Мухина В.
Ғылым әр уақытта да жаңа деректермен толықтырып отырылмаса,дами алмайды. Егер де деректерді жинақтау үшін ғылыми негізделген әдістерді тек қана дұрыс

пайдалана білген уақытта ғана ғылымның дұрыс және жемісті дамуы мүмкін.Әдістерді негіздеу дегеніміз сол ғылымның әдіснамасы мен әдістерінің арасындағы байланысты қалыптастыру.Бұл жағдайды психологияға қолдданғанда психиканы философиялық тұрғыдан түсіну.Зерттеу әдістеріне оны құруға ұйымдастыруға және нәтижелерін талдауға негізгі талаптарды анықтайды.


Зерттеу әдісі әр уақытта да белгілі бір әдіснаманы бейнелейді.Психологиялық зерттеулердің обьективтілігіне қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:


1. Обьективтік психологиялық зерттеулер қағидасы зерттеу пәні ерекшеліктеріне тәуелді көптеген әдіснамалық құралдармен іске асады. Олар: психика,сана,ішкі және сыртқы көріністердің бірлігінде зерттеледі. Психологияның негізгі қағидаларының бірі- детерминизм қағидасын іске асыру психологиялық зерттеулерді обьективтік принципке сәйкес құру болып табылады.Обьективтік қағида адамды іс әрекет үрдісінде зертеуді талап етеді,сондықтан да адамның психикалық ерекшеліктерін оның қылықтары бойынша бағалауға болады.


Обьективтік қағида зерттеулерде қолданылатын әдістер және зерттеушінің көзқарасы алынған нәтижелерге әсер етпеуін талап етеді.





  1. Психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу. Психологиялық зерттеулерді құрудың негізгі қағидасы психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу болып табылады.Обьективтік дүние әруақытта қозғалыста және өзгерісте болады,сондықтан да оны бейнелеу өзгеріссіз,қозғалыссыз болуы мүмкін емес.

Егер де психикалық құбылыстар үздіксіз өзгеріп,дамып отырса,ондай жағдайда


жан-жақты байқауға бағытталған кез келген зерттеулерді құру міндетті түрде қарастыруы қажет. Психикалық құбылыстарды даму барысында зерттеуде адамдардың тек психикалық сапаларын анықтау жеткіліксіз,сонымен қатар психикасының қалыптасқан және қалыптасып келе жатқан жаңа ерекшеліктерін талап етеді.





  1. Жеке тұлғаны талдау жинақтау түрінде зерттеу әрбір адамның психологиялық келбетінде барлық адамдарға тән жалпылық,даралық қасиеттермен сипатталады.

Әрбір адамның бойында жеке тұлға ретінде жалпылық,ерекшелік және даралық


қасиеттердің болуы зерттеу жұмысын ұйымдастыруға талдау жинақтау қағидасын басшылыққа алуды қажет етеді.Күнделікті өмірдің әртүрлілігіне қарамастан,әрбір адам өзіне тән даралық психикалық қасиетін сол күйінде сақтайды. Осы жағдай жеке тұлғаны талдау жинақтау тұрғысынан зерттеу жеке тұлғаны әртүрлі өмір жағдайлары мен іс әрекетте психиканың элементтерін тануға көмектеседі,ал жинақтау барлық жекелеген құбылыстардың өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді.


Жеке тұлғаның психологиялық үрдістерін,дара психологиялық ерекшеліктерін


зерттей отырып,психология әртүрлі зерттеу әдістерін қолданады.
Психиканы обьективтік тұрғыдан зерттеу жоғарғы жүйке қызметінің
физиологиялық заңдарын білуді ұсынады. Психологияның әдістері психикалық

құбылыстарды зерттеуге обьективтік тұғыдан қарауды қамтамасыз ету ғана емес,сонымен


қатар төмендегі сұрақтарға жауап беруі қажет:жеке тұлғаның психикалық үдерістері мен қасиеттері не үшін және қалай пайда болады,дамиды және өзгерістерге ұшырайды?

Психология әдістері тәжірибемен тығыз байланысты болуы қажет,демек,практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалы.


Адам психикасының дамуын зерттеу күрделі мәселе, оның өзінің ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер төмендегідей принциптерге бағынады:


Ізігілік принципі. Жеті жасқа дейін баланың психикасына сыртқы жағымсыз ықпалдар әсер етеді, сондықтан да зерттеу барысы ізгілік принциптеріне негізделуі тиіс. Психолог немесе зерттеуші баланың мінез-құлқының ауытқуының шынайы себебін анықтайды.


Тиімділік және ғылымилық принциптері. Аталған принциптер психикалық дамуды, оның механизмдерін, заңдылықтарын балалар психологиясы тұрғысынан қарастырады. Тиімділік пен ғылымилық принциптері мектеп жасына дейінгі баланың толыққанды адам екенін, яғни әлемге өзінің көзқарасы барын, ойлау ерекшелігін ескергені дұрыс. Адамның ішкі әлемінің дамуын түсіну үшін зерттеуші арнайы психологиялық білім, ұғымдар, психология ғылымының негізгі идеяларымен қарулануы тиіс.


Детерминизм принципі психикалық функциялар мен қасиеттердің қалыптасуы, сонымен қатар олардың ішкі және сыртқы себептермен байланысының ерекшеліктеріне негізделеді. Бұл себептер баланың өмір сүру ортасы, тәрбиесі, ересектермен, өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы, әрекеті мен белсенділігінің ерекшелігіне байланысты болады. Зерттеуші бала бойында пайда болған мінез-құлқындағы өзгерістің ненің салдарынан болғанын анықтап, түсіндіре алуы керек.


Әрекеттегі психика, сананың дамуы принциптері. Бұл принциптер бала әрекетінің психикасының көрінуі мен дамуының шарты болып табылады. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі баланың психикалық ерекшеліктерін зерттеу үшін қажетті әрекет түрлерін ұйымдастыру қажет.


Сана мен әрекет бірлігі принципі. С.Л.Рубинштейн ұсынған бұл принцип сана мен әрекеттің өзара ықпалын білдіреді. Бір жағынан, сана әрекет барысында оған жетекшілік жасай отырып қалыптасса, екінші жағынан әрекет жаңа әрекет түрлерін меңгеру оның санасын өзгертеді. Сөйтіп, баланың мінез-құлқын қылықтарына талдау жасау арқылы түсінуге болады.


Жеке жас және тұлғалық ерекшеліктерді ескеру принципі. Психиканың дамуының жалпы заңдары әрбір баланың даму ерекшелігінің басқалармен бір дәрежеде, деңгейде болғанымен, өзінің ерекшеліктері болатынын білдіреді.


Кешенділік, жүйелік пен мерзімдік принциптері. Бір зерттеу арқылы баланы әр қырынан танып-білу мүмкін емес. Сондықтан, баланы бір қырынан ғана емес, кешенді түрде әр мезгілде даму ерекшелігін жүйелі түрде қарастыру керек.


2 Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістеріне бақылау, эксперимент, әңгіме және балалар әрекетінің өнімін талдау жатады. Аталған әдістердің ішіндегі бастысы бақылау әдісі болып табылады.


Бақылау психологиялық фактілерді мақсатты бағытталған қабылдау мен фиксацияны білдіреді. Кез-келген бақылаудың алдына мақсат қойылады. Бақылауды бастамас бұрын оны жүргізу схемасы жасалады, жасалған схема алынған мәліметтерді дұрыс талқфлауға көмектеседі. Бақылау барысында зерттеуші баланың табиғи әрекетін көре алады. Бұл бала тұлғасы туралы шынайы нәтиже алуға көмектеседі. Бақылау шынайылығы үш шартты сақтау барысында анықталады.





  1. Бала өзінің зерттеу нысаны екенін білмеуі тиіс.

  2. Зерттеу жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.




  1. Зерттеушінің балаға деген ешқандай жағымды немесе жағымсыз қарым-қатынасы болмауы керек.

Бақылау барысы хаттамаға сипатталып жазылады. Сипаттама түрінде жазылған бақылау хаттамасы математикалық әдістер арқылы өңдеуге қиындық туғызады. Сонымен


қатар, бір мезгілде бір ғана баланы бақылауға болатындықтан, тез арада көп материал жинап алу мүмкін емес. Бақылау кезінде ересектерге бала әрекетіне кірісуге, психикалық құбылысты тудыруына болмайды.

Бақылаудың бірнеше түрі бар:



  • толық бақылау;

  • жартылай бақылау;

  • тікелей;

  • жанама.

Толық бақылау барысында барлық психикалық көріністер зерттеледі, жартылай бақылауда тек бір психикалық дамудың бір түрі ғана қарастырылады. Тікелей бақылау кезінде зерттеуші өзі қатысады, балалармен қарым-қатынасқа түсе алады, ал жанама бақылау сырттай бақылау арқылы жүргізіледі.





  1. Психологияның негізгі әдістерінің бірі-эксперимент.

Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса,ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайды жасайды.Сөйте отырп,эксперименттер оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілердің бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырп эксперименттер зерттелушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.


Эксперименттер барысында арнаулы құралдар мен аппартатардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады,мәселен,жауап беру,оқу,еңбек дағдыларының қалыптасу жылдамдығы.


Психологияда екі түрлі эксперимнет қолданылады: зертханалық және табиғи Зертханалық эксперисент арнайы ұйымдастырылып,құралдар мен аспаптарды


қолдану арқылы жүргізіледі.Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерін физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше.Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады,ең алдымен


түйсіктер қабылдау,ес зерттеледі. Мәмелен,қабылдаудың жылдамдығы,зейіннің көлемі,жылдамдығы,зейіннің көлемі,ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистаскоп сиякты құралдар көмегі пайдаланылады.Эксперимент дегеніміз не ? Эксперимент- бұл себеп-салдарлық байланысты зерттеу мақсатындағы зерттеушілік қызмет болып табылады.Ол төмендегіше іске асады:


1.Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әсер етеді



  1. Экспериментті жүргізушіні өтіп жатқан құбылыстың шартын өзгертуі мүмкін.

3.Экспериментте оның нәтижесін бірнеше рет қайталап жаңғыртуға мүмкіншілігі болады.





  1. Нәтижесінде экспериментті сандық заңдылықтарын математикалық амалдарын айқындалады.

Эксперимент психологияның әдісі ретінде психофизиканың және


психофизиологияның саласында пайда болды және психологияда кеңінен таралды.
Зертханалық экспериментте қарсы үш түрлі пікір
қалыптасты:біріншіден,эксперименттің жасандылығы атап

көрсетілді,екіншіден,сараптамалық сипаты, үшіншіден, эксперименттің абстрактылығы, экспериментаторға қиындық туғызуы.


Табиғи эксперимнттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс әрекетінің мазмұны сақталады,зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады.Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы және екіншісінің белсенділігі.Бақылау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент деп аталады.Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы А.Ф Лазурский болды. Оның негізгі мақсаты-зерттеудің экспериментальдық сипатын табиғилық жағдайлармен ұштастыру.


Психологиялық-педагогикалық зерттеу міндеттерін шешетін эксперментті психологиялық-педагогикалық эксперимент деп атайды.

Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады.Өзіндік ерекшелігі мынандай: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі,сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимет үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады.Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылырдың бірі В.В Давыдов эквперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді,тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді.Демек,қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытудың экспериментальдық дамытушы әдісі болып табылады


2 Ми және психика. Психика құрылымы


Жоспар



    1. Психика қызметтері




    1. Психикалық үдерістерді топтастыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет